Ұлыстың ұлы күні - Наурыз

Внеклассное мероприятие по празднованию Наурыз мейрамы. Наурыз - это праздник Нового года по восточному календарю и приходит на 22 марта, в день равноденствия. Казахский народ, как и все народы востока широко отмечают этот праздник. Обычно праздник сопровождается веселыми песнями, задорными танцами, проведением народных обычаев и традиции, национальными играми, а в гости приходят различные сказочные персонажи. Очень важно прививать с малых лет детям все эти традиции празднования Наурыз. Предлага...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтайбаева Т.Қ.

Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Қарағанды қаласы, №60 ЖББОМ


Наурыз мерекесіне арналған іс-шара

"Ұлыстың ұлы күні -Наурыз"

(бастауыш сыныптарға арналған)

Зал ұлттық ою - өрнектерімен, Наурыз жайлы қанатты сөздермен әсем безендірілген.

Ортаға 2 бала шығады:

1 - бала: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған

Мына біз бар!

2 - бала: Естімеген естіңдер!

Тыңдамаған тыңдаңдар!

Наурыз тойы басталды!

Жүр: Келіндер, Наурыз тойға бәрің бүгін

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық халық тойы наурызымның

Шуағын жерге төккен бақыт күнін!

Құрметті қонақтар, сүйікті балалар!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Міне, біздің асыға күткен жаңа - Жылқы жылымыз да табалдырықтан аттады. Бәріңізге де жаңа жыл - бақыт жылы, бейбіт жылы болсын!

Ортаға домбырашы шығып «Той бастар» айтады.

Жүр: Құрметті қонақтар! Балалардың наурызға арнап жаттаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

1 - бала: Бүгін ескі жыл бітіріп

Жаңа жыл басталды

Ортаға талай жылдар салып

Наурыз қайта оралды.

2 - бала: Бүгін күн - түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді!

3 - бала: Наурыз тойы салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

4 - бала: Өмір бағы жайнасын

Бақта бұлбұл сайрасын

Өркендесін тіршілік

Өсіремін бір шыбық!

5 - бала: Тыныш болсын даламыз

Таза болсын ауамыз

Түгел болсын нуымыз

Тұнық болсын суымыз!

6 - бала: Дастарқанда дәміміз

Жайдарымыз бәріміз

Көжесі көп,

Қыры көк

Қандай жақсы наурыз!

Жүр: Ал, балалар тұрсаңдар

Ойын - сауық құрыңдар,

Шашу болсын наурызға

Шырқап әнге салыңдар!

«Наурыз» әні шырқалады.

Осы кезде есікті тықылдатқандай болады. Бұл жыл басы - Жылқы.

Жылқы: Мен келдім міне ортаңызға

Амандық тілеп баршаңызға

Саулығын берсін деймін бәрімізге

Жеткенше бауырым қой жылға.

Жүр: Наурызға бүгін, міне, ағылды жұрт

Күттіріп бар жұртымды сағындырып

Аттаған есігімді жаңа ғана

О, Жылқы құтты келдің жоғары шық

Бас қонақ өзіңсің ғой осы тойда

Отыршы төрімізге көрпе жайда

Жылқыны бірінші рет қарсы алған

Бүлдіршін көрсет өнер осындайда.

1 - бала: Тақпақ айтам жыл басы

Құлағың сап тыңдашы

Бар бөбекке өзімдей

Тыныш өмір сыйлашы.

2 - бала: Тақпағым бар жаттаған

Соны айтам мақтанам

Бір жасқа мені өсірді

Жаңа жыл жаңа аттаған.

3 - бала: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

дастарханына елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.

4 - бала: Әнім де саған, білім де

Кұт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде!

Ән (көктем келді)

Осы кезде ортаға асығыс Шығайбай шығады.

Артынан жүгіре қабына кемпірі, оған ере Алдар көсе де ортаға шығады.

Шығайбай: - Әй, бәйбіше, мынаған бізді бер де үйіне

Жіберші, мен тойға кеттім, - деп жинала бастайды.

Бәйбішесі: Ойбай - ау, тойға шалым мына тоқашты берейін, жолда жерсің, - деп

ыстық тоқашты қойнына салғанда аңдып тұрған.

Алдар көсе: Үйбай - ау, Шығеке, енді қайтып көріскенше кім бар, кім жоқ.

Құшағымызды айқастырып қоштасайық та, - деп құшағын жая келіп

ыстық тоқаш тұрған кеудесіне кеудесін тақай қоштасады. Ыстық

тоқаш денесін күйдіріп жіберген.

Шығайбай: - Ой, атауыңды жегір, мә, сен - ақ алшы осы ыстық тоқашты, - деп

ренжігендей болып тоқашты Алдарға беріп жатқан кезде алдынан Тазша

бала шығады.

Тазша бала: Өтірік өлең айтып, ханға барған

Мен Тазша шешендікпен топты жарған

Қу бас та домалаған той дегенде

Шығайбай Алдарменен келдің қайдан?

Ой, Шығеке, Алдеке ұлыстың ұлы күні бұл ренжігендеріңізге жол болсын! Ұлыстың ұлы күні адамзат бір - біріне деген реніштерін ұмытып, достасады, бір - біріне қалған қөңіл кірбіңдерін кешіріп, ынтымақтасады екен.Ал, ол күні ренжіген адамның жолы өмір бойы болмайды екен. Бір - біріңізге деген реніштеріңізді кешіріп, Наурыз тойына жүріңіздер! - дейді.

Екеуі реніштерін кешіріп, құшақтасады. Үшеуі бірігіп: Уа, бүлдіршіндер, уа халайық, тойларың тойға ұлассын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

Жүр: Айтқаныңыз келсін Шығайбай ата, Алдар аға, Тазша бала. Ортамыз сіздермен толсын, жоғары шығыңыздар. Бүгінгі мерекеге деген ән - жырларымызды, биімізді сіздер де көріп тамашаларңыздар!

«Наурыз той әні орындалады»

Жүр: Осы топтан құралған ұлт - аспаптық оркестінің өнерін тамашалаңыздар!

Оркестр.

Осы кезде залға сызылып Қаракөз кіреді.

- Мен Қаракөз сұлумын өнері асқан

Биледім мың бұралып бала жастан

Өнерім мерекеге шашу болсын

Отырған жұрт мәз болып қабыл алсын!

Би билеп береді де

- Қайда менің Айдана өнерпазым

Ортаға шықсыншы бір тартынбастан

Айдана: Наурыз мерекесіне шашу ретінде домбырамен би билеп берейін.

Би биленеді.

Осы кезде Алдар көсе: Бәрекелді! Неткен биші қыздар. Өнерлерің өрге бассын!

Балалар, енді бір уақыт Тазша бала екеуімізбен бір ойын

ойнасыңдар қайтеді.

«Тақия тастамақ» Ойынын Тазша бала былай бастайды:

Ойым бар бір ойын бастамақ.

Аты оның - «Тақия тастамақ»

Шеңбер боп отыра қалыңдар

Ым қағып жүрместін қас - қабақ

Ақырын аспаймын, саспаймын

Шеңберді айнала бастаймын

Біріңнің тұсыңа жеткенде

Сездірмей тақия тастаймын.

Алдар көсе: Өнерлі бала екенсіңдер, бәрекелді!

Тазша бала: Бұл көргенің аз, Алдар аға. Бұл балалар айтыса да біледі.

«Ұлдар мен қыздар» айтысы.

Жүр: Бұл айтыста ұлдардан қыздар басым түсті. Ендеше олардан айып сұрайық, солай емес пе қыздар!

«Сайыс биі орындалады»

Би аяқталған соң залға. Ақ әже кіреді, қасына ерткен немересі бар. Баяу музыка ойналып тұр.

Жүр: Армысыз, Ақ әже!

Хош келдіңіз!

Әже: Бар бол балам, амансыңдар ма балапандарым! Наурыз тойы құтты болсын!

Ақ мол болсын! Қайда барсаң да жол болсын!

Жүр: Қасыңызға немереңізде неге ерттіп жүрсіз?

Әже: Мынадай той күні осы немеремнің тұсауын кесейін деп ойлап едік, осы қуанышымызға сіздер де ортақ болсын деген оймен ертіп жүрмін, балам.

Жүр: Бәрекелді әже, қуанышыңызға ортақпыз!

Балаларға қарап: Балалар, бұл тұсау кесер рәсімі бала аяғын апыл -тапыл басып жүре бастағанда жасалады. Оған ата - бабамыз қатты көңіл бөлген. Тұсауы кесілген бала болашақта жолы болғыш, өмірден сүрінбей жүрсін деген тілектен туған.

Тұсауы кесілетін сәбидің аяғы әуелі қара - ала жіппен байланады. Жіптің қара және ақ болуы баланың келешек өмір жолында қара күштер мен ақ ниеттер қатар кездесуі мүмкін дегенде меңзесе керек. Содан соң ата - анасының ұйғарым өтінішімен тұсау кесуді еті тірі, жүрісі түзу, өздері сыйлайтын адамға жүктеген. Ендеше мерекемізді осы рәсіммен жалғастырайық.

Әжеге қарап: Бұл ісіңіз құптарлық екен, әже!

Мына отырған балалар ата салтын, дәстүрін біліп жүрсең деген

ниетіңіз ғой.

Әже: Әлбетте, қарағым.

Ал, халайық! Менің немеремнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?

Жүр: Ала жіпті алайық

Әжеңе алып барайық

Ер жетті деп айтайық

Шашу жеп, қайтайық!

Әже ала жіпті алып, немересінің аяғына байлап оны қиып жатып:

Қаз - қаз, балам, қаз балам!

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін!

Қаз - қаз, балам, қаз балам!

Тақымыңды жаз балам

Қадамыңа қарайық

Басқаныңды санайық

Немеренің аттағанын балалармен бірігіп санайды. «Қадамыңа гүл бітсін!» деп шашу шашады.

Әже батасын береді: Жортқанда жолың болсын,

Қызыр баба жолдасың болсын!

Арғымақтай жүйрік бол!

Асқар таудай биік бол! Әумин!

Тұсау кесілген баланың анасы:

Рахмет, сізге әже! «Орамал тон болмайды жол болады» дейді ғой, аздаған сыйлығымызды қабыл алыңыз!

Жүр: Рахмет сіздерге! Енді балалар әже мен немересіне арнап бәріміз «Латипа» биін билеп берейік!

Жүр: Ақ, әже! Наурыз күні балаларыңызға қандай сый - сияпат әкелдіңіз!

Әже: Адал аспен бұтырған

Дәм татсын ел жиылған

Бидай салдым көжеге

Мол болсын деп биыл нан

Тары салдым көжеге

Женті көп болсын деп

Күріш салдым көжеге

Тойда палау болсын деп

Ауыздан ақ кетпесін

Судан ерін кетпесін

Келген риза, кеткен тоқ

Құтты қонақ ет жесін!

Осы ақ дәмнен бәрің де ауыз тиіңдер, қарақтарым!

Жүр: Көп рахмет әже! Наурыз тойының наурыз көжесін топқа барып татамыз. Лайым наурыз көже дәмі бұйырсын сіздерге. Келер наурызға да төрт көз түгел, уайым - қайғысыз, тоқшылықпен кездесейік!

Жүр: Барлық қиыншылық өткен жылмен, еліміз аман болсын! Енді барлығымыз бірігіп «Отаным» әнін шырқайық!



© 2010-2022