Поурочный план по казахскому языку Ата-заңым айбыным

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сарқан ауданы

Сарқан қаласы

№1мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Н.Ахметжанова

Тақырыбы: «Ата заңым - айбыным»

Сабақтың мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.

Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Байқау-сабақ

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары

Сабақ барысы І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ. Ой қозғау Кіріспе.

Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.

Ата Заң Ата Заңым,

Алтын Заңым - ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда - Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда - Күш - қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн. (Балалардың жауабы тыңдалады)

1.Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым - Отанымның түлегісің.
Іргесін туған елдің тіреп тұрған,
Қадірін Ата заңның білемісің?

2.Ешкімде мін таға алмас елдігіме,
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де.

3.Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан - саласын реттейтін,
Әрбір заң Ата заңнан туындаған.

4.Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері,
«Халқыма адалмын» деп, Ата заңға
Елбасы қолын қойып ант береді!

ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)

Конституция туралы не білесіңдер?

ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар» Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция - барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары - басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Конституция дегеніміз - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституция - елдің басты саяси құқық құжаты.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру

1 - бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7 - бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

27 - бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 - бап Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)

Сұрақ-жауап

1.«Конституция» сөзінің аудармасы қалай?
(Латынның «constitution» құрылым, өкілім);
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)

6. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
(Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы
туралы заң т. б.)
7. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
VІ. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну - тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы - бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.


© 2010-2022