«Тіл мерекесі – ел мерекесі»

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тіл мерекесі - ел мерекесі»

Сыныбы: 4
ҚР халықтарының тілдері күніне арналған фестивальдің жоспары.
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.
Міндеттері: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт - дәстүрлері туралы айту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация «Халықтар достығы», акт залын безендіруге арналған заттар, ұлттық киімдер, интерактивті құрылғылар;

Фестивальдің барысы:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке- Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгін тіл мейрамына арналған тілдер фестивалін өткеземіз.

22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы -Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.

Тұған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Қазақстaнда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі.

Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе - өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.

1- жүрізуші: - Өз тіліңді құрметте,- деп бабамыз тегін айтпаған еді. Қазақстанның ортақ жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, өздерінінің туған ана тілін, өз мәдениетін, ұлттық биін мәңгі жадында сақтап келер ұрпаққа сұра етеді.

2- жүрізуші: Жаны жарқын жайдарлы, жарқын өскен қазағым,
Жібек мінез, мәрт көңіл, шалқып өскен қазағым.
Досы менен дұшпанын теңдей көрген қазағым,
Бұйда етіп, нарына алтын ескен қазағым.
Сайын дала төсінде сайрап өскен қазағым,
Ұлы менен қыздары жайнап өскен қазағым.
Өнерлі боп шетінен өрге тартқан қазағым,
Ата дәстүр мұрасын сақтап өскен қазағым.
(қазақ ұлтын ортаға шақырамыз)

«Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер,туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік «с-шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

© 2010-2022