Сатылай кешенді талдау технологиясының ұтымдылығы Баяндама

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама

Сатылай кешенді талдау технологиясының ұтымдылығы

Қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі - инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың құзырлығын қалыптастыра отырып, олардың өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу болып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Жаңа формацияның мұғалімі қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс - бұл уақыт талабы», - деген сөзі мұғалімдерге жүктелген үлкен аманат іспетті.

Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық оқытудағы технология және инновация ұғымдары терең тамыр жайды. Бұл ұғымдар педагогикалық мақсатқа пайдаланатын барлық инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

Тілді тиянақты, әрі жүйелі түрде үйрету үшін мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана білуі қажет. Жаңа технологияны пайдаланудағы ең басты шарттарының бірі - осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Жаңа технологияны жақсы меңгеруі мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі таңда Қазақстандық ғылымдардың озық технологиясымен жете танысып, меңгерудеміз, солардың бірі ғалым Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы».

Грамматикалық талдау - тіл сабақтарында берілетін білімді жүйелеумен қатар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттырып, танымдық дүниесін байытып, шығармашылық ойлауға дағдыландыратын ұтымды тәсілдердің бірі. Сондықтан сатылай кешенді талдау технологиясының басты нысаны - грамматикалық талдау. Тіл білімінің әр саласы жоғарыдағы көрсетілген деңгей бойынша жүйелі талданып отырады.

Сатылай кешенді талдау технологиясы дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, тәсілдері, өзіндік ерекшеліктері бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясы оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.

Қорыта айтқанда, бұл талдау арқылы, оқушы игерілген білімді сауатты баяндауға, теориялық білімді терең меңгеруге, ғылыми түрде сөйлеу және жазу тәсілін қалыптастыруға жағдай жасайды. Сатылай кешенді талдау төл технологиясын сабақта тиімді пайдаланса оқушылар көптеген білім-білік, дағдыларды игеріп, ана тілдің ұлттық құндылықтарымыздың бірі екендігін жете танып, оқулықта берілген лексикалық материалдар арқылы ана тілінің қадір-қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенеміз.



© 2010-2022