Поэзия кеші: Ақын болсам, айбарлы жыр жазатын

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поэзия кеші: Ақын болсам, айбарлы жыр жазатын

Тақырыбы: «Ақын болсам, айбарлы жыр жазатын»

Кештің мақсаты:

Жас қаламгер оқушыларды анықтап , таланттардың жан-жақты, өрісі кең азамат болуына ықпал ету. Әр оқушының бойындағы дарынын, талантын, шығармашылығын көрсету. Елжанды, намысты, өз елінің салтын сақтай білетін ұлан тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, көркем сөздер, шарлар, сыйлықтар

Ж: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Ақын болсам, айбарлы жыр жазатын» атты жас ақындар мүшайрасына қош келдіңіздер!

Ақындық өнер - бір жылдық жеміс емес. Ол ғасырды ғасырға жалғайтын ұлтымыздың құнды мұраларының бірі. Ақын өткенді еске ала отырып, болашақты болжайтын, сауатты, жаны нәзік, талғамы биік, көрген нәрседен тез әсер алғыш жан. Біздің мектебімізде де ақындық өнерді жанына серік етіп, поэзияны сүйіп оқитын, өз ойын өлеңдерімен өрнектеп жүрген жас таланттар аз емес. М.Шаханов: «Бала жүрегі кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек», демекші әр оқушы өзінше бір әлем. Осындай жас қаламгерлеріміздің талантын бүгін саралап көрмекшіміз.

Еңсе тіктеп қазақтығым, елдігім

Тәуелсізбін деп айтатын келді күн.

Бүкіл қазақ жаза алмай жүр қазір,

Бір Абайдың жазып кеткен игі ісін.

Қара сөзі, қара өлеңі - қарымды,

Толғады Абай мұңым менен зарымды,

Абай сынды данасы бар халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды,-дей отыра бүгінгі ақындар мүшайрасының әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:

1/ Жас ақын Жұмашева А.С

2/ «Мұрагер» ОҒҚ мүшесі, озат оқушы Жұмағазиев Н.Ж

3/ Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Есмағанбетова Б.Қ

Мүшайраның бөлімдері:

1/ Обл. «Мұғалжар ауданы оқушыларының шығармашылығы» атты кітабына бірқатар жас ақындарымыздың өлеңдері енді, осы кітаптың тұсаукесер рәсімін жасауды қазақтілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Қ Есмағағанбетоваға береміз.

2/ «Менің сүйікті ақыным» /сүйікті ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу/, «Мой любимый поэт» /выразительное чтение стихов/

3/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /өзі шығарған өлеңдерін оқиды/ «Стихотворчество» / чтение стихов собственного соченение/

4/ «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» /берілген шумаққа өлең құрау/

«Найти рифму, докончить строки» /сочинить стихи на данные строки/

5/ «Менің қолтаңбам» /әр оқушы кештен алған әсерін, өлең жолдарымен жазып, плакатқа жапсырады/ «Свое суждение об этом вечере»

Нәр алып өмірімнің қырларынан

Сусындап поэзия сырларынан

Қазақтың қара өлеңін әрлендіріп

Кештерде көрінейін әр қырымнан,- дей келе ортаға жас ақындарымызды шақырамыз:

*Сөйлесе бұлақ болып ағылатын,

Жанынан жақсылардың табылатын.

Әйгерім бүгін біздің ортамызда,

Жүрегінде жыр жаухары жағылатын.

*Десек те уақытпен жарыспайды

Қияға қиялымен қарыштайды.

Жұлдызай шын жүректен тебіреніп,

Өздеріңе жырларын бағыштайды.

*Шығады өнер жастан, асыл тастан

Тәрбие түгел болса әуел бастан.

Снежана аруды шақырамыз,

Өздеріңе жыр төктірсін тайсалмастан.

*Бір ісі асып түсер, бір ісінен

Күш қайрат сезілетін жүрісінен.

Ортаға Ұлпанды шақырамыз,

Кішіге үлгі болған әр ісімен.

*Өнерге әркімнің-ақ бар таласы,

Аруға қай өнерде жарасады

Лидияны шақырсақ ортамызға

Кім менің бұл ойыммен таласады ?.

1/ Обл. «Мұғалжар ауданы оқушыларының шығармашылығы» атты кітабына бірқатар жас ақындарымыздың өлеңдері енді, осы кітаптың тұсаукесер рәсімін жасауды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Б.Қ Есмағағанбетоваға береміз.

Жадырап маңдайынан таң атқандай,

Жанары тұнық сырын сан ақтарды-ай,

Қазақтың қара өлеңін серік еткен,

Мектебімнің дарындары ғажап қандай!- дей келе 2-бөлімге кезек береміз

2/ «Менің сүйікті ақыным» /сүйікті ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу/, «Мой любимый поэт» /выразительное чтение стихов/

1.Өлеңді қай жастан бастап жаза бастадың ?

Соңғы оқыған әдеби шығармаң қалай аталады?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:

Күшіңе сенбе,

........................./Ісіңе сен/

2.Болашақта кім болуды армандайсың?

Өлеңді қай уақытарда жазасың ?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:

Асыл тастан шығады,

..................................../ақыл жастан шығады/

3. Осы күнге дейін қанша өлең жаздың, көбіне қандай тақырыптар қызықтырады?

Баспасөз беттеріне қанша өлең жібердің?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:

Талабы жоқ жас,

.........................../Қанаты жоқ жас/

4.Что любишь читать, что знаешь о прочитанной?

Как проводишь свое свободное время?

Докончить пословицу, обьяснить ее значение:

Ученье - свет,

....................../А неученье тьма/

5. Қай ақынның өлең жазу мәнері ұнайды?

Бос уақытыңда немен шұғылданасың?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:

Кекшіл болма,

.........................../Көпшіл бол/

Бүлкілдейді жас ақынның көмейі,

Келеді олар жылдан-жылға көбейіп.

Өсе берсін, өне берсін өнерлім

Бал бұлақтың көзін ашып көрейік,-дей келе 3-бөлімге кезек береміз.

3/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /өзі шығарған өлеңдерін оқиды/ «Стихотворчество» / чтение стихов собственного соченение/

Сөз қадірін сезінсе жас таланттар,

Келер күнге қадамын оңай аттар.

Белестерге биіктеп, бастай берсін,

Бүгінгі сендер жүрген баспалдақтар,- кезекті 4-бөлімге береміз

4/ «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» /берілген шумаққа өлең құрау/

«Найти рифму, докончить строки» /сочинить стихи на данные строки/

Өңірі Құмсайымның сала-сала,

Бұл жердің дәмін татқан, талай дана

.........................................................

Өнерге құлашын сермеген,

Жастар көп намысын бермеген.

..............................................................

Көктем келді, көк майса,

Желіндейді мал жайса.

...........................................

Пришла весна,

Пригрело солнце

.............................

Менің балғын құлашымды тербеткен,

Қиялымды алыстарға серметкен,

..................................................

,- дей келе кезекті 5-бөлімге береміз.

5/ «Менің қолтаңбам» / кештен алған әсерін, өлең жолдарымен жазып, плакатқа жапсырады/ «Свое суждение об этом вечере»

Өз арнауы: Жұлдызай

Үйретеді әр баланы даналыққа,

Үйретеді әр баланы адалдыққа.

Осы кешке жиналған көп көрермен,

Ақындардың өлеңін есте сақта!

Байқаудың қорытындысы шығарылып, әділқазыларға сөз беріледі.


© 2010-2022