Разработка урока

Сабақтың мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін                                                                             Толықтыру; іс жүзінде асыра білуге үйрету;                                    Жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын дамыту,                                    Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге                                    Тәрбиелеу.            Көрнекілігі: Интерактивті тақта                                               Сабақ барысы   1.    Жазда қалай демалдыңдар? -         Қай қалаларға бардыңдар? -         Көшелері қандай екен? -         Ал біз Қазақстан республикасының әдемі, сұлу, үлкен қалаларының бірінде тұрамыз. Біздің қаламызда көшелер көп, көшелердегі машиналар да көп. Қазір біздің көшелеріміздгі жаңа, неғұрлым шапшаң жүретін автомобильдер жылдан -жылға көбейіп келеді. Жаяушылар қатары да көбеюде. Жолда жүру қауіпсіздігінің негізгі шарттарының бірі-көшелер мен жолдардың заңы - жолда жүру ережелерін білу және дәлме – дәл орындау. 1 оқушы: Шуақты  өміріміз күндей күліп,                  Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.                  Арманға сапар тарту мүмкін емес,                  Жол  жүру ережесін білмей тұрып.   2 оқушы: Қай көше, қай  қалаға барсаңыз да,                  Қай  ақыл өлшеміне  салсаңыз да.                  Жол  жүру  ережесі- заңды  тәртіп,                  Ол  ортақ  үлкен-кіші,  баршамызға.                   Басталар  әр  қадамың  аттауменен,                   Жол  жүру  ережесін  сақтауменен.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін

Толықтыру; іс жүзінде асыра білуге үйрету;

Жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын дамыту,

Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге

Тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақ барысы


  1. Жазда қалай демалдыңдар?

  • Қай қалаларға бардыңдар?

  • Көшелері қандай екен?

  • Ал біз Қазақстан республикасының әдемі, сұлу, үлкен қалаларының бірінде тұрамыз. Біздің қаламызда көшелер көп, көшелердегі машиналар да көп. Қазір біздің көшелеріміздгі жаңа, неғұрлым шапшаң жүретін автомобильдер жылдан -жылға көбейіп келеді. Жаяушылар қатары да көбеюде. Жолда жүру қауіпсіздігінің негізгі шарттарының бірі-көшелер мен жолдардың заңы - жолда жүру ережелерін білу және дәлме - дәл орындау.

1 оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

2 оқушы: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі- заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

Жұмбақ жасыру.

Қызыл, сары, жасыл

Бір өзінде үш от.

Қызыл жанса, тоқта.

Жасыл жанса, тез өт.

  • Бағдаршамның қандай түрлері бар? Екі және үш секциялы бағдаршам болады.Бірі- адамдарға арналған, екіншісі- көліктерге арналған. Біздің қаламызда көпшілігі- үш секциялы бағдаршам орнатылған.

  1. оқушы:Бос өткізіп әр күнін,

Көшенің көп тәртібін.

Үйренбеген салақтар,

Үйден шықса алақтар.

5 оқушы Табамын деп төтені

Қиып отпе көшені.

Түсін мұны қатем деп

Түсін мұны қатер деп.

  • Ал егер көшеде жүру тәртібін бұзсаңдар, онда мына суреттегідей тек өздерің ғана зардап шекпей, сонымен бірге бірнеше машиналарды соқтырасыңдар.

6 оқушы Машинаға жоламай

Жүретін бір жол оңай.

Тротуар болады.

Бұл қосады көңілге

Жүрсең жайбарақат

Ереін басу рақат.

  • Тротуар немесе жаяу жүргінші жолында жүргенде әрқашан

оң жағында жүру керек.Әрі ешқашан көңіліңді басқа

нәрсеге аударуға болмайды.Не болуы мүмкін?

  1. оқушы Велосипед деме жуас ат

Ешкім оны тепкен жоқ туа сап.

Алға қара, сенімді бол қолыңа,

Сонда сенің тосқауыл жоқ жолыңа.

-Қалай ойлайсыңдар, қай жерлерде велосипед тебуге болады?

8 оқушы Футбол жақсы ойын болып саналар,

Стадионда ойнасаң тек, балалар.

Көшеде доппен ойнама,

Қатерге басты байлама.

Бағдаршам: Тұрмын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрніп түнде де жырақтан.

Тыйм салу белгісі: Қызыл сызық көлденең

Тұра қалар жолға кеп,

Қателікке апарар

Кім жолға аяқ баса олар.

Бұл « тыйым »салатын

Белгілер деп аталар.

Сақтандыру белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіпті сақ бол деп,

Сәт-сапар жолдаған,

Аман-сау жүреді жаяу да,көлікте

Мен берген белгіні сқтанған,қолданған

Міндеттеу белгісі: Белгімін көрсетер,жылдамдық,бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолында,

Абай бол, шартымды міндетті орында.

Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн-үнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күдіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Ойын « Бағдаршам »

-Мен жасыл шарды көрсеткенде, сендер аяқтарыңмен жүрген боласыңдар. Сары шарды көрсеткен де, қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Ал қызыл жанғанда, қимылысың отырасыңдар.


  1. оқушы Жасама әсте ағатық ,

Аялдай тұр тағат қып.

Мынау белгі « тақта » деп

Тұрады ылғи тағат қып.

Байқап жүрсең байыпты,

Болмайсың еш айыпты.

10 оқушы Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ, өзіңе жол сілтер.

Кідірме абыржып онда аса,

Сенгйсің өзіңнің көзіңе.

11 оқушы Көшеде ортаға жеткенше,

Әдемі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойының сал сол жақтан оң жаққа.

12 оқушы « Мен білем бәрін, мен!» деш,

Отырған жоқсың бөлмеде.

Машина өтіп кеткесін,

Жолаушы алға бектесін.

-Енді осы жолдар жүру ережелерін қалай иеңгергендеріңді текскрейік. Үш топқа бөлінесіңдер.

I топ- Руль I топ- Бағдаршам III топ-Радар

Жұмбақтар сайысы:

1топ- Үлкен - үлкен қалаларда жүреді,

Табаны темір, төбесінде жүреді

( Трамвай )

2топ- Жоқ өзінде бас та, ауыз да , құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

( Бағдаршам )

3топ- Көліктің қаншасын жанынан өткізді,

Іргеден басталып, алысқа жеткізді.

( Жол )

1топ- Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ тоқта, жүр дейді.

( Бағдаршам)

2топ- Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім.

( Велосипед )

3топ- Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді.

( Машина)

Сұрақ-жауап сайысы

1топ- Қандай жолда ойнауға болмайды?

- Қандай көлік түрлерін бағдаршамның қызыл жарығына

жүруге рұқсат етілген?

2топ- Қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды?

- Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілерімен

реттеледі?

3топ- Бағдаршам жоқ жерде көшенің екінші бетіне қалай өтеміз?

  • Көшедегі кездесоқ қауып-қатерден аман болу үшін нені

білуміз керек?

-Балалар, осы жол ережелерін үнемі есте сақтасаңдар, өздерің де,

жүргізуші де аман болады. Ал біз, ұстаздар және ата-аналарың сендердің аман-есен жүрулеріңе тілектеспіз.

Жыламасын аналар,

Барлығы: Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар!

Сақ жүрңндер көшөде.

Сыйлық беріледі.


© 2010-2022