Өнеге сағаты Әдепті бала-арлы бала

Шортанбай орта мектебі 2 «А» сыныпКүні:22.04.2015 жыл Ашық өнеге сағаты.Тақырыбы: Әдепті бала – арлы балаМақсаты: Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу, үлекендерді сыйлауға, өзінен кішіге қамқор болуға, патриоттыққа, ұлтжандылыққа баулу, суретпен жұмыс арқылы мазмұнын ашу.Көрнекілігі: Сурет, мақал – мәтелдер,1.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені2.Жақсыдан үйрен,Жаманнан жирен, мультимедияЖүру барысы:I.Кіріспе сөзII.Әдеби монтожIII.Әдептілік әліппесі (Ой қозғау) Суретпен жұмысIV.Ізгіл...
Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өнеге сағаты Әдепті бала- арлы балаАтырау облысы

Құрманғазы ауданы

Шортанбай орта мектебі







Тақырыбы: Әдепті бала- арлы бала

Ұйымдастырған: бастауыш сыныбының мұғалімі

Қарасаева Румия Тулешовна

Сыныбы: 2 «А»







Шортанбай орта мектебі 2 «А» сынып

Күні:22.04.2015 жыл

Ашық өнеге сағаты.

Тақырыбы: Әдепті бала - арлы бала

Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу, үлекендерді сыйлауға, өзінен кішіге қамқор болуға, патриоттыққа, ұлтжандылыққа баулу, суретпен жұмыс арқылы мазмұнын ашу.

Көрнекілігі: Сурет, мақал - мәтелдер,

  1. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені

  2. Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен, мультимедия

Жүру барысы:

  1. Кіріспе сөз

  2. Әдеби монтож

  3. Әдептілік әліппесі (Ой қозғау) Суретпен жұмыс

  4. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік. Сахналық көрініс «Көліктегі тәртіп»

  5. Сұрақ - жауап «Не деу керек?»

  6. Мақал сөздің мәйегі. Тіл дамыту Кім көп біледі? (ойыны)

  7. Ата мұрақ - асыл қазынаң. Ырым - тыйымдар. Конкурстық бағдарлама (ойын)

  8. Адам болам десеңіз. (Ой қорыту) Не үйрендік, не білдік.

  9. Қорытындылау.

I. Кіріспе сөз (мұғалім)

Құрметті ұстаздар, ата - аналар оқушылар. Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Әдепті бала- арлы бала». Бұл тәрбие сағатымыздың мақсаты сендердің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасауларың үшін бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларыңды білу, ой бөлісу.

II. Әдеби монтаж

1 оқушы. Наргиз

Атам менің әрқашан

Кішіпейім бол деген

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем

2 оқушы: Ақерке

Атам менің әрқашан

Бол дейтұрғын бауырмал

Мынау байтақ ғаламда

Қаншама дос, бауыр бар.

3 оқушы: Жансая

Бәрі жақсы баланың,

«Беске» оқиды сабағын

Айналайын баладан

4 оқушы: Мансур

Жақсы бала ол анық,

Істемейді шалалық

Тап - таза боп жуынып,

Алады ол таранып.

5 оқушы: Азат

Әдеп сақта әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық,

Қайтарады саған да

Кішілерді аяла,

Кісілерден аянба

Адамдығың көрінсін

Анадай жан саяңда

Ән: Ақ әжем: Аружан

6 оқушы: Аян: Бір сөз айтсақ жақсыға,

Аталы сөзге тоқтайды.

Бір сөз айтсақ жаманға,

Өмірінде ұқпайды.

Надандықтың белгісі -

Өзін - өзі мақтайды.

7 оқушы: Орынбасар

Атам менің әрқашан

Бол дейтұрғын тіл алғыш

Үлкендерден содан да

Алып жүрем кім алғыс

8 оқушы: Нұрсәуле

Ерінсе қол жуғанға,

Лассық дейміз мұндайда

Мұнша уақыт санарлық

Бар екен ғой жамандық

9 оқушы: Илияс

Жақсы бала құлақ сан,

Айтқаныңды ұғады

Төсегінен тұра сап

Таза ауаға шығады.

10 оқушы: Дильнара

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Ән: «Мен әдепті баламын»

Орындайтын: Расул

11 оқушы: Аллана

Жақсыдан жаман жуады

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады.

Адам айтса нанғысыз

12 оқушы: Әлихан

Атам менің әрқашан,

Мейірімді бол деген

Ақыл сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

13 оқушы: Әділет

Атам менің әрқашан

Ынтымақшыл бол деген

Бірлік болса адал да,

Шын бақыт қой ол деген

14 оқушы: Азат

Ынтымаққа қосыл да,

Ықылас қой досыңа

Ар - мақсатың нық болсын,

Ақылыңнан тосылма.

15 оқушы: Мансур

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда

Бүкіл ғаламға күлкі етер.

Ән: Анадай асыл мектебім: Нұрсәуле

III. Әдептілік әліппесі (ой қозғау) Суретпен жұмыс


  • Екі суреттің айырмашылығын айт

  • Ол дұрыс істеді ме?

  • Үлкен кісілер не деп айтты? Қалай ойлайсың!

  • Балаға ат қой

  • Балалар, автобуста, көшеде т.б жерлерде үлкен кісілерді көрген кезде не істеу керек?

  • Қай суретте бала қылығы дұрыс? Неге?

(Балаларға сурет бойынша өз ойларын айтқызу, суретке қорытынды жаса. 5 сурет бойынша.

  1. Оқушының орын беруі

  2. Кітапханада оқушылардың кітап алып оқуы.

  3. Жайлаудағы көрініс

  4. Кішкентай балаға қамқорлығы

  5. Баланың дәрігерге қаралуы

III. Әдеби монтаж: Қарт пен немересі

Дүйсенбі Бейсенбі Бір апта 7 күн бар

Сейсенбі Жұма

Сәрсенбі Жексенбі

IV. Баланың үлкен қартқа автобуста орын беріп тұрғаны

Мұғалім дұрыс, автобуста орын беру керек, көшеде жүгін көтерісуге жолдың екінші бетіне өтіп кетуге көмектесу керек, жұмсаса тілін алу керек.

IV. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік

Сахналық көрініс.

«Көліктегі тәртіп»

2 оқушы автобуста отыр. Армен мен Самат үлкен кісіні көрсе де, көрмегендей болып отыра берді. Ал, Самат әжейге, - Әже, отырыңыз, - деді. Әжей Саматқа алғысын айтты. - Көп жаса! айналайын, «Бақытты бол».

V. Сұрақ - жауап «Не деу керек?»

Әлихан: Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

- Не деп барып, жеу керек? (Рахмет)

Жансая: Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай

- Мұндайда не деу керек: (Кешіріңіз)

Би: «Көктем валсі Руфина

«Адамның тоғыз жауы бар: Әлихан:

Басты жауық - жалқаулық сорлататын жаныңды, осалдығың - аңқаулығын соқтыратын малыңды. Жасқаншақ болсаң ұры анар қорадағы малыңды. Жалатқызбас жасықтығың аузыңдағы балыңды. Өтірік айтсаң өңшендеп суға кетірер салыңды. Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды. Көрінгенге жалақтап бола алмайсың жағымды. Біреуді арбап алдаумен аша алмайсың бағыңды.

VI. Мақал сөздің мәйегі. Тіл дамыту

«Кім көп біледі» ойыны


Мақал - мәтелдер.

1 оқушы: Аян

Өзек қуа ағады

Өзен судың саласы

Алыстан сәлем береді

Әдепті елдің баласы

2 оқушы: Азат

Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені.

3 оқушы: Ақерке

Жақсы бала сүйік, жаман бала - күйік

4 оқушы: Аружан: Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар

5 оқушы: Наргиз

Адал адамның аты арып, тоны тозбас

6 оқушы: Аллана

Ақылды адам айтқызбай біледі,

Ақ сұңқар қақызбай іледі.

7 оқушы: Әлихан

Саналы адам сағыңды сындырмас

8 оқушы: Азат

Талабы жоқ жас ұлың,

Жалына жоқ шоқ пен тең

Жаманға айтқан ақылың

Далаға атқан оқпен тең.

9 оқушы: Расул

Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.

10 оқушы: Наргиз

Аөылсыз адам айқалай келеді,

Жан - жағын жаппай келеді.

Ақылды адам жай келеді,

Жан - жағын байқай келеді.

11 оқушы: Дильнара Әдепті бала ата - анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

12 оқушы: Илияс. Ата - анаңының баласы болма,

Адамның баласы бол

13 оқушы. Әділет:

Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,

Кісі болмас баланың кісіменен несі бар.

Би. «Шығыс биі» Наргиз

VII. Ата мирас - асыл қазына


Ырым - тыйымдар

1) Наргиз: Бүйіріңді таянба

2) Дильнара: Жалғыз ағашты кеспе

3) Әлихан: Үлкеннің алдын кесіп өтпе

7) Расул: Үлкеннің сөзін бөлме

8) Әділет: Үйге қарай жүгірме

6) Аружан: Отты шашпа, күлді баспа

7) Нұрсәуле: Түнде тырнақ алма

8) Ақерке: Нанды төңкеріп қоюға болмайды

9) Аян: Үйді айналып жүгірме

10) Мансур: Жағыңды таянба, қолыңды төбеңе қойма

Би: Аружан: Қазақ биі

Ата - аналар мен балалар бірін - бірі тілсіз - ақ түсінуі керек. Сондықтан олар кезегімен жұмбақ айтысады. Бірақ сөзбен емес, айтарын қимылмен жеткізеді.

Ақерке: Бүгін келген ақ тоным

Ертең болар қара тон

Қара тоным аздан соң

Болып кетер ала тон (жер)

Аян: Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас. (жұлдыз)

Орынбасар: Қабат - қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

Нұрсәуле: Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (бор)

Өшірді, сүртпей

Өзін де құртты (өшіргіш)

Қанша болсын бойымыз,

Жазып қойдық жасырмай,

Бойымызға оны біз (сызғыш)

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза - жаза арықтаған (қаламсап)

Тарыдай боп кіресің,

Таудай болып шығасың (мектеп)

2 ойын. Балалар мен ата - аналар жақсы қасиеттері айту.

а) ата - аналар - өз баласының ең жақсы қасиеттерін

ә) Балалар ата - аналарына арнап айта алар ең жақсы сөздері

Би: Айгөлек: Жансая

IX. Адам болам десеңіз (Ой қорыту)

Не үйрендік, не білдік?

Жақсы - білімді, шыншыл, таза жүру, әдепті, мейрімді, тәртіпті, ұқыпты,

Жаман - еріншік,кішіге күш көрсету, өтірікші, тіл алмайтын, салақ, нашар оқу, әдепсіз

Хор: Бақытты балалық шақ

X. Қорытындылау


© 2010-2022