БаяндамаБаланың бас ұстазы ата ана

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баланың бас ұстазы ата-анасы.

Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең деп берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірден өз деңгейіндегі іскерлік - шеберлікпен қолдана білу. Мұндай мәселені мектеп тек қана ата-анасының бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады. Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі - оқумен шұғылдана бастайды. Алғашқыда баланың оқуға деген талабы болады. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысы тіпті оқуға, оқуға келуге талабы жойылады. Сол себептен ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайлы қарамауы тиіс. Амал жоқтан оқып жүрген бала үйіне, мектепке де іреніш әкеледі. Ата-ана бала мектепке келген күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек. Сонда ғана балада оқуға, алғашқы мұғалімге деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана әрқашан қолдап отыруы керек. Мұғалім туралы дөрекі сөздер айтпауы керек. Ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баланың мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді. Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында көмектескенін білсе, сыйлаушылығы артады.

Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен ата-ананың міндеті әр балаға бақыт беру. Бақыт - сан қырлы. Тек ата-анамен тығыз қарым - қатынаста ғана біз балаларға үлкен бақыт бере аламыз. Мектебімізде түрлі іс-шаралар өтіп жатады. Тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, сынып апталықтары жиі өтіп тұрады. Бос уақытында оқушылар түрлі іс-шараларға қатысады. Қыс мезгілі де өтті, күлімдеп көктем келді.

Осы орайда «Ата-ана мектеппен тығыз қарым қатынаста болу керек» деген сөзіме қайта оралғым келіп отыр. Әрине баланың оқып жүрген жерін, оның немен айналысуын, мектепте қандай жұмыстар жүруін, ыстық, суығын бәрін ата-ана біліп отыру тиіс деп ойлаймын. Мектебімізбен тығыз байланыста жүрген ата-аналарымыз да баршылық.

Аудандық Ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Шынтеміров Қабыкен Ағыбайұлы - отбасының ұйтқысы, ұжымында белді, ауылымызда сыйлы азамат десем артық кетпеймін. Мектебімізде 2 баласы білім алып жатыр. Мектебімізге келіп, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген азаматтардың бірі. Шынтеміров Қабыкен Ағыбай ұлына - алғысымыз шексіз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, еңбегіңізге шығармашылық табыс, жоғарғы биіктерден көріне беріңіз демекпіз.

№ 1 Егіндікөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ж. Әбішева.

© 2010-2022