Білім бастауы-тәрбие тақырыбындағы мақала

Раздел Классному руководителю
Класс 12 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бижарас Садырбайұлы орта мектебі,м.д.ш,о.Бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева.А.С.Еңбек өтілі 21 жыл, 2 санатты.

Білім бастауы-тәрбие тақырыбындағы мақала«Білім бастауы -тәрбие»

«Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың

бойына білімге негізделген этникалық

игіліктер мен өнерлерді дарыту»

Әбунасыр Әл-Фараби

Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл - Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп білгірлікпен дөп басып айтқан.Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс. Сондықтан сынып жетекші: тәрбиеші, ұйымдастырушы, бақылаушы, дамытушы, зерттеуші,қарым- қатынасты қалыптастырушы.Сонымен қатар ата -аналармен бірлесе жұмыс істеп тәрбие жұмысындағы мақсат -мүддесін бір арнаға тоғыстырушы:«Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы».Отбасы адам баласының өсіп- өнер алтын ұясы.Отбасындағы тірішіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балаларды әдепті,ибалы,кішіпейіл,әр нәрсеге жауапкершілікпен қарап адамды,ананы құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады Мысалы: ата -ана жұмысы және отбасы тәрбиесі жөнінен ата -аналардың қатысуымен «Отбасындағы сыйластық», «Үйінде ұл- қызы бардың көгінде жұлдызы бар» тақырыбында өткен сыныптан тыс шара,тәрбие сағаттарының балалар үшін берер тәрбиесі өте зор болды. Жыл бойы өткізген тәрбие сағаттарыммен сыныптан тыс шараны жүйелі ұйымдастырғанда ғана оқушылар ұлттық құндылықтарды міндетті түрде бойына дарытады.Заман талабына сай тәрбие беру сынып жетекшінің басты міндеті ғой. Ел ертеңі бүгіннен басталатынына терең мән беретін болсақ,егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ.Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп ,эканомикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да алдымызда тәрбиелеп отырған жас өрендеріміз.

Білім бастауы-тәрбие тақырыбындағы мақала

«Үйінде ұл- қызы бардың көгінде жұлдызы бар» тәрбие сағаты


© 2010-2022