«Ауғанның асуында от кешкендер» кездесу кеш

1 – жүр : Қайырлы  күн , ағайын ! 2 – жүр : Есенсіздер  ме , құрметті  қонақтар ! 1 – жүр :  Адам  баласы  бір  жақсы  қасиетті  туған  жердің  топырағынан  алады  деген  ұғым  бар . Туған  топырағынан  жаралған әр  адамзаттың  болашаққа  дешген  сенімі  мен  көзқарас  еркіндігі  тек  қана  бейбіт  өмірі  қамтамасыз  етілген  елде  қалыптаспақ . 2 – жүр : Бейбіт  өмір ! Осынау  сөзің  астарында  азаттық  пен  еркіндікті  және  бас  бостандығын  білдіретін  үлкен  мағына  жатыр . Бұл  сөзде  қай ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ауғанның асуында от кешкендер»

1 - жүр : Қайырлы күн , ағайын !

2 - жүр : Есенсіздер ме , құрметті қонақтар !

1 - жүр : Адам баласы бір жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар . Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа дешген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ .

2 - жүр : Бейбіт өмір ! Осынау сөзің астарында азаттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр . Бұл сөзде қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін , бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жол тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр . Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырғаларға жалғаса бермек .

1 - жүр : Иә , әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары , ержүрек , қайсар ел азаматынг тәрбиелеуден бастау алады . Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата - бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы , білектің күшімен жер қорғауынан бастап , одан бергі небір соғыс зобалаңдарынан бастан өткеруінен көрініс .

... Соғыс - зұлымдық . Жазықсыз төгілген қан . Тарих жылнамасынан өзінің қаралы , нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді .

2 - жүр : 1979 жылы желтоқсанда Л . И . Брежнев басшылық еткен Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды . Бұл соғысқа өзге де Одақтастарымызбен бірге 23 мың қазақстандық қатысты . Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрады . Ол - Ауғанстан жеріндегі дұшмандар басшылығына тойтарыс беріп , бейкүнә халықтың тыныштығын қоғау және өзінің Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеу болатын .

1 - жүр : Осындай ауыр аманат арқалап , өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқасқа қатысып , батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз - бүгін біздің ортамызда .

2 - жүр : Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымыз :

1)

2)

3)

4)

1 - жүр : Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне арналған бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз .

2 - жүр : Ер қадірін назардан тасалаудан

Қай ел опа тауыпты ?

Иә , Ерлікті жасамаудан

Бағаламау әлдеқайда қауіпті ! - деп Мұхтар ағамыз жырлағандай , қанды қырғын мен боздақтардың қаралы хабарына нүкте қойған 1989 жылдың 14 - ақпаны әр жыл сайын дәл осындай күндері атап өтіп келеді . Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рух ұялатар майдангер азаматтар - қай уақытта да үлгі - өнеге , тәрбие мектебі .

1 - жүр : Өтер жылдар , уақыт тағы алыстар ,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар .

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың ,

Ауғандағы азап шеккен арыстар , деп ақындарымыз жырлағандай , өмір тоқтамады , ерлік өлмейді , заманаларға жалғаса береді . Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгердің бейбіт өмірдегі жарқын істері , қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері , түрлі кәсіпті игерудегі , бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке , елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері .

2 - жүр : Он жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып , бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғанстандағы соғыс барша адамның жадында мәңгілікке жатталды .

1 - жүр : «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария . Әскерлік анттарын ақырына дейін адалдықпен атқарып және сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан қайран боздақтар есімдері мәңгілікке өшпейді . Өмірінің өлшеулі бір бөлігі , жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп , тағдырдың жазуымен елге аман - сау оралып , туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп , бүгінгідей сұхбат жүргізіп , естеліктерін тыңдау - біз үшін бір ғанибет .

----------------------- аға , естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңы з

Ән :

2 - жүр : Азаттық алу , бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген . Өткен әрбір соғыс мыңдаған , миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта қара бояумен таңба болып қалды . Ел аманатын арқалап , шет жерге , бөтен елге табан тіреген кезде --------------------

аға қандай күйде , қандай әсерде болдыңыз ?

Би :

1 - жүр : Майданда қаза тапқан майдангер ағаларымыздың ерлік істерін әр уақытта өшпес үлгі - өнеге , ұлағатты тәрбие етіп , олардың өмір жолын , адалдығы мен әділдігін ғибрат ету мақсатында шығарылған «Тағзым» деп аталатын өмір кітабы көпке ұсынылды . «Тағзым» кітабының шығарылуы , мазмұны туралы --------------------------- ағай , қандай пікір айтар едіңіз ? ....

Ән :

2 - жүр : Құрметті майдангерлер ! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығңы халықтың зердесінде бағасы артып , уақыт алға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек . Біз сіздерді мақтан етеміз !

1 - жүр : Серігісің достардың сенгендегі ,

Көңіл бөлмей пікірге пендеңдегі ,

Жиып ұста денеңді , биік ұста ,

Ауғанда ешкім жеңбеген зор кеудеңді !

2 - жүр : Бүгінгіде біз Егемен елміз , Тәуелсізбіз . Елбасымыз Н . Ә . Назарбаевтың «Тәуелсізік - бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген , тағдырдың қазаққа берген басты бақыты , баға дәулеті » деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып , жаһандану ағысына енген елімізді алға апарар ұраны іспетті .

1 жүр : Біз үшін үлгі ерлігің

Толғанып айтам мен бүгін

Ағажан сенің арқаңда

Осындай бейбіт келді күн

2 жүр: Жарасып орден - медальдар

Бақыттан жүзің алаулар

Нұр тұлға менің ағам бар

Осындай менің данам бар

1 жүр : Құрметті ауған соғысының ардагерлері! Бүгінгі кездесу кешімізге келгендеріңізге көп - көп рахмет. Енді аспанымызды бұлт торламасын.

Аспанымыз ашық болсын.

2 жүр : Барлықтарыңызға бейбіт күн тілейміз. Қош, сау болыңыздар!

© 2010-2022