Тәрбие сағаты Елбасы жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Елбасы жолдауынан түсінік бере отырып, отанын сүюге, бірлікке, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, фильм

Тәрбие сағатының барысы:

Елбасының жолдауыны туралы қысқа фильм қарау.

Мұғалім:

  • Құрметті оқушылар біз фильмнен кімді көрдік?

  • Президентіміздің бізге жолдаған жолдауы қалай аталады?

оқушы: Елбасы 11 қарашада «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ.

оқушы: Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы.

оқушы: Барлығы 24 млрд доллар жұмсалады. Бұл тарихи Жолдау, өйткені, Елбасы гео саяси жағдай ғана нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті.

оқушы: «Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты.

оқушы: Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Сонымен қатар апатты мектептер мәселесін шешу үшін Үкімет қосымша 70 млрд теңге бөлетін болды.

оқушы: Бұл деген - балалардың жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуы. Апаттық мектептер бала өміріне күнде қауіп төндіреді. Біз одан арыламыз. Жолдау әрбір қазақстандықтың жағдайын, тұрымысын жақсартуға, экономиканың өсуіне бағытталып отыр

оқушы: Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Бұл үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінбек

оқушы: «Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр. Осының барлығы Елбасының қамқорлығының арқасында

оқушы: 6 млрд теңге, ол дегеніміз - 16 жаңа мектеп. Қажетті көрсеткіш 200-ді құрайды. Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа Жолдауға сәйкес, тек білім саласына 100 млрд теңге қосымша бөлінеді.

оқушы: Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті.

оқушы: Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін айтты.

оқушы: Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біз болашақ ұрпақ әрдайым Көшбасшымыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар аламыз. Ендеше Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы нақты істерге негізделгенімен құнды.

Оқушы:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.



№15 Гимназия КММ









Сынып сағаты

Елбасы жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»







Сынып жетекші: Жамбаева Э.А

Сынып: 11 «А»

© 2010-2022