Сценарий по мини центру на тему Наурыз мерекесі

«Балапан» шағын орталығы Мерғалым ауылы 2015 жМақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру: ұлттық киімдер, ойындар , тағамдар туралы білімдерін кеңейту. Ұлтымыздың дәстүрлерін , мерекелерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Хош келдіңіздер ата-аналар , қонақтар , балалар !!! Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз !!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұянызга тыныштык және бакыт тілейміз табыстарыңызга...
Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сценарий по мини центру на тему Наурыз мерекесіСценарий по мини центру на тему Наурыз мерекесіСценарий по мини центру на тему Наурыз мерекесіСценарий по мини центру на тему Наурыз мерекесі«Балапан» шағын орталығы



































Мерғалым ауылы 2015 ж



Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру: ұлттық киімдер, ойындар , тағамдар туралы білімдерін кеңейту. Ұлтымыздың дәстүрлерін , мерекелерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.





Жүргізуші: Хош келдіңіздер ата-аналар , қонақтар , балалар !!! Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз !!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұянызга тыныштык және бакыт тілейміз табыстарыңызга жұмыстарыңызга жеміс тілейміз!

Жүргізуші: Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз,арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын ! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын !

Жүргізуші: Балалардың Наурыз мейрамына арнаған мерекелік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз !

Жүргізуші: Наурыз келсе , құт келгені халайық !

Есік ашып , шашу шашып ,

Ел боп қарсы алайық.

Той пернесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойындар,

Бұдан кейін ойын бар. ( шашу шашылады)

Жүргізуші: Бақыт тілеп жолдастарға,

Жаңа жылды қарсы алайық.

Ақ көңілмен , ақ тілекпен ,

Асқақтата ән салайық.

Балалардың орындауында ән : « Наурыз тойы»

Жүргізуші: Балалар білесіңдерме ? Наурыз тойының өзіне тән улкен ырым асы-Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық , молшылық , татымды өмір болсын деген ырымды , тілекті паш етеді.

Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады.Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

Сондықтан да, тойшылар бір-біріне « ақ мол болсын» , «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қадыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп ,жақсылық шашады екен.

-Балалар ,бізге Қадыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсейік қайтеді ?

Тапсырмалар: 1) -Дүниеде не тәтті? Не жұмсақ ?

-Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер ?

Малды теппе - Ақты төкпе - Отты шашпа- Күлді баспа- Бүйіріңді таянба-Жағыңды таянба - Бос бесікті тербетпе - Бесікті ашық қалдырма

2) Жеті атанды ата.

Әке, бала, немере , шөбере , шөпшек , немене , туажат.

3)Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Айран , сүт, ірімшік , құрт,қатық,шұбат, қымыз,қаймақ,май, іркіт т.б.

4)Ұлттық ойындарды ата.

«Алтыбақан», «Қыз құу», «Көкпар», «Бәйге», «Тоғызқұмалақ», «Ақсүйек», « Арқан тарту» т.б.

Жүргізуші: Отыз күн мен, отыз түн,

Жібек тойы тойлансын.

Жиналған халық құанып

Арқан тарту ойналсын !

Ұлттық ойын : «Арқан тарту»

Жүргізуші : Ән салайық келіңдер,

Жырдан моншақ теріңдер.

Көтерейік көңілді,

Мың бұралып билеңдер!

Султанов Аңсар, Әлжан Әлем және Алишева Назеркенің орындауында би «Қара жорға»

Қазақтын салт-дәстүрі « Тұсау кесу

Аламан болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін.

Қас батырдай көрікті,

Ғұмыры болсын берікті.

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын салмақты,

Өнері болсын жан-жақты.

Осы айтқанның бәрі қабыл болып,

Тәңірім берсін зор бақыт !!!

Сахналау « Бауырсақ ертегісі»

Жүргізуші : Таң шапағын қарсы алып наурызда,

Құт -береке тілейміз аулымызға.

Ұлыстың Ұлы күнінде ән жолдайды,

Ортамызға шақырамыз қошеметпен,

Назерке сәнді әншімізді.

Алишева Назеркенің орындауында ән « Бала тілегі»

Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар бүгінгі салтанатты мерекемізбен құттықтауға шетелден келген қонақтарымызды қарсы алайық !

Бірінші қонақтарымыз - Ресей Республикасынан келген « Матрёшкалар тобы».

Матрешкалар тобын қошеметпен қарсы алайық.

Би « Матрешкалар биі» ( Оразбек Аяулым, Қожахан Інжу, Кондратьева Алина)

Келесі қонақтарымыз Корея халқы Республикасының тұрғындары өз билерін назарыңызға ұсынады. Қарсы алыңыздар !

Би «PSY-Gentleman» ( Әлжан Әлем, Темірболат Ислам, Темірболат Темірлан)

Келесі құттықтау Саудовская Аравия Республикасынан келген қонақтарымызды қарсы алайық !

Би «Bellydance» - Арабская музыка ( Султанов Аңсар, Қаиса Данеля, Умарова Аделя)

Ақырғы қонақтарымыз сонау Африкадан келген папуастарды қарсы алайық !!!

Би « Мадагаскар» ( Зайров Мансур, Жунусова Диана, Жумажанов Рахим, Қанатқызы Аружан)

Тәрбиеші: Қонақтарымыз қандай тамаша !!!

Ұлттық ойын « Қыз құу»

Мазмұны: Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды ( ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.

Тәрбиеші : Наурыз күні бар үйлерде дастарқан жайылып тұрады. Осы күні адамдар қазақ ұлтының тағамдарын әзірлеп, қонақтарды қарсы алады.

-Сіздерді Ұлыстың ұлы күніне дайындаған дастарқанға шақырамыз !

«Тойбастар» салт дәстүрін өткізу.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын !

Әумин!


© 2010-2022