Внеклассный урок на тему «Сөйлей білу-өнер»

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внеклассный урок на тему «Сөйлей білу- өнер»Внеклассный урок на тему «Сөйлей білу- өнер»Внеклассный урок на тему «Сөйлей білу- өнер» Қош келдіңіздер құрметті оқушылар,ұстаздар!

Ұстаз деген-асыл жан,

Білім нұры шашылған.

Шәкірттері гүл жайнап

Бұлақ көзі ашылған дей келе бүгінгі «Сөйлей білу- өнер» атты ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер. «Ұстаздар күні»мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің сөзге шешен,тілге жүйрік ұстаздарымызды екі топқа бөліп сайыстырмақ ойымыз бар.Ендеше құрметті ұстаздар екі топқа яғни, «Ұлағатты» және «Ұстаз» топтарына жайғасыңыздар.

Бүгінгі ұстаздарымыздың өнерін бағалайтын мектептегі дарынды оқушыларымыз «Өзін-өзі басқару»ұйымынан келген әділ қазыларымызбен таныс болыңыздар. Мектебіміздің директоры Герасимов Егор, Тәрбие-ісінің менгерушісі- Алтай Арайлым, Оқу-ісінің меңгерушісі- Аленова Альбина және Ахатов Руслан, Тарих пәнінің мұғалімі- Бегис Жарқын, Бастауыш сынып мұғалімдері Досанова Асемгуль және Морозова Елена.

Ендігі кезекте сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар

І.Бөлім

Таныстыру (әр топ өз таныстыруын дайындап топ мүшелерін таныстырады

ІІ.Бөлім

«Мақал сөздің-мәйегі»

ІІІ.Бөлім

«Ұлылар ұлағаты»

ІV.Бөлім

«Ән-көңілдің ажары»

V.Бөлім

«Тапқыр болсаң,шешіп көр»

VІ.Бөлім

«Сөйлей білу - өнер»

Әр бөлімде әділ- қазылар алқасы сайыскерлердің тіл байлығына,сөйлеу мәнеріне,ой-пікірінің анық,айшықтылығына,сөйлеу шеберлігіне байланысты бағалайды.

Бірінші бөлім «Таныстыру»

Ең бірінші «Ұлағатты» тобына сөз берейік. Ендігі кезекті «Ұстаз» тобына берейік.

Қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсірепов « Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке тиіп,жүйкені босатады.Адам мәдениетің алғы шарты дұрыс сөйлеу білу.Түсіне білгенге сөйлей білу- өнер.Тілін білмеген, түбін білмейді» деген екен.

Ендеше дұрыс сөйлеп,шешен толғай білейік.

Келесі бөлім « Мақал- сөздің мәйегі» Бұл бөлімде ұстаздарымыз айтылған мақалды толықтырып,мағынасын түсіндіруі керек.Берілетін уақыт/3мин/

Үшінші бөлім «Ұлылар ұлағаты»

Бұл сайысымызда екі топ мүшелері ұлы адамдардың тіл туралы айтқан сөздерін толықтырып,басқа да ұлы ақын-жазушылардың тіл немесе туған жер туралы айтқан сөздерін айтуы қажет.

Ал, енді соңғы сайысымызға кезек берейік.Соңғы сайысымыз «Сөйлей білу-өнер» Бұл сайыста екі топтың қаламгерлері ойтолғау жазады.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін әділ- қазыларымызға сөз кезегін береміз.

Сайыстың қорытындысын ертеңгі «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілетін салтанатты жиынымызда жариялаймыз. «Ұстаздар күні»мерекесімен құттықтаймыз!

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай ұстаздар арасында өткізілген сайыс.Салтанатты жиында марапаттау.









Ұстаздарға берілетін тапсырмалар:

1.Уайым түбі ..............

Батасың да кетесің.

Тәуекел түбі ................

Өтесің де кетесің.

2.Еңбек түбі-...............

Көптің түбі-..............

3.Жалқау кісі -........... ..............

4.Тіл -............... көрінісі.

............. кілті.

5.Ине көзінен сынады,

Шешен ............. сынады.



1.Жеті жұрттың .............. біл,

Жеті түрлі ...............біл.

2.Өнер алды-................ тіл.

3.Көре-көре ............... боларсың,

Сөйлей-сөйлей ................боларсың.

4.Халық пен халықты,

Адам мен адамды

Теңестіретін нәрсе-............

5.Он бәленің тоғызы-................

1.Халықтың мәңгі ғұмыры ................ .....................,

Әрбір тіл .......... үшін ұлы.

(Ш.Айтматов)

2.Тілден биік ........... жоқ,

Тілден асқан .............. жоқ,

Тілден терең ............... жоқ.

(Ғ.Мүсірепов)

1.Егер қазақ тілін білсең,.......... осында,............ осында.

(М.Жүсіп)

2.Тіл .............. ... өткір.

(Ж.Баласағұн)

1....................... -тәуелсіз мемлекет.

2.ҚР астанасы.

3.22-................ -Қазақтың жаңа жылы.

4.Төле би,Әйтеке би,................ би.

5.Қарағанды облысының орталығы.

6.Абайдың поэмасы.

7.Абайға жеңгелері қойған есім.

8.Ер Тарғын батырдың жары.

9.Дулат Бабатайұлы,Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұлы қай ағымның өкілдері?

1.Сансызбай,Қаршыға атты кейіпкер қай шығармада кездеседі?

2.Халықтың Төле биге қойған есімі.

3.Ы.Алтынсариннің өлеңі.

4.Қазақтың ұлы ақыны.

5.М.Өтемісұлының шығармасы.

6.Өнер .............. азық,жұтамас байлық.

7.«Оянған өлке» романының авторы.

8.Т.Молдағалиевтің шығармасы.

9.Сүттен жасалған тағам.

№25 Красноярка орта мектебі



Тақырыбы:

Өткізген: Қайрбекова Сандуғаш Амирхановна



2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022