Адам болам десеңіз тәрбие сағаты 2 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: "Адам болам десеңіз"
Кіріспе
Менің ұсынып отырған 2 - сыныптың ана тілі оқулығына арналған электронды оқулықтар жобасы.
Бұл кітапта «Адам болам десеңіз» тарауы бойынша, яғни Абай атамыздың өлеңін басшылыққа ала отырып, таруда көптеген ақын - жазушы, сықақшы шығармаларымен таныстырылады. Мысалы «Салақтық», «Сүт қалай ұйықтады?», «Даңғой», «Тәкаппар», «Көк кептер», «Жиырма тиын» шығармалары қамтылды. Тараудың мақсаты - осы тарау бойынша білімдерін жалғастыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашып, идеясын ұғындырып, мәтінді талдауға үйрету. Абай өлеңінен бес асыл қасиет пен бес жаман әдеттерге түсінік бере отырып, оқушы бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, жаман әдеттен жиренуге, таза жүруге, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, ізетті болуға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Мысалдардың мазмұны бойынша таңқаларлық көрініс құрастыру, соған байланысты проблемалық ой туғызу, мысал туралы ұғымдарын дамыту, кейіпкерлердің іс - әрекетіне өз көзқарасын білдіру, ой - өрісін, шығармашылық қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Мақсатым оқушыға кез - келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы кезеңдерде «Топтау», «Болжау», «Жигсо - 1», «INSEРT», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «Семантикалық карта», «Кейіпкерге хат» т. б. стратегиялары қолданылды.
«Пікірлер ағашы», «Адасқан әріпті тап», «Санды ретімен қой», «Ребус», «Балық» ойын», «9 құс» жұмбақ сурет, «Қоржынды толтыр» логикалық ойындар енгізілді.
Сабақтарда қамтылған әдістер мен ойындар баланың танымдық белсенділігі арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, сабақ жеңіл әрі қызықты өтеді және оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді деп сенемін.

«Пікірлер ағашына» Абай ата туралы білетінімізді жазып толтыру
Қазақтың ұлы ақыны
Семей өңірінде туған
"Ғылым таппай мақтанба", "Күз",
Құнанбай
Абай ата сөзі
Бес асыл іс --------------
Бес дұшпанның (жаман іс)---------------



© 2010-2022