Ашық сабақ. Тақырыбы: Әдептілік

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  1. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз. М.Әуезов:

«Жасы кіші ініні - ақылы артса, аға тұт.

Жасы үлкен ағаны - жақсы сыйлап, жаға тұт»



  1. Сыйластықтың адам өміріндегі маңызы қандай?

  2. Қазақ халқы қандай жағдайда жасы кішіні сыйлайды?

  3. Қазақ халқында үлкенді сыйлауға байланысты қандай дәстүрлері бар?

  4. Сыйластық қажет пе?

Оқулық, 106 бет.

М.Әуезов - ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. «Абай жолы» роман -эпопеясы, т.б.шығармалардың авторы.



Интернет желісі

  1. Оқиға айту. Әңгіме. «Әдеп»

Бір жұрттың әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем береді. Оған қарсы әлгі әкім төре онан да төменірек басұрып сәлемін алады. Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? - дейді.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп , әпептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - дейді.

Әңгіме бойынша сұрақтар қою.

  1. Бұл әңгімеден қандай ой түйдік?

  2. Егер әкімнің орнында өздерің болсаңдар осылай жасар ма едіңдер?

  3. Әдептілік не үшін керек?


Ы.Алтынсарин «Шығармалар жинағы»

  1. Шығармашылық жұмыс. 1. Сынып 4 топқа бөлінеді. Оқушылар әртүрлі түсті жүрекшелерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. Қызыл 2-топ. Сары 3-топ. Көк 4-топ. Жасыл

Постермен жұмыс. Әр топ «Жарасымды қарым-қатынас дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беруге тиісті.

  1. Сахналық қойылым. «Үлкен мен кіші арасындағы сыйластық» тақырыбында әр топқа сахналық қойылым ұйымдастыру беріледі.

Түрлі -түсті жүрекшелер, ватман, маркерлер

  1. Топтық ән. «Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А.Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Интернет желісі

  1. Үй тапсырмасы. Дәптердегі 1-тапсырманы орындау.

100-101б.б. оқу

103 б.Оқулық

  1. Қорытындылау.

1. Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік?

2. Сыйластық дегеніміз не?

3. Жағымды қарым-қатынас бізге не үшін керек?

Тыныштық сәтін ұйымдастыру.


Оқулық,106 б.



© 2010-2022