Ашық сабақ - «ЖАРАСЫМДЫ ҚАРЫМ –ҚАТЫНАС – ДОСТЫҚ ПЕН БАҚЫТТЫҢ БЕЛГІСІ»

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің

білім беру бөлімінің

Маяковский орта мектебі»КММ


(10-11 сынып оқушыларына арналған сабақ)

«Жарасымды қарым -қатынас -

достық пен бақыттың белгісі»



Орындаған 1 санатты психолог,

өзін-өзі тану мұғалімі ,

Тулешова А.М.






2015 ж.



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сынып 10-11 «А»

Күні7/02/2015

Пән Өзін-өзі тану

Сабақ №21

Сабақ тақырыбы

Жарасымды қарым -қатынас - достық пен бақыттың белгісі.

Ссылка, Пайдаланған әдебиет

Кітап, дәптер, плакаттар ( ресурстар, жетондар).

Мақсаты

Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, келісім мен кешірім ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту, өз ойына, сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарауға үйрету, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижесі

Балалар өз ойларын анық айта біледі

Топта жұмыс істеп, бір біріне көмек көрсете алады

Өз пікірлерін дәлелдей алады

Негізгі идеялар, маңызды сөздер

Мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерін тани және бағалай алады, жағымсыз ниеттерді тежей алады, әр түрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады.

Кезеңдері

Уақыт

Виды заданий и действия участниҚатысушыларға арналған іс-әрекеттер мен тапсырмалар түрлері

Бағалау жүйесі

1. Ұйымдастыру

5минут

Психологиялық тренинг «Сағат бойынша достар»

Мұғалім ауызша мадақтайды

2. Кіріспе

10 минут

Сабақтың дәйексөзі

«Біз ізгі ықыласпен және ақ жүрек қалауымен өмір сүруіміз керек» 3 кезен Осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Мқғалім комплимент айтады

3. Проблемалық сұрақты қою

5 минут

1 Мынау аңдар суреттерінің ішінен өздеріне сай аңды тандаңыз және неге тандағандарыңызды түсіндіріңіз. Қорытынды шығару. Жақсы рақмет,ал енді топқа бөлінеміз ластик арқылы

2Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сыйласымды қарым-қатынас жасауға негіз болатын адам мінезінің сипаттарын бір бөлек, кедергі келтіретін сиппаттарды бір бөлек етіп жазыңыз

Жарайсын! Рақмет

4.Мақсатқа байланысты тапсырмалар

10 минут

3 тапсырма - сан арқылы бөліну /әр топ қазақ халқының дәстүріндегі құрметтеу әдебіне байланысты қағидаларды жазыңыз немесе адамдар арасындағы ілтипатты да сыйласымды қарым-қатынастарға байланысты айтылған нақыл сөздерді жазады, кім көп жазады және оны түсіндіреді сол женді.

Мысалы: үлкендер алдына адуындап кіріп, асқақтап сөйлеме,

Сырттан жасы үлкен адам кірген кезде орнынан тұрып сәлем бер,

Үлкен адамды қолтығынан демеп отырғыз т.б.

Рақмет! Керемет, Жарайсын!

5.Қабылдау және ойлану

10 минут

1) смайлик арқылы бөліну / әр топ «Большая стирка» тәсілі арқылы қарым-қатынасқа байланысты бір біріне сұрақ қою және жауап айту.

2) магнитиктар арқылы топқа бөліну/ коллаж жасау «Мейірімділік әлемі» музыка қосу

Керемет, рақмет.

Рефлексия

5 минут

1)тапсырама кәмпит арқылы бөліну/ Тренинг «Бір стақан су» ленталар арқылы, бірігіп стаканды көтеру

2) Екі жұлдыз, бір тілек арқылы формативтік бағалау жасау

Өз пікірлерімен бөліседі

Ресурстар мен құралдар

Оқулық, (презентация, видеоресурс, «Екі жұлдыз, бір тілек», ресурстар)

Алдағы дағы тапсырмалар(ү/ж)

Мынау сұраққа жауап беру: «Болашақта өз мақсаттыңызды қалай жүзеге асырасыз?»

Сабақтағы болып жатқан өзгерістер, болашаққа жорамал қою (сабақ нәтижесі бойынша мұғалімнің саморефлексиясы)

Сабақ барысында оқушылар жаңа тапсырмаларды қабылдай алды, С тобының оқушылардың өзіне деген сеңімі артылай түсті, өз лйларың айта білді. Болашақта осындай топпен жұмысты әрі қарай жалғастыру, жұппен жұмысыты жасауды еңгізу, формативті бағалауды жие қолдану.

Сабақ нәтижесі бойынша алсақ, сабақ мақсатына жетті, бірақ 11 сынып балаларымен жаңа форматты тапсырмаларды жие қолдану керек, осы арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.





© 2010-2022