Ашық тәрбие сағаты тақырыбы Менің елім

Ашық тәрбие сағаты тақырыбы "Менің елім". Бұл тәрбие сағаты саяхат сабағы болғандықтан оқушыларды Отанды сүюге, қорғауға және көптеген білмей жүрген сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. I.- Сәлеметсіңдерме, балалар! «Отан отбасынан басталады!» - деп халқымыз айтқандай. Отан кең мағыналы қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның...
Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің елім!


Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал- мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді. Қағазға әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет

Керекті құралдар: оқушыларға арналған сұрақтар салынған конверт, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз. Ойынға 2 топ қатысады

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
    - Сәлеметсіңдерме, балалар! Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.
    Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады!» - деп халқымыз айтқандай. Отан кең мағыналы қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Бүгін «Менің елім!» атты саяхат-ойынын өткіземіз.
Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ қатысады.

І - топ. «Бейбітшілік»

ІІ - топ. «Қазақстан»

Әр бекеттен сұрақтар қоямын. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.

Әділ қазылармен таныс болайық:

  1. Бірінші «Тарих» бекеті қазір мен сендерге сұрақтар қоямын. (конверттен сұрақтарды алу)
    1. Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
    2. Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)
    3. Қазақстанның елордасы? (Астана)
    4. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
    5. Қазақстанның ең алғашқы астанасы ? (Орынбор)

  2. Екінші «Тау мен дала» бекеті (конверттен сұрақтарды алу)
    1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс
    Қазақстан облысы)
    2. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)
    3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар (Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік т.б.)
    4.Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,
    Басқан, Сарқант)
    5. Қазақстанның ең биік нүктесі ата? (Хантәңірі шыңы)
    (Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады)

  3. Үшінші « Әдебиет» бекеті (конверттен сұрақтарды алу)
    1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.)
    2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар (Ер- Төстік, Алтын сақа, Асанқайғы, Тазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.)
    3. Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:
    Отансыз ...адам - ормансыз бұлбұл
    Отан ...оттан да ыстық
    Ел іші -.... алтын бесік
    Отан - ....елдің анасы, ел -ердің анасы
    Туған жерге...туың тік
    Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас.

  4. Енді біз сендермен жұмбақтарды шешіп көрейік:
    Аузы төбесінде,
    Тұтқасы денесінде (Құман)
    Иінінде құлағы,
    Ішінде бұлағы,
    Көмейіне от салсаң,
    Ызыңдап тұрады. (Самауыр)
    Мал төлдеп,
    Әр ауыл
    Пісіреді ақ бауыр (Уыз)
    Басы құдық,
    Сабы сырық. (Ожау)
    Ыдыс -аяқ бөлмесі,
    Тазалықтың көрмесі. (Әбдіра)

  5. Төртінші «Ән-күй» бекеті (конверттен сұрақтарды алу)
    Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден ән шумақтарын құраңдар.
    • Қаратаудың басынан көш келеді,
    Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, («Елім-ай» әні)
    • Әй-әй, бөпем,
    Кейін қалған елімді
    Көрер ме екем! («Угай-ай» әні)

  6. Бесінші «Салт -дәстүр» бекеті. (конверттен сұрақтарды алу)

1.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз )
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз....)
3. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік)
4. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)

5. Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

  1. Алтыншы «Табиғат» бекеті

Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар
1.МАТЫАЛ (Алматы)
2. АНАТСА (Астана)
3. ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды)
4. ЕКТНМЫШ (Шымкент)
5. РДПОЛАВА (Повладар)

  1. Қорытынды сөз:

- Қазақстаным, мекенім
Ынтымақпенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің,
Даламды бабам мұра еткен.
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын.
Ауылымды арай нұр еткен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алай жүрекпен! - дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымыздың саяхат - ойынын аяқтайық.(жеңген команданың мүшелерін ортаға шығарып марапаттайды).


© 2010-2022