Статья на тему Бақыт гүлін терген күн

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№9 орта мектеп» КММ

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тлекешева Сафура Аскарбекқызы



Бақыт гүлін терген

Мінекей, Ұлы Жеңіске, биыл - 70 жыл! Уақыт таяп қалса да, зұлмат соғыстың қасіреті, зардабы әлі күнге дейін жазылмады. Талай жанның өмірін қиған, талай адамның балалығын жалмаған соғыс жылдары ешқашан да ұмытылмақ емес. Ел басына күн туғанда сол кездегі жастардың өзі өз еріктерімен қан майданға аттанып жатты.

Олардың басты мақсаттары - Отанды қорғау, елді жаудан азат ету болды. Соғыстан кейін де еңсесі түскен елді көтеруге, шаруашылықты дамытуға, қоғамды жақсартуға майдангерлердің қосқан үлесі өлшеусіз.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.

Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері - Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл - бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл барша халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау, қадір тұту. Әрине, бұл біздің ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз - болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер - бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек...



© 2010-2022