Тәрбие сағаты Жаңа жыл, армысың!

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-жүргізуші: -Армысыздар ардақты ағайын, Құрметті қонақтар!

2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

1-жүргізуші

О, жарандар, қараңдар

Естімеген естіңіздер,

Көрмегендер көріңіздер

Тыңдамағандар тыңдаңыздар

Қызықтаңдар, сайрандаңдар,

Кәне, кәне келіңіздер

Бір би салып беріңіздер!

Маскарадым басталды,

Би билеңдер, ән салып

Мейрамдаңдар , сайрандаңдар

Жаңа жылды қарсы алып

2- ші жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін

Қарсы алайық Жылқы жылын

Ұзатып сап Жыланды

1-жүргізуші

Бәрекелді, Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.ендеше, бізбен бірге болыңыздар!

1-оқушы:

Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.

Мына отырған барша жан бәрімізге

Кел, Жаңа Жыл! Төрле - төрле жеріме,

Құт -береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

ән

Жүргізуші:

Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың.

2- жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

2-Жүргізуші: Балалар әлдебір дыбыс естіледі сырттан, жүгіріп келе жаткан аяқ дыбыстары естіле ме қалай өзі?

(Ақшақар жүгіріп кіріп келеді.) Балалар мен алыстан жүгіріп келемін, қатты шаршадым, мені атақты Жалмауыз кемпір қуып келе жатыр, сендер маған көмектесіңдерші, мені тығып қоя аласыңдар ма?

Балалар: Ия,біз сізді тығып қоямыз

(Жалмауыз кеғмпір жүгіріп кірді): Қайда әлгі Қарша қыз, маған тез тауып беріңдер, маған оның сұлулығы керек, тез тап, сендер оны тығып қойдыңдар гой я?!

О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?!

1. Әдемілеп тізілген,

Қауын-қарбыз ба ілінген?

Балалар: Жоқ,, ойыншықтар

2. Әсем екен шыршамыз

Шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса)

балалар жоқ!дейді.

1-Жүргізуші: Қане Жалмауыз кемпір біз сізбен келісіп ойын ойнайық,, біз саған жұмбақ жасырамыз, сен жауабын табасың, егер тапсаң бізбен бірге жаңа жылды қарсы аласың. Ал, егер де жауабын таба алмасаң бұл жерден өз үйіңе қайтасың.

Жалмауыз кемпір: Жарайды, қане кез келген жұмбақтарыңды жасырыңдар, мен барін шеше аламын, мен ақылдымын.

Жүргізуші:

Қабат - қабат қапталған

Асыл сөзбен апталған

Пырағы бар сөйлейтін

Ол қазына өлмейтін. (кітап)

Жалмауыз кемпір: Қабат - қабат ол не екен?Сөйлейді ме? Ол радио!

2-Жүргізуші:жоқ, дұрыс емес, балалар ол не ? Дұрыс кітап.

2 жүргізуші:

Тілден ұшып,

Құлаққа қонады. (Сөз)

(Жалмауыз кемпір алдына шығып)

- Мен білемін. Түкірік !

Бәрі күледі.

2-Жүргізуші: Таппадың, ол « сөз». Жалмауыз кемпір біз жаңа келіскендей, сен жұмбақты шеше алмадың, енді өз үйіңе қайту керек саған.

Жалмауыз кемпір: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам. Сендерге күшті би билеп берем, мен қалайыншы сендермен.

1-Жүргізуші: Ал, қанеки достар келісеміз бе?

Балалар: Ия, келісеміз!

2-Жүргізуші:

-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіртіп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

2-Жүргізуші:Аяз атамызд , әнмен шақырайық.

(Аяз ата туралы ән орындалады. Ән біткен кезде Аяз ата кіреді, шыршаны айналып алдына келіп тұрады.)

Аяз ата:

Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Ал, балаларым, мен қанша күн жол жүріп келемін, қаысмда ерген Қарша қызымды жолда жоғалтып алдым. Жалмауыз кемпірдің қолына түсіп қалды ма деп ем, ол мында жүр, енді қайда жүр екен, сендер көрген жоқсындар ма балалар?

(Ақшақар орнынан шығып келеді): Мен мұндамын ата, мені балалар Жалмауыз кемпірден құтқарып қалды, рахмет сендерге балалар!

Аяз ата: Ой, қандай жақсы балалар, рахмет сендерге балапандарым!

1-Жүргізуші: Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз, шаршаған боларссыз, демалып, балалардың ән-күйін тыңдаңыз!

1-Жүргізуші: Қане достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық.Кәне кім бар ортаға шығатын, Аяз атамыздың сыйлығынан құр қалмайық.

Оқушы:

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтың несібесін!

Ернұр Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

Тақпақтар

ән

2-Жүргізуші:балалаар, бір жыл бойы бізбен бірге болған жылан жылының да тарих қойнауына аттанар уақыты да келіп жеткен секілді. Ендеше, ортаға ескіжылды шақырайық

Ескі жыл келеді сөзі

Қоштасады

1-Жүргізуші: Жас достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын. Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.

Уақыт-Махамбет

.(әндетіп). Уақыт деген жүйрікпін:

Тоқтамастан құйғыттым.

Жаңа жылға жақынмын,

Жарандар той, сый күтсін!

Уа,адамдар,аман ба?

Көз салыңдар маған да!

Пайдаланып қалыңдар:

Мен қымбатпын әманда!

Тірліктіге-бақытпын,

Бірлікшілге-шаттықпын!

Еселенген өмірді

Есептеген уақытпын!

(Уақыт микрофон арқылы Жаңа жылмен хабарласады.)

Алло,Алло!Жаңа жыл!

Саған дайын жаңа жыр!

Уақытың-көңілді:

Жалғастырам өмірді!

Ау,Жаңа жыл,жарқыным!

Мен өзіңе жақынмын.

Бар адамға қуаныш

Алып келе жатырмын!

Дауыс.Уа,құдіретті де,құрметті Уақыт амансың ба?Мен-Жаңа жылмын.Мен барғанша жер- анада шырша жайнап тұрсын.Барлық адамға бақыт болып келемін.Қымбатты уақыт,Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз.Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды.Құрметте оны!Абай бол!Жылдардың арқауы үзілмесін!

Уақыт.Рас айтасың,жақсылығы мол,Жаңа жылым!Ер жүрек елім аман болса,әрбір минутымды бақытты өткіземін.Көк-жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз,жемісті Алтын күз бақытты болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.Тез жет, сені халқың күтіп отыр

(осы кезде Жаңа жыл келеді)

Жаңа жыл-: - Сәлеметсіздер ме! Биыл менің де жылым келіп жетті сіздерге. Мен сіздерге бар жақсылықты әкелдім! Биыл еліміз тыныш болады, ақ мол болады, ауа райы бір қалыпты жылы қалпында болады.

Уақыт: Қош келдің, Жаңа жылым,

Көп болар жаңалығың

Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,

Жаңа жыл құтты болсын !

Жаңа Жыл: Туғызам айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Күншілдік тұншығады

Әкелдім бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

1- Жүргізуші:

- Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін

Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен

Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім

Мен саған әнім менен гүл өрейін

Осы сәт кімге бақыт тілеймін.

Халқымның амандығы саулығы үшін

Көңілді бір көтеріп жіберейін.

Ендеше, сіздің құрметіңізге ортаға шақырамыз.

Оқушы: Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл

Оқушы

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл

Қарсы аламыз біз сені

Ақ көңілмен, ақ пейілмен

Баршамыздың төрінде .

Оқушы:

Достар, достар!

Тағы да бір жыл жаңа

Қадам басты, ұрлана да нұрлана

Жүректерде лүпілдейді жас үміт.

Ашылады - шашылады бүр жаңа

Кәне. Достар, көтерейік иықты

Аңсайықшы қыран самғар биікті

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,

2-Жүргізуші: Айтпақшы, балалар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қане сол ойынды ойнайықшы.

Жалмауыз кемпір: Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады.Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріннің дене мүшелеріңді алданбай устап калуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.

Мен мұрынымды ұстадым! 1,2,3! ( өзі құлағын ұстайды)

- Мен басымды ұстадым 1,2,3! (иығын ұстайды)

Мен құлақты ұстадым 1,2,3! ( бетін ұстайды)

Мен қолымды жасырдым 1,2,3! ( өзі қол соғады)

Жалмауыз кемпір: Балалар, ішімізде алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, қане өздері шығып айыбын өтесін.

Ән…………………………………………………………………………………………………………..

1-Жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

ән …………………………………………………………. ортаға шақырамыз.

Аяз ата : Ақшақар қызым, сен балаларға өзіңнің тапсырмаңды әкеліп едің ғой кәне, айта ғой.

Ақшақар: Балалар, мен сендерге «Ұйқасын тап» деген тапсырма алып келдім. Дұрыс шешіп, Аяз атаның сыйлығынан құр қалмаңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге ....

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі ......

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: бүгін бәрі көңілді,
Ойнап- күліп бала жүр
Құтты болсын .....

Жаңа жыл

2-Жүргізуші:

Жүзімізде күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейміз бәріміз,- деп қыздарымыздан қалыспай би билейік Ортаға 2 -сыныптың биші қыздарын шақырайық!

2-Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың жас өрендері, қашан да әзіл мен күлкіні жанынан тастамайтын, біздің сыныптың «Көңілді тапқыштар» квн командасын ортаға шақырып, өнерлерін тамашаласақ!

КВН аттары: …………………………………

Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр,оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар .

1-жүргізуші:

Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік

Жалмауыз кемпір: ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын тамашалап қайтамын.

Балалар: Сау болыңыз !!!

1-жүргізуші

Қымбатты достар, қонақтар!

Міне, Жаңа 2014 жыл да келді. Ал 2013 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.

2-жүргізуші:

Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Аяз ата мен Ақшақар кетсе де кешімізді жалғастырайық. Ортаға 4-сынып оқушыларының бишілерін шақырамыз.

ән

соңы

© 2010-2022