Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік

 «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты шығармашылық кештің өту барысы              Құрметті әріптестер!             Бүгінгі «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты «Зерде» тобының шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өткелі отырған шығармашылық кешті бастауға рұқсат етіңіздер.             Бүгінгі таңда «Зерде» шығармашылық топ мүшелері тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттауды жоспарлап, тиянақты жұмыстар жүргізіп келеді. Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдер шығармашылық сабақтар мен сыныптан т...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі»

«Зерде» шығармашылық тобының жетекшісі: Альфира Желдибаева


«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»

атты шығармашылық кештің өту барысы


Құрметті әріптестер!

Бүгінгі «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» атты «Зерде» тобының шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өткелі отырған шығармашылық кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

Ұстаз - ұлағатты есім. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол - мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Мектебіміз бірнеше жылдан бері оқытудың жаңа технологияларын зерттеп, осы бағытта орасан жұмыстар атқарып келеді. Мектеп «Жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары» атты ізденіс тақырыбын басшылыққа алды.

Бүгінгі таңда «Зерде» шығармашылық топ мүшелері тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттауды жоспарлап, тиянақты жұмыстар жүргізіп келеді. Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдер шығармашылық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, тәжірибелерін насихаттады.

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын - деп, бүгінгі шығармашылық есеп беретін мұғалімдермен таныс болыңыздар:

(слайдтан мұғалімдер тізімі көрсетіледі).

  1. Аубакирова Айгүл Сайлаубекқызы математика пәнінің мұғалімі.

  2. Имахан Күлзира Шәріпханқызы - орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

  3. Құсаинова Гүлжан Орынбекқызы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

  4. Зиятова Маржан Жұмағаділқызы - өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

  5. Қали Ақмарал Тлеубекқызы - бастауыш сынып мұғалімі

  6. Жүнісова Әсел Ибрагимқызы - тарих, құқық пәндерінің мұғалімі.

  7. Рахметова Гүлім Төлеуғазықызы - мектеп психологі.

Құрметті ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге арнап ән жолдаймыз.

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Бекенова Ләйлә Қабыл алыңыздар.

І. Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген - деп, ұстаздарды құттықтау үшін ортаға Бастауыш пән бірлестігінің мүшелерін шақырамыз.

1)Алғыс сізге алғашқы ұстаз,
Бізге үйреткен әліппе.
Атыңызды дәріптеп
Құттықтайды шәкірттер - ортада 3-сынып оқушылары. (оқушылар құттықтауы)

Әріптері үйреткен,
Көркемдейді серік еткен
Бастауыш сыныпқа білім берген Қали Ақмарал Тлеубекқызын шағырамыз - бастауыш сынып мұғалімі, білімі - жоғары, санаты - жоғарғы деңгейдегі екінші, еңбек өтілі - 17 жыл. Іс-тәжірибесі облыстық, республикалық баспасөз, ғаламтор сайттары арқылы таратылды. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтаған. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздың шәкірттері республикалық, облыстық интеллектуалдық марафондардың жеңімпазы. Қошемет көрсетеміз.

2) Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім - деп құттықтау үшін 9ә-сынып оқушыларын шақырамыз.

Зиятова Маржан Жұмағаділқызы - «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, білімі - жоғары, санаты - жоғарғы деңгейдегі екінші, еңбек өтілі - 26 жыл. Ізденімпаз ұстаздың іс-тәжірибесі облыстық, республикалық баспасөз, ғаламтор сайттары арқылы таратылды. 9ә-сыныбының жетекшісі.

ІІ. Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар!
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар! -ұстаздарды құттықтау үшін ортаға Гуманитарлық пән бірлестігінің мүшелерін шақырамыз.

3) Жарқын жүзді ұстазым, мейірбан, сабырлы.
Ауызынан шыққан сөз бар шәкіртке қадірлі.
Келдім міне алдымда, бір шоқ гүлім қолымда
Саған шәкірт болмақпын ғылым білім жолында - деп шәкірттерді ортаға шақырамыз.

Имахан Күлзира Шәріпханқызы - орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, білімі - жоғары, жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты ұстаз, еңбек өтілі - 19 жыл. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтаған. Іс-тәжірибесі аудан, облыс көлемінде таратылған. Тәжірибелі, білікті ұстаздың шәкірттері аудандық пән олимпиадасының және бастауыш сыныптар кіші олимпиадасының жүлдегерлері. Қошеметпен қарсы алайық.

4) Тойлайды бұл күнді көктен,
Біздің байтақ бақытты ел.
Ұстаздарды шын жүректен
Құттықтайды шәкірттер - деп кезекті құттықтауды шәкірттерге береміз (шәкірттер құттықтауы).

Құсаинова Гүлжан Орынбекқызы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Білімі - жоғары, жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты ұстаз, еңбек өтілі - 23 жыл. Іс-тәжірибесі аудан мұғалімдері, республикалық баспасөз, ғаламтор сайттары арқылы таратылған. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтаған. Білікті ұстаздың шәкірттері аудандық пән олимпиадасының, облыстық- республикалық интеллектуалдық марафондардың жүлдегерлері.

ІІІ. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік! - құттықтау үшін сөзді Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің мүшелеріне береміз.

5) Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы...- ортаға құттықтау үшін шәкірттерді шақырамыз.

Жүнісова Әсел Ибрагимқызы - тарих, құқық пәндерінің мұғалімі. Ұстаздық қызметіне - 16 жыл, білімі - жоғары, жоғары деңгейдегі І санатты мұғалім. Іс-тәжірибесі аудан мұғалімдері, республикалық, облыстық баспасөз, ғаламтор сайттары арқылы таратылған. Ізденімпаз мұғалімнің шәкірттері, аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлері және облыстық, республикалық марафондардың жеңімпаздары. Сөз кезегі Жүнісова Әсел Ибрагимқызына беріледі.

6) Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры-ортаға ұстаз шәкірттерін шағырамыз (шәкірттердің құттықтауы).

Келесі сөз кезегін мектебіміздің психологі Рахметова Гүлім Төлеуғазықызына береміз. Гүлімнің білімі - жоғары, еңбек өтілі - 5 жыл. Іс-тәжірибесі республикалық ғаламтор сайтында насихатталып таратылды.

ІҮ. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман - дей келе құттықтау үшін сөз кезегін Нақты ғылымдар пән бірлестігінің мүшелеріне береміз.

7) Шәкірттерінің жанына нұр құйып, білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарымыз-дың бірі - Аубакирова Айгүл Сайлаубекқызы - математика пәнінің мұғалімі. Білімі - жоғары, жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғалім. Еңбек өтілі - 30 жыл. Іс-тәжірибесі облыстық, республикалық баспасөз және ғаламтор сайттары арқылы таратылды. Білікті ұстаздың шәкірттері аудандық пән олипиадасының және республикалық, облыстық интеллектуалдық марафондардың жүлдегерлері.

Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Сіздерге арнап ән жолдаймыз.

Ән: «Жетіарал»

Орындайтын: Әбілқасымова Ұлжан. Қабыл аламыз.

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сені біз!

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз! - деп шығармашылық кешімізді қорытындылаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.







© 2010-2022