Қош келдің Наурызым! 4-сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош келдің, құтты Наурызым!

1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар оқушылар ата-аналар дәстүрімізге айналған ұлыстың ұлы күні наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Ендеше той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық акелсін!

2-Жүргізуші: Армысыздар үлкен - кіші ағайын!

Бүгін - Самарханның көк тасы еріген күн,

Бүгін - жаңғыру мейрамы!

Бүгін жыл басы, ұлыстың ұлы күні!

Олай болса, сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, №33 орта мектептің 4 а сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен өткелі отырған «Қош келдің, құтты наурызым!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-Жүргізуші: «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жердегі көкке жан бітіп, жан жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер Ана босанатын ерекше күн.

2-Жүргізуші: Наурыз - бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір күні жер бетіндегі дау -жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып ақ жарқын көңілмен жүздесіп, барша адам баласына жақсылық аманшылық тілеп, ақ баталарын берген.

1-Жүргізуші: Концерттік бағадараламамызды бастамас бұрын оқушылар аузынан наурыз мерекесінің қалай тойланатынын сұрайық.

2-Жүргізуші: Қанеки онда сөз өздеріңде

Оқушы: Шығыс күн тізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін наурыздың 22 - сіне, жер бетінде тіршілік біліне бастайтын мезгілімен тұтас келетін мереке.

Оқушы: Наурыз көже - наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам оны жеті түрлі дәмнен: сүт, ет,тұз,су,тары,құрт,сүр ет сияқты тағам түрлерінен жасап келген. Қонаққа ықыласпен ұсынады. Наурыз көже барлық адамдарды жомарттыққа ізгілікке, ұйымшылдыққа татулыққа бірлікке шақырады.

Оқушы: Наурыз тілек әр адам жақын туыстары мен дос жарандарын ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілеп бір -бірінің үйіне кіріп дәм татады.

Оқушы: Наурызнама - шат-шадыман ойын - сауық той. Бұл күні үлкен-болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады.

Оқушы: Наурызша - наурыз айында жұп-жұқа қйықша қар түседі.Оны халық наурызша деп атаған.

Оқушы: Наурызшешек - наурыз айында өсетін жапырақты, гүлді, қауашақты әсем өсімдік.

Оқушы: Тілімізге наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұйалаған күн» «ұлыстың ұлы күні» «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы - нәуірзек келген күн», «Самарханның көк тасы еріген күн» тәрізді бейнелі сөз орамдары сақталған.

Оқушы: Ел арасында 21 наурыз күні даланы Қыдыр ата аралайды деген аңыз бар. Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал. Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оны тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен.

Оқушы: Жыл басында Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру сырқаудан, пәле -жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

Оқушы: Еларасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

1-Жүргізуші: Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр ата келе жатыр екен.

2-Жүргізуші: Ендеше Қызыр баба қайда екен?

Ат көлігі сай ма екен?

Бізді көріп жүр ме екен,

Бата беріп тұр ма екен?

Қызыр баба: Балаларым балдарым,

Үндеріңнен айналдым,

Бағанадан сендерді

Қырық рет айналдым,

Көріп тұрып сендері,

Көңілдендім, жайландым

Мен іздемей жатыр деп,

Өкпелеп те қалғанмын,

Өздеріңе батамды

Берем енді балалар

Ұлыс күні барлығы

Нұрланар да жаңарар,

Бақытына ұлыстың

Аман болсын аналар

Өздеріңді жетелер

Аман болсын әкелер

Жақсылыққа құштарлар

Аман болсын ұстаздар.

Сұрасаң бата берейін

Ақ тілекті төгейін

Еліме берсін берекет,

Қалсын сырқат бәлекет

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Дастарханың мол болсын

Абыройың зор болсын

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаңда жол болсын аумин!

Оқушы: Тарқамасын Ұлы Наурыз мейрамы,

Тойға ұлассын қазағымның тойлары,

Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін,

Ұлыс күні ұлы Отан аймағы.

Би ____________________________________________________________

Оқушы: Наурыз келді, жайраң қағып таң күліп,

Жап - жасыл болып кетті дүние жаңғырып,

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісін мәңгілік!

Оқушы: Ерітіп қарын даланың,

Жыйнатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді - Наурыз жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні ұлыстың, келді наурыз жыл басы!

Оқушы: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен шуағыңмен Күн Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем

Оқушы: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен Бірлікке.

1-Жүргізуші: Тойға жиналған қауымның көңілі көтеріңкі болсын деген тілекпен олай болса келесі кезекті айтысқа берейік.

Айтыс

Оқушы: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баулайды.

Тебіренген табиғатта мәз - мейрам,

Ақылдаған қазағымнан аумайды.

Оқушы: Наурыз келіп көктем сазы білінер,

Ойнап күлген жас балалар жүгірер,

Жаңа - жылы қазақ деген ұлы елдің

Наурыз айы шаттықпенен нұр берер.

__________ Қай халақтың болмасын салт дәстүрі болады. Әрбір адам халықты сыйласа, оның тілін де, салт - дәстүрінде құрметтеуі керек соның бірі - бала тәрбиесіне де байланысты салттар. Өйткені бала өмірдің жалғасы, болашағы.

Оқушы: Бұл мерекеге келген қонақтар ойындар ойнап көңіл көтеріп отырған. Олай болса бізде ойын ойнайық деп ортасмызға ұстаздар мен ата-аналарымызды шақырамыз.

Оқушы : Ойынымыз науырыз көже ішу сайысы деп аталады. Сіздерге берілген наурыз көжені ___ санағанға дейіе ішулеріңіз керек. Ұтқан адамға арнайы сыйлығымыз бар.

Ойын ойнатылады.

Оқушы: Біз қазақ халқы әулиет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.

Өткенен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын .

Қазақта «Тұсау кесу» рәсімі бар.

Оқушы : Тұсауі кесу дегеніміз 1 жасқа толып еркін жүре бастаған бал-бөбектің басқан қадамы құтты болып одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді.

Оқушы : Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы бойынша ең жүйрік немесе ең сыйлы адам ала жіппен кеседі. Тұсауы кесілген баланы «ақ жол болсын» деп, ақ жайма үстімен немесе «жолы жұмсақ болсын» деп кілем үстімен жүргізеді. (Ал баларар тұсау кесу)

2-Жүргізуші: Ендеше бізде тұсау кесу рәсімін өткізейік.

Мұғалім сөзі: Онда құрметті қонақтар бүгін____________ біз ________________ немересі ________________ тұсау кесуін мектебіміздің директоры Мәлік Қасымбекұлына бергелі отырмыз.

Тұсау кесіледі

Ән «Тұсау кесу» жыры

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар осы наурыз мерекесінің ерекшелігі бұл күні «Ұйқыашар», «Селтеткізер», «Діреткізер» деп сыйлықтар беретін болған. Міне олай болса, сіздер де бізден селтеткізер сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

Селтеткізер беріледі.

Оқушы: Уа халайық, халайық !

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойдың

Шашулары шашайық!

Шашу шашылады!

Оқушы: Наурыз тойын тойладық міне ағайын

Амандықпен туа берсін күн сайын

Бақыт тілеп бақ тілеп халқымызға

Мерекені бүгінгімен жабайын

1-Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Еліміз аман жеріміз тыныш болсын!

2-Жүргізуші: Осымен «Қош келдің құтты Наурыз» атты тәрбие сағаты аяқталды.

Оқушы: Тамашалап толтырып тұнық төрді,

Жетті наурыз үкілеп үміттерді

Барша үйге бақыт боп береке боп

Жанарынан нұр шашаып күліп келді.

Оқушы: шапағатын аямай бұл шақта аспан

Жадырайды әр адам мұң шақпастан

Ау ағайын келіңдер бүгін бізде

Наурыз көже құрт қатып, бұршақ қосқан дей келе сіздерді дастарханға шақырамыз!

Ән Мереке Нұрсапа Әлібек



© 2010-2022