Внеклассное мероприятие: Ана үміті

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана үміті»

Мақсаты:

1. Оқушылардың аналарын шақырып, олардың алдарында шағын концерт ұйымдастыру.

2. 8-ші наурыз мерекесін өткізе отырып оқушыларға аналарын құрметтеуге, сыйлауға үйрету.

3. Бірлікке баулу.

Сабақтың барысы:

  • Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, аналар, ұстаздар қауымы, сүйкімді қыздар, оқушылар!

Көктем келді! Күн күліп арайланды

Шын досыңның көктемдей арай жаны.

Күліп аспан, ал дала шаттанғанда

Жылуындай көктемнің тарайды әні.

Көктем! Күн нұрын көктен төккен,

Көктем! Бақыт дәнін сепкен

Әлемнің көктемінде- ана мерекесі,

Танытар ырыс-құтын берекесі. - деп бүгінгі «Ана үміті» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Аяулы аналар! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып мынадай өлең жолдарын сыйлаймыз

1.Зухра

Анашым, жарқыраған күнімсің!

Сол күніңнен нұр алған құлпыраған гүліңмін.

Сондықтанда адамзат анаға ақ бата берейік,

Жарқыраған күніміз ешқашан сөнбесін дейік.

Бақыт құсы ешқашан ұшпасын сенің қолыңнан,

Жүз жаса, мың жаса, аман жүр қасымда!

Асу-асу арман бар, сол арманға жеткізсін,

Өмірдің бар жақсылығын құдайым саған көрсетсін.

2,Жаныбек

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған,

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау бол ақ мамам.

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен.

3.Төлеу

Мен деп кірпік қақпаған,

Менсіз тағам татпаған,

Бақыты үшін балаңның,

Аман-сау жүр ақ мамам.

Жүргізуші

Жан анам, құттықтаймын март күнімен,

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елің берген бақыт бағың,

Жазбасын шат көңілің шат күйінен.

Оразбай мен Мараттың орындауында ән «Анама»

(Өлең айтылады)

Жүргізуші

Қашанда мәлім маған, ана, сырың.

Өзің ғой қуанышым, жан ашырым.

Атыңа ана деген тең көрмеймін,

Жаһанның жиып берсе бар асылын!

Сіздердің алдарыңызда қыздардың орындауында би

(3 қыз би билейді)

Жүргізуші

Арым да, ардағым да анам екен,

Ана деген адамға атамекен

Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті

Жүрегіңде жыр болып жатады екен

Келесі нөмірімізде қысқаша сықақты тамашалаңыздар,

  1. Маяк

  2. Аш студент

  3. Бүлдірген

Жүргізуші

Ана деген адамға атамекен

Әр адам атамекенге адал екен

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығын

Бір күнгі тәтті ұйқыңнан садаға екен.

Оразбай мен Мараттың орындауында ән: «Арман-ай»

Енді құрметті аналар барлығымыз бірлесе отырып ойын ойнаймыз.

Бұл ойынның шарты бойынша осы жерде отырған аналардың біреуі шығады және оның көзі байланады. Барлық оқушылар қолдарын созып тұрады,көзі жабық ана қолдарды сипалап өз баласын тауып алу керек.

Ойыннан кейін барлығы шайға отырады.





Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Ана үміті»




© 2010-2022