«Білім мен тәрбие -егіз ұғым» сайысы

Мақсаты: Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.Кіріспе сөз:Баланы жастан бақпасан,Жамандықтан қақпасан.Қадірден жұрдай қасқа боп,Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей-ақ, баланың ыстық-суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сү...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Эрудит» интеллектуалдық ойыны -2012!

7-8 сыныптарға арналған

-Қайырлы таң қымбатты ұстаздар және оқушылар. Баршаңызға мәлім осы апта бойы мектебімізде «Ел ертеңі - бүгінгі мектепте» атты дәстүрлі білім апталығы өтіп жатыр, осы апталық аясында бүгін сіздерге арнап өткізгелі отырған «Эрудит» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.

Мына ғасыр білімдінің ғасыры,

Сараланар адамзаттың асылы.

Қазақстан өркениет ел болса,

Заңды елімнің қуаныштан тасуы.

Мына заман білімдінің заманы,

Шәкірттердің таудай биік талабы.

Білімдіні анықтайтын сайыста,

Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы - деп бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақыралық.

Олар: 7 а сыныбынан ақылды Аружан, байсалды Бағдат, 7 б сыныбынан мейірімді Мадина, дарынды Дәулет, 8 сыныптан математик Мұстафа мен нар жігіт Нұрболды қол соғып қарсы алайық.

Келесі кезекте бүгінгі білім сайысының сарапшыларымен таныс болайық.

Олар: Урбисенова Алия Қабдырахиқызы және Орынғалиева Сәуле Отарқызы, Жұмағалиева Нұрсұлу Ғиниятқызы.

Ендеше бүгінгі ойын шарттарымен таныс болайық. Ойын барлығы 6 турдан тұрады.

1-тур: Бәйге бойынша барлығы 10 сұрақ оқылады, әр сұраққа 10 баллдан беріледі. Бұл кезең ой ашар болғандықтан еш ойыншы ойыннан шығарылмайды.

2 тур-«Жалғасын тап » бойынша 10 мақал оқылады, сол мақалдардың жалғасын тез, әрі қатесіз жалғастырған оқушыға 10 баллдан беріледі, бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

3-тур-«Кейіпкер келбет» бойынша ертегі кейіпкерлерінен 5 сұрақ оқылады, әр сұраққа 10 баллдан беріледі, бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

4-тур-«Қызықты деректер» бойынша қалған 4 оқушы 4 түсті ұяшықтарды таңдайды, сол ұяшықтарда орналасқан 4 түрлі пәннен берілген 3 сұраққа жауап береді, әр сұраққа 10 баллдан беріледі, бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

5-тур - «Кім көп біледі?» бойынша қалған 3 ойыншыға 3 әріп беріледі, сол әріптерге байланысты тапсырмалар орындалады. Бұл кезең 5 балмен бағаланады.,бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

6-тур - «Жорға» бойынша соңғы қалған 2 оқушыға 15 сұрақтан оқылады, әр сұрақ 1 баллдан бағаланады.

Ойын шарттары түсінікті болса, назарымызды тақтаға аударалық. Тақтада үкінің суретін көріп тұрсыздар.

Үкі-қазақтар үшін қасиетті құс. Оның қауырсындарындағы бедер - құранның құпияланып жазылған нұсқасы деген сеніммен, үкі қауырсынын үлкен табыс, бақыт әкелсін деп ата-бабаларымыз сынға түскен әншілер мен жыршыларының бас киімі мен домбырасына таққан екен. Ал, қазіргі таңдағы интеллектуалдық ойындарда үкі - кемеңгерлік пен ақыл символы болып есептеледі.

Ендеше ойынымызды басталық.

1-тур: Бәйге. Назарларыңыз тақтада болсын. Бұл турда шапшаңдық қажет.

1.Балалар туралы жазылған Б.Соқпақбаевтың повесі.

/Менің атым Қожа/

2.Алғаш қағазды ойлап шығарған ел. /Қытай/

3.200 теңгенің 25% қанша теңге. /50 теңге/

4.Жансыз заттардан құралған үйлесімді көркемсурет.

/Натюрморт/

5."Миллион" сөзін қазақ арасына жеткізген ағартушы.

/Ы.Ал тынсарин./

6.Уақыттың ең кіші өлшем бірлігі. /секунд/

7.Жоқ өзінде бас та, қас та мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында /Сызғыш/

8.Жарық түспейтін кеңістік /Көлеңке/

9.Оқулық беретін орын. /Кітапхана/

10.Қазақстанда "Қызыл кітап қашан шықты? " /1977/

2 тур-«Жалғасын тап » бойынша 10 мақал оқылады, сол мақалдардың жалғасын тез, әрі қатесіз жалғастырасыздар. Есте сақтаңыз бұл турдан кейін ұпайы аз алғашқы ойыншы ойыннан шығарылады.

1.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл.

2.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

3.Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

4.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

5.Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.

6.Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

7.Отыз күн оразаның бір күн айты бар.

8.Елу жылда ел жаңа.

9.Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

10.Алты жыл аш болсаң да, ата-салтыңды сыйла

Кезек сарапшыларда 1,2 турларды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз.

3-тур-«Кейіпкер келбет» бойынша ертегі кейіпкерлерінен 5 сұрақ оқылады.

1.8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері

/Ер Төстік/

2.Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты. /Шықбермес Шығайбай/

3.Ол беске дейін ғана санау білетін. /Буратино/

4.Тайбурылдың иесі. /Қобыланды батыр/

5.Мысықтың құйрығын алып қойған қыз. /Мақта қыз /

Кезек сарапшыларда 3 турды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз.

4-тур-«Қызықты деректер» бойынша қалған 4 оқушы 4 түсті ұяшықтарды таңдайды, сол ұяшықтарда орналасқан 4 түрлі пәннен берілген 3 сұраққа жауап бересіз. Сонымен ұпайы аз оқушы ------------ таңдау кезегі өзіңде.Қай ұяшықты таңдайсың?

Кезек сарапшыларда 4 турды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз

5-тур - «Кім көп біледі?» бойынша қалған 3 ойыншыға 3 әріп беріледі, сол әріптерге байланысты тапсырмалар орындалады. Кезекпен әріп суыралық.

Кезек сарапшыларда 5 турды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз

6-тур - «Жорға» бойынша соңғы қалған 2 оқушыға 15 сұрақтан оқылады, әр сұрақ 1 баллдан бағаланады.

1 -оқушы:

1.Әр адамның шағын Отаны /отбасы/

2.Ең кіші төрт таңбалы сан. /1000/

3.Жылдан құр қалған жануар. /түйе/

4.Адам денесінің тірегі не? /қаңқа/

5.Көкжиектің неше тұсы бар? /4/

6.Бес дұшпанды атаңыз. /өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/

7.7 Азиада өткен қалалар. /Астана, Алматы/

8.Күйді орындаушы адам. /күйші/

9.Ақан серінің тұлпарының аты. /Құлагер/

10.Ақ алтын. /Мақта/

11.Жеті күн. /апта/

12.Абайдың әжесі /Зере/

13.Ұя салмайтын құс. /көкек/

14Біржанмен айтысқан ақын қыз. /Сара/

15.Заттың санын білдіретін сөз табы. /Сан есім/

2 -оқушы:

1Ақ сүт берген аналардың анасы кім? /әже/

2.Сөз басы не? / сәлем/

3.Отбасының пірі, қара шаңырақ қожасы кім? /әке/

4.Қуанышты жаңалықты хабарлау /сүйінші/

5.Ең зор байлық /денсаулық/

6.Тауықтың түсіне кіретін дән. /тары/

7.Семіздікті көтеретін жануар. /қой/

8. Қара алтын. /мұнай/

9.Махамбеттің жолдасы кім? /Исатай/

10.Жігіттің үш жұрты. /Өз, нағашы, қайын жұрты/

11. Күй атасы. /Құрманғазы/

12.Заттың сынын білдіретін сөз табы. /Сын есім/

13. Өз атын өзі шақыратын құс /көкек/

14.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. / Т Әубәкіров/

15. 0-ден үлкен сандар /оң сандар/

Қорытынды:

Сайысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Әрдайым білімімізді шыңдап жүрелік.


© 2010-2022