Тәрбие сағаты Адамзаттағы ғажайып нұр

Мақсаты:   Пікірсайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдеп, өз                        бетінше ойлай білуге дағдыландыру,                     оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір                           заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу,                         жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.                         Оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ                           болып жұмыс істеуге дағдыландыру.       Сабақтың әдісі:  сұрақ – жауап, түсіндіру, ой...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Адамзаттағы ғажайып нұр»

Мақсаты: Пікірсайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдеп, өз

бетінше ойлай білуге дағдыландыру,

оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір

заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу,

жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.

Оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ

болып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой толғау.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, интерактитік

Тақта

Тәрбие сағатының барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты екі топқа бөлемін. 1. «Мәдениет». 2. «Парасат».

Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Оқушылар, адамгершілік дегеніміз не......

Адамгершілік - қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым - қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін - бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.

Нәпсі деген не?

Нәпсі - адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.

Жаман қасиеттерге нелер жатады?

Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ - шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер - жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.

Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.

Әдептілік - өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді, басқа біреудің уайым - қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі

Мәдениетті адам деп айта салу оңай екен де, ал ол туралы ой қозғау оңай шаруа емес екен. Шын мәнінде мәдениетті адам деп кімді айтамыз? (Бәріміз ойлана отырайық)

Тақтадағы Ә.Марғұланның нақыл сөзін оқимын.

Жан-жақты ойлап сарапқа салар болсақ, Мәдениетті адам деген ұғымның шарттары көп екен. Олай болса, мәдениетті адам деп кімді, қандай адамды ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

  1. Сонымен ең әуелі мәдениетті адам деп -оқыған арнайы білімі бар адамды айтады екенбіз.

(Топтастыру стратегиясы бойынша сызбаны бастайды)

/Тәрбие сағаты Адамзаттағы ғажайып нұр

  1. Біліміне сай ақыл-парасат болу керек.

  2. Білімі мен ақылына сай биязы мінез керек.Ұлы Абай «Мінез-ақылдың сауаты»- дейді. Яғни, біліммен ақылды ұстап тұратын, оған мән-мағына беретін ұстамды, байсалды әрі жайдары мінез адамды көріктендірмек.

  3. -Ана тілінде дұрыс сөйлей алмайтын адамды біз мәдениетті адам дейміз бе?

-Жоқ, әрине. Олай болса, мәдениетті адам ана тілінде таза, мәнерлі, жүйелі сөйлеуі керек.

5. Ұлы Абайдың 38-ші қара сөзінде: «Қашан баланың ғылым-білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды, оның адам болғанына үш түрлі нәрсе себеп болады: 1. Жақсы ата-ана. 2. Жақсы ұстаз. 3. Жақсы құрбы-құрдас»,-дейді. Яғни, ата-ананың тәрбиесін алған, жақсы ұстаздың өнегесін көрген, жақсы досы бар адам мәдениетті адам болып қалыптасады.

6. Ізгілік пен жылы жүректен туатын-адамгершілік.

7. Эстетикалық талғам.

8. Айтқан сөзде тұру.

9. Уақытты бағалау керек. Өз сөзін тыңдата білу, өзі кісіні тыңдай білу. Абай: «Тіліңді алмас, құлағын салмас, көп наданнан түңілдім»,- дейді.

10. Көзі ашық, көкірегі ояу дегенге қалай түсінесіңдер? (теледидар, радио, газет т.б.)

11. Көркем әдебиетке құмар.

12. Өнерді сүю, қадірлеу.

13. Шеберлік.

14. Спортпен айналысу.

Адамның мәдениеттілігінің барлық қырлары отбасындағы тұрмыс-күйінде, береке-бірлігінде.

  1. Сонымен, балалар, мәдениетті адам деген кім, қандай адам?Сұраққа жауапты таптық. Адам бойында ізгілік пен жылы жүректен туатын не дедік?

-Әрине, адамгершілік. Олай болса, «Адамгершілік» деген сөзжұмбақты шешейік. (Топтық сайыс)

3. Мәдениетті адам қандай адам екенін біз білдік. Ұлы Абай атамыз Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, не болмаса айына бір өзіңнен-өзің есеп ал»- дейді. Олай болса, біз өзімізден-өзіміз есеп алайық. (Кесте толтырады өзін-өзі зерттеу)

4. Балалар, адам мәселесіне сөз қозғағанда біз Абайды айтпай кетпейміз. Солай ма? Өйткені, адамның бойындағы барлық қасиеттер ақын өлеңдерінде, қара сөздерінде кездеседі. Ал, адам тәрбиесіне келсек, Ыбырай Алтынсариннен айналып кете алмаймыз. Неге?(Оқушылардың ойын тыңдаймын)

Қазір мен Ы.Алтынсариннің Лұқпан Хакім мен хан атты әңгімесін оқимын. Тыңдаңдар.(Әңгімені талдаймыз)

  1. Балаларға қағаз таратып, әңгіме жаздыртамын. «Мен қандаймын?»

Абайдың Сегіз аяқ өлеңін оқимын.

  1. Пікірсайыс кезінде топ өз жұмыстарын бағалайды. Топ жетекшілеріне бағалау парағын берем. Оқушылардың еңбегін топ жетекшісі бағалап, айтып өтеді.

Ақын бол, болма-өз еркің,

Ал азамат болу- міндетің,- деп Н.А.Некрасов айтқандай, барлығыңызға Отанымыздың мәдениетті азаматы болуларыңа тілектеспін.










Лұқпан Хакім мен хан

Ғалымдық, емшілігімен Лұқпан Хакім халық ішінде беделді бола бастайды. Шешек ауруына қарсы балаларды егіп, ел ішіндегі неше алуан аурулардуң дауасын табады. Хан өзінен беделі асып бара жатқан Лұқпан Хакімді шақыртып алып:/ «Елге сиқыр оқуын жайып аздырып барасың, бұл ісіңді доғар!»- деп, айып салады. Лұқпан Хакім болса, дәрігерлік ғылым туралы ханға қанша түсіндірсе де, ол үкімінен айнымайды. Лұқпан Хакім әділетсіз ханға қарсы келеді. Хан оны зынданға тастатады. Лұқпан Хакім жеті жыл жатады. /

Озбыр хан бірде жылқының жілігінің майын қомағайлана сорып отырғанда, тамағына сүйектің жарықшағы тұрып қалады. Ханның уәзірлері көздері алақандай болып, әбден қорқады. Дүниенің төрт бұрышынан жинаған бақсы-балгерлер ауруға ем таба алмайды. /

Хан барған сайын тынысы тарылып, өлуге айналады.

Жалғыз ұрттам қара суды жұтуға зар болады.

Өмірінің соншалықты қымбат екенін сонда ғана сезіп-білген хан уәзірлеріне: «Бұдан жеті жыл бұрын елді қорасанға қарсы егіп жүрген Лұқпан Хакімді жазалап, зынданға тастатып едім. Менің ауруымның емін сол табар. Барып алып келіңдер»,- деп бұйырады. /

Хан нөкерлері Лұқпан Хакімді зынланнан алып шықса, сақал-мұрты ағарып кеткен, кірпігі зорға қимылдайды. Емші аздап сусын жұтып барып тілге келеді./

-Неге мені шақырдың? Жеті жылдан бері талай жас қыршынынан қиылып, ауруға ем таба алмай арманда өтті ғой. Сен солардан артықпысың?-дейді ол ханға./

Бұрынғы сән-салтанатынан айырылып, мүсәпірге айналған хан көзінен жас парлап, сөйлеуге тілі келмей, басын иіп, Лұқпан Хакімнің аяғын құшады./

Ауруға әрдайым аяушылықпен қарап, ем жасауды еншім деп есептейтін Лұқпан Хакім амалсыз сырқатқа жақындайды.

Лұқпан Хакім ханға : «Сенің дертіңнің емі өте ауыр. Ол үшін жалғыз ұлыңның қанын жағыңа жақсаң ғана жазыласың»,-дейді. /Хан баласын екі күндей қимай қиналады. Үшінші күні шыдай алмай, емшінің айтқанына көніп, келісім береді.

Лұқпан Хакім ханның көзінше баланы оң жақтағы құрулы шымылдық ішіне кіргізелі.Балаға сыбырлап: «Сен қорықпа, мен қағазды қанжармен дар еткіземін, сен өтірік тыпырлаған бол. Сонда әкең қайғырып «аһ» десе, жара аузы жарылып, жазылады»,-деп түсіндіреді. Лұқпан Хакім қағазды дар еткізіп жыртады да, хан: «Аһ, опасыз дүние-ай!»,-деп, қатты жөтеліп қалғанда, қадалған сүйек қанды іріңмен бірге атқып шығады.

Лұқпан Хакім ханды емдеп жазып: «Балаң аман, сені қатты «аһ» дегізудің амалына істелген айла еді»,-деп баласын көрсетеді. Хан қуанғаннан жылап жіберіпті де, астындағы тағын, ат басындай алтын ұсыныпты.

Лұқпан Хакім: «Тағың өзіңе, алтыныңды да алмаймын. Маған бұдан былай халқымды емдеуге рұқсат ет»,-депті.

Хан ризалығын беріпті.




Пікірталас кезінде өз жұмысын бағалау үлгісі

Топтың аты Пән -Тәрбие сағаты

Күні

Өзіңіздің тобыңызды бағалау өлшемін қолданып, әр бөлімінде бағалаңыз.

Қатысушылардың аттары

Әр топ мүшесіне 0,1,2,3 деген баға



ЖҚҮ


БЖУ


ТТБ


Барлығы

  1. Жұмысқа құнды үлес қосты:

0-аз ғана пайдалы үлес қосты.

1-Біраз пайдалы үлес қосты.

2-Бірнеше пайдалы үлес қосты

3-Топтың жақсы жұмыс істеуіне үлкен үлес қосты.


  1. Бірігіп жұмыс істеу:0-Топ ережелерін білмейтіндей болып көрінді.

1. Топ ережелерінің біразын ғана білетін сияқты.

2-Бірнеше рет ережелерді бұзды.

3Ережелерді бұзбайды.


  1. Тек тапсырма бойынша жұмыс істеу:

  1. Тақырыпқа жатпайтын нәрселер жайлы сөйлеуге көп уақыт бөлді.

  2. Тақырыпқа жатпайтын нәрселер жайлы сөйлеуге біраз уақыт бөлді.

  3. Тапсырманы аяқтауға көп уақыт бөлді.

3- Уақыттың көбін тапсырманы аяқтауға немесе басқаларды солай жасауға ынталандырды.

Қосымша пікір: (Жеке жетістіктер)

Топ жетекшісінің қолы:

«Ситуациялық сұрақтар»


  1. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың

шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты - жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?


  1. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып

жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?

Мектептегі әдептілікке нелер жатады?

Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б жатады.

Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір -бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?

Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабып шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.

«Ситуациялық сұрақтар»


  1. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін

өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

«Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.


  1. Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы

сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?

«Ұрлық түбі - қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.

Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер. Бойында ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Міне, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Ешқашан да адамгершілік қасиетімізден арылмайық.

















© 2010-2022