Сабақтың тақырыбы: ЕҢБЕК-ӨМІР МӘНІ

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп№2

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Сыныбы: 9-сыныптар

Тақырып: №8

Сабақтың тақырыбы: ЕҢБЕК-ӨМІР МӘНІ

Құндылық: Ерік-жігер, күш-қуат, сана-сезім. Қасиеттер: Рухани- адамгершілік қасиеттерге ұмтылыу,ізгілік

Мұғалім:Кемеева З.С

Сабақ мақсаты: оқушылардың еңбек, шығармашылық түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;

-еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

ӨӨТ.Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. Алматы«Бөбек»ҰҒПББСО.2010

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті, жай музыка, нүрға болену.

Үй тапсырмасы АҢЫЗ

Сабақтың барысын талдау:

Релаксация жүргізу, жай музыка пайдалану.

Үйден оқып келу.

Әңгімелесу

1. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

2.Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?

3.Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?

4.Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

5.Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

Оқушылар дәптерге жазады

Сүраққа жауап береді.

Дәйексөз.

«Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздык, жігерсіздік, ұятсыздык, кедейлік-бәрі осыдан шығады»

«Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талап та, ешбір кемеңгер де шықпайды»,

Оқушылырдың мағанасын түсіндіру, пікірін тыңдау. Дәптерге жазу

Д.И.Менделеев

Жағдаятты оқып, жалғастырыңыз:

Нұржан мен Болат 9-сыныпта бірге оқитын. Екеуі бүгіннен бастап, ұлттық тестілеу сұрақтарына дайындықты бастайтын болып келіскен. Бірақ Нұржан үйге келген соң Болатқа бара алмайтынын айтып, телефон шалды. Болат себебін сұрағанда, Нұржан:-Әлі де уаұыт бар емес пе, үлгіреміз ғой,-деді. Болат.....

Нұржанның әрекетін қалай түсіндірер едіңіз?

Өздерің Нұржан мен Болатқа қандай кеңес берер едіңіз?

Мысалдар арқылы дәектеңдер.

Тапсырма

«Мен бүгін:» «Адам көркі -еңбек»

Дәптерге орындау, әңгіме құрастырыңыз. Суретші ретінде сурет салыңыз.

Сабақты тиянақтау.Оқушылар өзін-өзі танудың адам өмірінде алатын орны туралы түсініктерін талдайды

Ой толғау

Соңғы тыныштық сәті.

Релаксация жүргізу, жай музыка пайдалану.



© 2010-2022