Ыбырай Алтынсарин. Әке мен бала

Ыбырай  Алтынсарин. Әке мен бала   Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ы. Алтынсарин өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін жан-жақты талқылау. Дамытушылық: «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру. Тәрбиелік: Педагог-жазушының халыққа берген бағыт-бағдарын оқушы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ыбырай Алтынсарин. Әке мен бала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ы. Алтынсарин өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы

білімдерін тереңдете түсу.

Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін жан-жақты талқылау.

Дамытушылық: «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелік: Педагог-жазушының халыққа берген бағыт-бағдарын оқушылар бойына дарыту, үлгі ету, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу, жаман әдеттен сақтандыру.

Сабақтың түрі: сын тұғысынан ойлау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс, кубизм әдісі.

Көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портреті, сабақтың эпиграфы, тірек схемалар, болжау кестесі, сызба кестесі, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Сәлеметсіз бе!

Амандасқаннан кейін әнұран орындалады.

- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Сыныпта кім жоқ ?

- Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

- Жақсы.

- Балалар мен сендерді үш топқа бөлемін, қазір сендер 1,2,3- деп санап отырып, бөлінесіңдер. 1-ші топ, 2-ші топ, 3-ші топ. Енді топ басшыларын сайлап алыңдар. Топ басшыларына бағалар қоятын тізімді беру.

- Психологиялық дайындық «Жылы тілек тілейік»

- салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері.(Мысалы) тірек сызба керек Ал, енді бәріміз орнымыздан тұрып бір-бірімізге жылы тілек тілейік.Әр уақыт есіңізде жүрсін «Бірлік-біздің күш-қайратымыз». Осындай күш-қайратымызбен біз бүгін сабағымызды сәтті өткіземіз деп ойлаймын.(Оқушылар орындарына отырады)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Балалар біз өткен сабақта үй тапсырмасында лексикалық тақырыпты толық қайталап өттік. Бүгін үй тапсырмасы грамматикалық тапсырмалар.

а) Құрмалас сөйлем және оның түрлері

ә) салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері.(Мысалы) тірек сызба керек

б) . сабақтас құрмалс сөйлем және оның түрлері

ІІІ. Сабақтың эпиграфы: «Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала»

- Балалар мен қазір сендерге жұмбақ айтамын, ал сендер шешуін табыңдар.

Қар еріп су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып жылиды.

Бұл қай кезде болады? (көктемде)

- Жақсы. «Көктем» сөзін естігенде қандай сөздер ойға келеді?

Қазір көктем мезгіліне арналған ассоциаграмманы толтырайық.

- Көктем мезгілін кімдер асыға күтеді? «балалар»

- Олар неліктен көктемді асыға күтеді ? «көктем қызығы басталады»

- Балалар қандай қызықтар күтеді ? (суреттер бойынша айту)

Қанатты сөздер: (табиғат туралы нақыл сөз керек) Үлкенді сыйла- кішіге қамқор бол.

Ал, қазір мынандай жағдай:

І- Сендер көшеде келе жатырсыңдар. Жолда бір таяққа сүйенген қария адамға кездесесіңдер. Ол жол тайғақ болғансын, жолдан өте алмай тұр екен.

- Осындай кезде не істеу керек?(жолдан өткізіп жіберу керек)

ІІ- Алмас шөптің жанып жатқанын көріп, өртті футболкасымен өшірді. Ол ағашты аман алып қалды.

- Алмас қандай бала?(әдепті,тәрбиелі,батыл)

ІІ- Үйдегі сандықтың ішінде кәмпит бар. Ал сандықтың аузында қара құлып тұрады. Жақан сандықты шегемен ашады.

Анасы: «ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер»,-дейді.

- Жақан қандай бала?(әдепсіз, ақылсыз,ұры бала)

Дұрыс, балалар енді сабағымыздың эпиграфның мағынасын ашайық. «Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала»

-Алмас қандай бала?(әдепті-арлы бала).

-Жақан қандай бала?( әдепсіз- сорлы бала)

IV. Жаңа тақырып.

1.Кіріспе. Балаларға тәлім-тәрбие беруде ақын-жазушыларымыздың шығармашылығын маңызы зор. Бүгін біз бір ақынның сондай әңгімесіне тоқтаймыз. Ол кім екенін, сөзжұмбақты шешіп,білеміз.

2. Сөзжұмбақ.

1. Елтаңбамыздың жоғары жағында не бейнеленген?(жұлдыз)

2. Абай атамыздың шын аты? (Ибраһим)

3. Қазақ халқының ұлттық сусыны?(қымыз)

4. Ы.Алтынсариннің туған жері? (Торғай)

5. Ы.Алтынсариннің атасының аты?(Балқожа)

6. Сурып салма өлең? (Айтыс)

-Қай ақын-жазушымыздың есімі шықты?

V.Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазамыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: . Ы.Алтынсариннің « Әке мен бала »әңгімесі. Ы. Алтынсарин өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу.Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін жан-жақты талқылау, әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

VI. Ой қозғау. Дәптермен жұмыс:

Балалар, біз Ыбырай Алтынсарин туралы өткен сабақтардан білеміз. Қазір біз Ыбырай кім,қандай игілікті істер атқарғаны туралы ойымызды жинақтап, диалог құрастыру.

Ал, енді балалар . Ы.Алтынсариннің « Әке мен бала » әңгімесіне тоқталайық.

VII. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен таныспай тұрып, жаңа сөздермен жұмыс жүргіземіз.

«Әке мен бала» мәтіні бойынша жұмыстың түрі түртіп оқу. Мәтінді үш абзацқа бөліп, сұрақ арқылы жұмыс жүргіземіз.

1. мәтіннің негізгі ойы әкесінің қай сөзінде?

2. тест жұмысы.(10 сұрақ)

VIII. Қорытынды. Оқушылар өздері тақырып бойынша сөз таңдап алады. 5 жол өлең.

1. Зат есім

2. 2 сын есім

3. 3 Етістік

4. Сөйлем

5. Синоним

IX. Бағалау.

© 2010-2022