Отбасы тәрбиесінің позитивті жақтарын насихаттау баяндама

 Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. “Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық”,  яғни үй болу некелесу, - дейді халық .  Сонда некелесіп, отау тігу деген не? Бұл – жігіт пен қыздың ресми құқықтық негізде , яғни заңды ерлі – зайыптылық қарым – қатынасқа түсуі, қосылып үй болған екі жастың материалдық және жеке бас мүдделері, бала туу мен оны тәрбиелеудің заңмен бекітілуі . Мұны некелесу – некеге тұру дейді. Жігіт пен қыздың некеге тұрып, б...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы тәрбиесінің позитивті жақтарын насихаттау

Отбасы - адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. "Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық", яғни үй болу некелесу, - дейді халық . Сонда некелесіп, отау тігу деген не? Бұл - жігіт пен қыздың ресми құқықтық негізде , яғни заңды ерлі - зайыптылық қарым - қатынасқа түсуі, қосылып үй болған екі жастың материалдық және жеке бас мүдделері, бала туу мен оны тәрбиелеудің заңмен бекітілуі . Мұны некелесу - некеге тұру дейді. Жігіт пен қыздың некеге тұрып, бірігуі - жеке отау тігіп, өз отбасын құруы.

Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын бірлесіп, әлеуметтік - тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Демек, некелік - отбасылық қарым - қатынастың биологиялық - тарихи, әлеуметтік және құқықтық мәні бар.

Отбасы тәрбиесі - ата - аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштас. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, ол адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи - биологиялық және шаруашылық, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.

Отбасы тәрбиесі- күрделі де көп қырлы жүйе. Оның белгілі бір дәрежеде қалыптасуына тұқымқуалаушылық, ата-аналармен балалардың биологиялық немесе табиғи денсаулығы материалдық-экономикалық қамтамассыз етілуі, әлеуметтік жағдайы, өмір сүру мәнері, отбасы мүшелерінің саны, тұрғылықты жері, отбасындағы балаға деген қарым-қатынас т.б. факторлар әсер етеді.

Отбасы тәрбиесінің мақсаты: Тұлғаның бойында өмір жолында кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерді шыдамдылықпен жеңе алатындай, ересек өмірге тез әрі жеңіл бейімделуге мүмкіндік беретіндей, қасиеттерді қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

  • баланың өсуімен дамуы үшін, барынша толық жағдайлар жасау;

  • Отбасын құру мен сақтау, мұнда балаларды тәрбиелеу мен үлкендерге деген қарым-қатыас тәжірибесінің, атадан балаға жеткізіп отыру;

  • Жақынға көмек және балалардың өзін-өзі күту үшін қажетті және пайдасы қолданбалы дағдылар мен шекберліктерге үйрету;

  • Баланы өзін-өзі құрметтеуге үйрету;

Отбасының негізгі міндеттерінің бірі - жас ұрпақты жақын сезімдерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу жауапкершілік , достық, ар - намыс сезімдері негізінен ошақ қасында қалыптасады. Ересек адамдар жеке бастарының өнегесімен жас баланың бойына осындай сезімдерді азаматтық парыздарды ұялатады. Әке - шеше және де басқа да ересектер жеткіншектерге сөзбен ғана емес, жеке бастарының өнегесімен , іс - әрекетінің үлгісімен ықпал жасайды. Отбасы шағын ұжым. Оның басшыларының мінез - құлқындағы олқылық бала бойына күйкі , тұрпайы сезім ұрығын ұялатды.Ата - аналар ұнамсыз жағдайларға тіпті уақытша болса да бой алдырмауға жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көрінстің ықпалы лезде тамыр жайып оның бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал.

Отбасы, оның барлық тіршілігі, ата -ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір - бірімен қарым - қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары - осылардың бәрі балаларға ұмтылыс терең әсер етеді

Отбасы тәрбиесінің принциптері:

  • Өсіп келе жатқан адамға ізгілік және жанашырлық көзқарас;

  • Балаларды отбасы өмірінде кең құқылы мүше ретінде қабылдау;

  • Отбасының қарым-қатынасындағы сенімділік және ашықтық;

  • Отбасының өзара қатынастарындағы тиімділік;

  • Үлкендердің өз талаптарын бірізділікпен қоя білуі;

- Балаға қолдан келген қолдан келген көмекті аямай, оның барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болу;

Отбасы тәрбиесінің мазмұны барлық бағыттарды қамтиды:экономикалық, адамгершілік, еңбек, дене, экология, этика және т.б. Отбасы негізінде балаға деген махаббат жатыр. Бұл махаббат соқыр болмауы тиіс.

Мектеп пен отбасы - балалық және жасөспірім шақтағы тұлға әлеуметтенуінің негізгі және тең құқылы субьектілері. Отбасы мен мектептің қарым-қатынасы туралы айтқан кезде бұлардың тәрбие ісінде өзара байланысы - бірін-бірі толықтырып отыруы және тығыз жұмыс жасауын атап өткен жөн. Бала үшін маңызды бұл институт бірге отырып әрекет еткенде ғана жағымды жетістіктерге жетуге болады. Тәрбие мен оқытудың маңызды міндеттерін шешуде ата-аналар өздерінің педагогикалық ұжымның мүшелері ретінде сезінуі және сол тұрғыдан балаға ықпал етуге тиіс. ӨЗ тарапынан да мектепте тәрбие обьектісі ретіндегі өз тәрбиеленушісіне байланысты емес оның ата-анасына және отбасының басқа мүшелеріне назар аудару ықпал ете білуі қажет.






АОтбасы тәрбиесінің позитивті жақтарын насихаттау баяндама.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Мектепішілік ата-аналар жиналысы


Баяндама



Отбасы тәрбиесінің позитивті жақтарын насихаттау

Отбасы тәрбиесінің позитивті жақтарын насихаттау баяндама



ТЖО: Ермекқалиев Ғ.Х







2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022