Внеклассные мероприятия на тему: Қазақ хандығы-ел қорғаны

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внеклассные мероприятия на тему: Қазақ хандығы- ел қорғаныБекітемін

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

......................... Ғ.Д. Ткенбаева

«.....» ...................... 2015 жыл

№10 С.Мұқанов атындағы орта мектебі



Внеклассные мероприятия на тему: Қазақ хандығы- ел қорғаны


(Танымдық сағаты)

Сыныбы: 1 а, ә, б, в

Өткізген: сынып жетекшілер

Смағұлова Ұ, Тоқтарова М

Айтпанова З, Адиева Ж






2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Қазақ ханы-ел қорғаны»

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ

жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі: Танымдық сағаты

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, «Джиксо» әдісі;

Көрнекі- құралдар: Суреттер, нақыл сөздер, таныстырылым (презентация).

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру

- ҚР Гимнін салтанатты түрде орындау;

- Тәрбиелік шараның тақырыбымен таныстыру;

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
    2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
    Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс - шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.
    Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті.

  2. Қазақ хандығы - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.[1] Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амударияөзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы -хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.

Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.

Керей хан - қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ орданың ханы .

Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусаид) (туған жылы белгісіз - 1480) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, . 15 ғасырда өмір сүрген.

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) - 1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

  1. Хандарды сайлау дәстүрі

Хан көтеру

Таққа үміткер сұлтандар мен ақсүйектердің көпшілігінің келісімін алған соң, хандықтағы ең беделді сұлтандар мен билер оны жұқа ақ киізге отырғызған, киіз шетінен ұстап үш рет көтеріп, бірнеше рет "Хан! Хан! Хан!" деп айқайлаған". Ақ киіз дала шөбіне тиер-тиместе көпшілік оны аспанға қайта-қайта көтеріп түсірген. Содан кейін жиналған жұртшылық хан отырған тақ есебіндегі киізді "хан талапай" жасап осы тарихи оқиғаға қа-тысуының куәсі әрі тәбәрік ретінде бөліп-бөліп алған. Кейін той басталып, ол бірнеше күнге жалғасқан. Хан көтеруге келген көпшілік мұнда бірнеше күн тыныққан, сондай-ақ беделді қайраткерлер мемл. маңызды істерді ақылдасқан. Жаңа ханға ел ішіндегі жайттарды мәлімдеген.



  1. «Мақал сөздің мәйегі»

Мақалдар жаттау

  • Көп біріксе- ел болар,

Көп түкірсе- көл болар,

  • Әркімнің өз жері- Мысыр шаһары

  • Ынтымақ түбі -игілік,
    Тірлік, тірлік түбі - бірлік.

  1. Картамен жұмыс

«Қазақ хандығы» картасымен таныстыру

ІІІ. Қорытынды:

«Бүгінгі Қазақстан» таныстырылымы

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн» Н.Ә.Назарбаев.








© 2010-2022