Қазақ тілінен Саяхат сабағы 6в сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Саяхат сабағы

6В сынып

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылырдың көктем тарауынан алған білімдерін байқау,сөздік қорларын толықтыру;

2.Балалардың ойлау қабілетін дамытып,ойын еркін жеткізе білуге үйрету;

3.Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру,адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтын түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрак-жауап

Көрнекілігі: Саяхат картасы,суреттер,кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

1, Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылырды түгендеп,сабаққа дайындықтарын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру

Негізгі сабақ

--Балалар,мен сендерге жұмбақ өлең оқимын соның шешуін тапсаңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады,

Қар еріп,су ағады,

Сарқырап сайға толады,

Күн ұзарып жылиды,

Бұл қай кезде болады?

Көктем

Дұрыс Көктем туралы жұмбақ.Біздің сабағымыздың тақырыбы қандай ?Көктем

Сабақтың мақсаты айтылады.

Балалар бұл сабақ ерекше сабақ-ол саяхат сабағы.Енді балалар автобусқа отырып сахатқа аттанамыз.Балалар біз «Сөздік» алқабына келдік.Сендерге мынандай тапсырма дайынтапты:Көктемге байланысты қандай сөздер білесіңдер? Өте жақсы

Енді балалар саяхатымызды жалғастырамыз.Біз "Сөйлем алқабына"келдік.Бұл көлдің мекендеушілері сендерге көктем туралы сөйлем құрастырыңдар дейді.Жақсы бұл тапсырманы да бұлжытпай орындаңдар.Келесі аялдамамыз"Құстар мекені ".Олар сендерге сөз жұмбақ құрастырыпты оны шешу үшін сендер суреттегі құстарды танып аттарын жазуларын керек.Жақсы жыл құстарын бәрін біледі екенсіндер баска қандай құстарды білесіңдер.Жауаптарыңа қанағаттандық.Саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар «Құттықтау өзеніне жақындадық» . Біз мына көпірден өту үщін тапсырманы орындауымыз керек.

Құттықтауды қашан айтады?

Көктемде қандай мереке бар?

Төменде көктемге байланысты сөйлем берілген соны дәптерімізге жазайық.Көктемде қар еріп күн жыли бастады.Көпірден еш сүрінбестен өттік енді ары қарай саяхатымызды жалғастырамыз.Біз "Наурыз ауылына " келдік.Бұл ауылдың адамдарыы бізге сұрактар дайындап қойыпты.Сол сұрақтарына жауап беріп көрейік.

1.Сөйлем түрлері?

2.Буынның түрлерін ата?

3.Зат есім дегеніміз не?Сұрақтары?,

4.Сын есім дегенімыз не?Сұрақтары

5.Наурыз көже калай дайындалады?

6.Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

7.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?

8.Етістек дегеніміз не?

9.Мереке сөзін септеу.

10.Сөйлемнін тұрлауы мүшелерін ата?

Сұраққа жақсы жауап бердік келесі аялдамамыз "Мақал-мәтел".Кім көктем,еңбек,егін туралы мақал -мәтел көп біледі екен.Балалар сендердің өткен сабақты жақсы меңгергендерің көрініп тұр,бәрін сабаққа жақсы қатысып отырдыңдар барлығын бағаланасыңдар,сабағымызды осымен бекітеміз

Қорытындылау

Оқушылардың білімін бағалау. Үй тапсырмасын беру. Көркем әдибеттен бес сөйлем жазып келу және тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді тауып келу тапсырылады.

© 2010-2022