Мемлекеттік тілді оқытудағы өздік жұмысының рөлі баяндама

      Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң тадамдары. Тіл қарым-қытынас құралы. Адамның ой –өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әр қашан ескеріліп, қай ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мемлекеттік тілді оқытудағы өзіндік жұмысының рөлі.

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң тадамдары.

Тіл қарым-қытынас құралы. Адамның ой -өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әр қашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»- деп тұжырымдайды.

Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тілді меңгеруі төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И.Нұғыманов пен З.Қашқынбаева «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» -дейді.

Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда, оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындалуына мән беріледі. Яғни білім мен білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарды тіл жұмсауға төселуіне және оның дүниетанымың кеңеюіне жол ашатындай тілді әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі.

Оқушыларды тілді меңгеруі төмендегідей дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді:

  1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни тілдік білік пен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып оқыту.

  2. Білім мазмұны мен білікті қылаптастыру жүйесіндегі сатылы - сабақтасты сақтау, яғни тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен қатар, сол білімді тілдік білікпен сабақтастыруға басымдылық беру.

  3. Білім мазмұнының қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни тілдің оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту.

  4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана оқыту.

Қазақша сөйлеу тілін үйретуде төмендегідей 3 кезеңді қамыту ұсынылады:

  1. оқу процесіндегі пікірлесу;

  2. шығармашылық пікірлесу;

  3. шығармашылыққа бағытталған пікірлесу құрастыру.

Оқушыларға қазақ тілін өздік жұмысы арқылы меңгертудегі негіз болатын тыңдап - қабылдау, тыңдап -есте сақтау, тыңдап -көру, тыңдап-байқау, тыңдап бекіту тапсырма түрлері берілсе, оқушы әр дайым өзін бағалап отырады

Жаңа техналогияны оқу үрдісіне енгізу оқушыларды әр пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен, ғылыми журналдармен, басқа да ақпарат көздерімен, интернет-кластармен, оқу залдарымен, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерімен, көшірме -көбейту техникасымен және ең бастысы жоғары білікті ұстаздардан білім алуы талап етеді. Оқытушылар да өз сабақтарына үлкен жауапкершілікпен қарап, оқу үрдісінде мультимедиялық және вертуалды техналогияларды, бейне және үн таспаларды кеңінен қолданып, уақыт тезінен қалып қоймас үшін өздерінің педагогикалық шеберліктері мен біліктіліктерін үнемі жетілдіріп тұруы абзал.

Қорыта айтқанда, білім мен ғылымның әлемдік кеңестігіне ену Қазақстан үщін уақыт күттірмейтін уақыт талабы. Алайда, біз дүниежүзілік сахнаға білім жүйесінде қалыптасқан өміршең дәстүрлерімізбен, уақыт дәлелдеген артықшылықтарымызбен, сонымен қатар әлемдік өркениетті байытып, ұлттық білім беру моделін жетілдіруге жаңа көкжиек аша алатын, өзімізге ғана тән мәдени және рухани құндылықтармен енуіміз қажет.

Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», -деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

© 2010-2022