Менің елім Қазақстан сынып сағаты 5 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

План урока

Plan of the lesson

Күні/Дата/Date: 01.09.2015

Сынып/Класс/Class: 5 «Ә2»

Пән/Предмет/Subject: СЫнып сағаты

Тақырып/Тема/Theme: Менің елім - Қазақстан

Мақсаты/Цель/Aim:

Білімділік: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделеп, оларды еске түсірту, өз ойларын, білімдерін тиянақтау. .

Дамытушылық: Көрнекіліктер арқылы сабаққа деген ынтасын ояту, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық процестерін дамыту.

Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты қалыптастыру сабағы

Сабақтың формасы: дәстүрлі сабақ

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, репродуктивті әдістер

Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, суреттер, плакаттар, музыка, Елбасы суреті.

Сабақтsң барысы/ход урока/course of the lesson

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу.

-Түгендеу.

-Психологиялық ахуал туғызу.

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Сендерді бүгінгі 1 қыркүйек «Білім күнімен» құттықтаймын. Жаңа оқу жылында сендерге тек сәттілік тілеймін, сабақтарыңды жақсы оқыңдар, өздеріңді тек жақсы жақтарыңнан көрсетіп, үлкен үлкен белестерден көріне беріңдер дегім келеді.

ІІ. Негізгі бөлім

-Оқушылар, қазір мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр? Кім маған жауап береді екен?

- Отан дегеніміз не?

- Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады.

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

- Еліміздің елордасы қай қала?

- Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы.

- Балалар, желтоқсан айының 16-сы күні қандай мейрам?

- 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

- 30 тамыз бізде қандай мереке?

- Қазақстан Республикасының Ата заңына 20 жыл

-Жарайсыңдар оқушылар!

-Сонымен, біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан

Жарайсыңдар, Қазақстан! Қазір біз, сіздермен мынандай тапсырма орындайтын боламыз!

  1. «Қазақстан» деген сөзді естіген кезде біздің ойымызға қандай сөздер келеді?

-Қорытынды жасау

Менің елім Қазақстан сынып сағаты 5 сынып





  1. Оқушылар тақтаға назарымызды аударайық, мақал-мәтелді оқиық.

Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

-Қорытынды жасау.Тағы да қандай мақал мәтелдер білесіңдер отан, туған ел туралы.


  1. Ереже құрау.

  2. -Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, біздің еліміз әрқашанда тәуелсіз, егеменді болу үшін не істеу керек? қазір біз ереже құрамыз?!

  1. Қазақ тілде сөйлеу керек

  2. Бірлікте өмір сүру керек

  3. Бір-бірімізді сыйлау керек

  4. Рәміздерді сыйлау керек

  5. Білімді болу керек

ІІІ. Қорытынды.


Рефлексия.

-Сонымен оқушылар, бүгінгі сабақта не туралы әңгіме айттық?

-Біздің еліміз қандай екен?

-Еліміздің егемендігі еңселі, биік болу үшін не істеу керек екенбіз?

-Жарайсыңдар, ал енді қазір мен сендерге жүрекшелер таратамын, соларға сендер, өз елдеріңе арнап тілектеріңді білдіре қойыңдар, Менің елім Қазақстан сынып сағаты 5 сынып

(Музыка)

Қорытынды. Сабақты аяқтау





© 2010-2022