Сынып жиналысы Кітаптың пайдасы

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып жиналысы Кітаптың пайдасыСатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы:

Сынып жиналысы Кітаптың пайдасы

\4-сынып\

Сынып жиналысы

Өткізген :Қажимова М.М











Тақырыбы:Кітаптың пайдасы

мақсаты: 1. Кітаптың шығу тарихымен, оның адам баласына

пайдасы туралы және бүкіл ғылым мен техника кітап

арқылы өрістейтінін, білімнің бастауы екенін түсіндіру.

2.оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын,

рухани байлығын дамыту, өз елінің классиктерін

таныту.

3.мәдениеттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: плакатқа жазылған сөздер,слайд

Кітап - білім бұлағы. /М.Горький/

Оқу - инеменқұдыққазғандай. /мақал./

Оқу - білімбұлағы,

Білім - өміршырағы

Кітап - алтын қазына. /мақал./

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды үш топқа бөліп үш тапсырма берілді.

1) Бір сандық бар өзгеше,

Қасыңа алып жүресің.

Ішін ашып ақтарсаң

Өмір сынын білесің.

Ол не?

/Кітап./

2) Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған

Қанбайды адам құмары.

Ол не?

/Білім./

3)Сынаптай жылтырап,

Биіктен сырғиды.

Ән салып былдырлап

Іздейді ылдиды.

Ол не?

/Бұлақ./

Берілген жұмбақтың шешуі үш топтың аты болып, қолдарындағы қағазға жазып тақтаға іледі.

Кітап

Білім

Бұлақ

Осы сөздерарқылыбүгінгітәрбиесағатымыздыңтақырыбынанықтапаламыз.

І топ. "Кітап" тобы.

Кітап туралы өз түсініктерін баяндау.

ІІ топ. "Білім" тобы.

-Білім не үшін керек? Білімді жинауға не керек деген сауалдар төңірегінде әңгімелейді.

ІІІ топ. "Бұлақ" тобы.

Бұлақтың пайдасы, оның осы тәрбие сағатына қандай қатысы бар екенін дәлелдейді.

ІІ. оқушылардың білімділігін байқап көрейік:

"Кітап - білім бұлағы". Олай болса,

Қазақстанның көлдерінің, тауларының, қалаларының суретін көрсетіп, тапқызу.

Күн, азамат, кітап, білім, бұлақ, оқушы, жер, халық, арман деп жазылған сөздерді көрсету арқылы әңгімелету.

Қазақстанда өсетін өсімдіктердің түрлерін ата. т.б.

ІІІ.Мақал-мәтел жарысы.

1-оқушы:

Кітап - адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді.

2-оқушы:

Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір азаматы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие алады. Кітап - біздің рухани жан азығымыз.

Ә.Асылбеков "Оқушы мен кітап" - өлеңі оқылады.

ІҮ."Алған әсерім" оқушылар жазбаша өткізеді.

Қорытынды сөз:

Міне, балалар, кітаптың пайдасы, оны күтіп ұстаудың тиімділігі, кітаптың шығу тарихы туралы сөз қозғадық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің барлық балаларының оқып, білім алуы, олардың оқулықпен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлді. Сондықтан да "Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ" - деген аталы сөздің мән, мағынасын түсінуіміз керек.



© 2010-2022