Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде (9 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

Өткізілген мерзімі: 2014ж . 25 қазан

Қатысқан оқушылар саны: 20

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды түрлі аурулардан сақтану және зиянды заттардан аулақ жүруге тәрбиелеу, олардың адам ағзасына зиянды екенін түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

  1. Жүргізуші --- Ақтілек :

Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету ---- бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс. Денсаулық ----- бақытты болудың алғы шарты.Адамдар кезлескен шақта әуелі бір бірінен денсаулығы туралы сұрайды және денінің саулығына тілек білдіреді. Бұл ------ шын мәнінде адам бақытының бастауы. Ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану, темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге , белсенділік танытуына , дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына , адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін факторлар болып табылады. Біздің елімізде балалар мен жастар арасында ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі заттарды қолданудың өршуі көкейтесті мәселе болып тұр.

Нұрсұлтан:

Темекі деген сөз Табаго деген арал атынан шыққан көрінеді. 1442 жылы 15- қазанда Колумб экспедициясымен қазіргі Орталық Америка жағалауларына келген Испан матростарының айтуынша, тобагго деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған.

Әсел:

Темекі шегуші алғашында өз ағзасын өзі уландырып жатқанын байқамайды. Ал темекіде ең кұшті у бар. Ол қанға тез араласады, ішкі ағзаларға кіріп алып, олардың қызметін бұза бастайды. Бірінші сигареттен кейін жұрегі айниды, бас айнала бастайды. Бұл---- ағзаның берген белгісі. Көптеген оқушылар темекіні жақсы көргендітен емес, өзін үлкенірек көрсету үшін шегеді.

Біраз жылдардан кейін темекі шегетіндер жөтеле бастайды, жүгірген немесе жай жүргеннің өзінде алқынып қалады, тез шаршайды. Темекі шегуші тыныс алу ағзаларының ауруына душар ететін зиянды әдет.

Диас:

Арақ шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Арақ шарапты ішкен адамның бүйрегі мен бауыры , жүрегі мен жүйкесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ішімдік ----- жүйке уы деп бекерге айтылмаған. Ішімдік ағзаның қуыс қуысына өте тез жайылады да оның қоректену рпоцесін бұзады.Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз?! Дегенмен , жалпы адам ағзасына зардап тек арақ шараптан ғана келеді десек қателескен болар едік.

Мейірбек:

Келесі тоқталарымыз ----- нашақорлық. Нашақорлық , есірткі заттарды пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер, өмірге жиі келеді. Бұл жазылмайтын дерт, орны толмас өкініш . Сол себепті әрбір саналы азамат өз өмірінің қожасы .

Пәкизат:

Анашаны қолданудағы басты себептер:

Әуесқойлық, Жора жолдастарының әсері, басына түскен азын аулақ қиыншылықтардан арылу.

Анашамен достасқаның ---- өміріңмен қоштасқаның демекпін.

Мұғалім: Денсаулыққа зиян келтіретін тағы қандай заттарды білесіңдер ?

Сәркен:

Маскүнемдік----- үлкен қасірет. Адам ағзасының бауырын зақымдап, бірден миға әсер етеді.Адам баласы өз іс әрекетіне жауап бере алмайды. Қиялы туындатқан әлемде өмір сүре бастайды.

Эльмира:

Маскүнемдер ішімдікті қиындықтан аластатып, уайымнан арылтатындай көреді. Бірақ ол шын мәнінде олай емес.

Мұғалім:

Нашақорлық та үлкен кеселді дерттердің бірі.

Манас: Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды. Бір минуттық ләззат үшін барлық өмірінің тас талқанын шығарады . ондай зардапқа тап болудың бірден бір себебі ---- адамдардың өзінің еріктерін билей алмауы болса, қоршаған ортасының да ықпалы аз емес.

Нұршат:

Сондықтан дос таңдай білу де аса маңызды. Халқымыз Есірткіден есіргендер деп бекер айтпаса керек.

Дәулет:

Нашақорлық жайлаған індет білем,

Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем.

Күресуге ғасырдың тағдыры үшін

Оған сен де міндетті , міндетті мен!

Пәкизат:

ЖИТС----ғасыр дерті.ЖИТС деген қысқарған сөз жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромы деген мағынаны білдіреді.Ол анадан балаға , қан арқылы, ине арқылы тарайды.

Әсел: Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Салауатты сен боласың.

Шымыр болу оңай ма,

Арман болған талайға,

Спорт биін көріп ап,

Ұқсайықшы қалайда.

Тақтада көрсетілген мақал мәтелдерді талдайды.

Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

Денің сау болса, жарлымын деме.

Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

Көзің ауырса, қолыңды тый.

Ішің ауырса, аузыңды тый.

Болар бала кісілікке үйір,

Тозар бала ішімдікке үйір.

Мұғалім қолына доп алып, оқушыларға кезек кезек лақтыра келе адам ағзасының дұшпандары мен достарын анықтайды.

Достары: салауатты өмір, спортпе шұғылдану, жүгіру, тазалық, дүрыс тамақтану, ерінбеу, аурулардың алдын алу, зиянды заттардан аулақ болу......

Дұшпандары: денсаулыққа қарамау, аурулардың алдын алмау, спортпен шұғылданбау, еріншектік, дүрыс тамақтанбау, тазалық сақтамау, зиянды нәрселерге әуес болмау.....

Денсаулық сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен , сөйлемдермен өрнектеу.

Д----- дем алу

Е----- еңбектену

Н-----нашақорлыққа жоламау

С -----салауатты болу

А ----алғырлық

У-----уайымсыз өмір

Л ----лайықты өмір

Ы ---- ынта

Қ---- қозғалыс

Рефлексия : Балалар, сонымен не түйдік? Не ұқтық?

( Оқушылар түсінгендерін айтып береді)

Ғанибек: Жас жеткіншек!

Өздеріңе айтып кету борышым.

Ауырсаң ауыр кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Пәкизат: Спортты дос көрмеу,

Қол сілтеп дес бермеу,

Тән бұл тек жалқауға,

Болбырға бос белбеу.

Адина: Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

Қорытынды:

Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,

Біз тілейміз, ұрпақтың амандығын,

Ей, болашақ, саулығың з қолыңда,

Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын,

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп

Қазақтың сымбатты

Ұл- қызы көбейсін!





© 2010-2022