Бастауыш сыныпқа арналған Қазақстан - мақтанышым менің атты сынып сағаты

Қазақстан - 2050         Қазақстан – мақтанышым менің   Мақсаты: -         Оқушыларды бойына Отанға және елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Еліміздің тарихымен ,егемендік алған уақыт ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы туралы түсік беру. -         Отан-Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, патриоттық сезімдерін ояту. Көрнекіліктер:Кітап көрмесі, Отан туралы нақыл сөздер,рәмізд...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан - 2050

Қазақстан - мақтанышым менің

Мақсаты:

  • Оқушыларды бойына Отанға және елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Еліміздің тарихымен ,егемендік алған уақыт ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы туралы түсік беру.

  • Отан-Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер:Кітап көрмесі, Отан туралы нақыл сөздер,рәміздер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Психалогиялық дайындық.

Балалар шеңбер құрып, күн нұрына қол созып, алақандарын жайып:

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Халқымыз аман болсын!

Елімізде тыныштық болсын!

Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыз «Отаным -бақыт ордасы» деп аталады. Біз бүгін Отанымыз, туған жерімізді тереңірек түсінетін боламыз.

  1. Біз қай мемлекетте тұрамыз?

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін кім біледі?

Айнымайды аспаннан біздің тудың бояуы, оны халық қашан да биікке іліп қояды.

1-оқушы: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім - сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым.

Жүрсем егер дала кезіп.

ҚР Әнұраны орындалады.

Мұғалім:

  1. Бас қаламыз қай қала?

Тәуелсіз еліміздің перзенті - Астана қаласы ай өткен сайын айбаттанып, жылдар өткен сайын таралып сұлуланып келеді.

Суы молдір ерке Есілдің сол жағалауында орналасқан 21 ғасыр қаласы - Астананың бүгінгі заман талабына сай сәулетін сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Астананы қазір барша жұрт қызыға тамашалауда.

Халқымыз бүгінгінде Астанамен мақтанатын болды.

2-оқушы:

Күн сүйген Сарыарқаның даласында,

Таранған аққудайын қала осында.

Жүрегі еліміздің Астана ол -

Есілдің еркелеп аққан жағасында,

3-оқушы:

Кезінде көтергенде батыл мұны,

Көрінді көп ұлттың жан татулығы.

Алып келді Елорданы Сарыарқаға,

Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлы.

4-оқушу:

Тарихта бұл өнердің бар дерегі,

Қарайды заңғар көкке « Байтерегі»

Бір көріп келген адам астананы,

Ауызынан суы құрып айтар еді.

5-оқушы:

Қазақтың қуат берген даласында,

Нұр құйған әр адамның санасына.

Еліміздің төріндегі астана бұл,

Айналып жана ғасыр қаласына.

Мұғалім:Бәйтерек - төрткүл дүниені құшағына сыйғызған өмір ағашы. Бұл қазақтың кеңдігі мен қонақжайлығынан, бүгінгі қазақ елінің 130-дан астам түрлі этнос пен диаспораны сыйғызып отырғандығынан хабар берсе керек. Ал оның төбесіндегі Самұрықтыңн ұясы- қазақ халқы бала тәрбиесінде Ар мен Ұждан тазалығын бірінші қатарға қойған. Сондықтан Бәйтерек басындағы құс ұясы осы ел халқы рухының тазалығынан хабар береді.

Бәйтерек- көк пен жерді байланыстырушы берік тұғыр - олардың арасындағы алтын көпір.

6 - оқушы:

Елордасы - Астана,

Жалындап өскен жас қала.

20-ға толды өзіңмен,

Қатар туған жас бала.

Сарыарқаның даласы,

Гүлденгенін қарашы.

Зәулім үймен түрленді,

Жер мен көктің арасы.

1-оқушы:

Жер жұмағы, жыр жұмағы - Астанам,

Әрбір өлең бір өзіңнен басталған.

Сенің сұлу екендігің әлемге,

Алыптайын бәйтерекпен расталған.

2-оқушы:

Бір өзіңде жарқырап тұр Ақ Ордам,

Сұлулығың Есілменен шомылған.

Елбасы Назарбаев жарлығымен,

Ақмоламыз « Астана» деп аталған.

Мұғалім:

  • Елбасымыз кім?

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

3-оқушы:Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлым.

Тәуелсіз Қазақстаным!

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның Елбасы - Президенттің сайлауы болды. Тұнғыш Президент болып Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

4-оқушы: Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады, жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шырақ етіп өмір нұрын.

Алыс тартты адығы жол.

Адамзаттың ақ арманын,

Арқалаған ардағым ол.

Мұғалім: Балалар, Отан дегеніміз не?

Отан - менің ата- анам,

Отан - досым, бауырым.

Отан - өлкем, астанам,

Отан - туған ауылым.

Біз - Отанға адалмыз,

Біз - Отанды сүйеміз.

Тыныштығын мәпелеп,

Азамат боп өсеміз!

Қуанышқа бөлініп әр күніміз,

Бақыттымыз балалар, барлығымыз.

Біз - Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық - ұранымыз!

« Біз - өмірдің гүліміз» әні орындалады.

Қең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге дддаңқың жетті.

Тәуелсіз Қазақстан - жерім менің.

« Елім менің» әні оындалады.

Қорытынды.

«Ата - қоныс жер қымбат,

Туып өскен ел қымбат»,- демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сағатында айтылғандарды өнеге етіп, елді,жердісүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесін тең, керегесін кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан - жақты білімді болу - міндеттерің.




© 2010-2022