Тәуелсіздік-тұғырым тәрбие сағаты

Мақсаты:оқушыларды   Отанды,  елді, жерді сүюге,  туған   ел тарихын    білуге, еліміздің    мемлекеттік     рәміздерін   қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік рәміздері,шарлар, гүлдер ,  елбасы портреті Тәуелсіздік   күніне   арналған   «Тәуелсіздік-тұғырын»  атты   сыныптан   тыс іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.Егеменді еліміздің  тәуелсіздік алғанына   22 жыл   толды.Елу жылда  ел  жаңа   демекші,  өмір  22 жылда  біраз  өзгеріске   ұшырады,   на...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері,шарлар, гүлдер , елбасы портреті

Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тұғырын» атты сыныптан тыс іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толды.Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 22 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықты заман орнады.Тәуелсіз еліміздің жастары үшін талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды.Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.Болашақтың тірегі-мына бүгінгі балалар, сендерсіңдер.Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Әнұран.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

«Бодандықтан құтқарам» деп елімді

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жылдар бойы бостандықтан шөлдеген,

Халқым менің не қасірет көрмеген?!

Тәуелсіздігімізді тәу етіп,егемендігімізді ту етіп желбірет-кен мереке құтты болсын!

1 «г» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

Нұржан:

Біз намыскер қазақ елі ұланымыз,

Қорғайтын жерді Отан қыранымыз.

«Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» деп

Абай айтқан- ұранымыз.

Айжарқын:

Тәуелсіздік- бабалардың ұраны,

Бұл уақытта бойға таққан ұланы.

Жастарымыз өмір сүріп жаңаша,

Нұрын шашты тәуелсіз күн шырағы.

Бану:

Мен асқақпын,ұстаным бар ертеңге,

Ризамын,басымды ием бүгінге.

Әнұраным, елтаңбам бар, туым бар,

Қуанышпен сазды сырды шертем мен.

Алтынай:

Көк байрағы-бүгінгі ұрпақ жалауы,

Бұл белгіміз бар халықтың қалауы.

Жер жүзінденұр шашатын қашанда

Желбіресін Қазақстан жалауы.

Ернұр:

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Қасиетін асқақтатар Отанның

Рәміздерін ардақтайтын бар кісі.

Қазақ халқының мақтанышы мен қуанышының қасиетіне арналған күн.

Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн.Қазақ туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты

Ортаға 2 «ғ» сынып оқушыларын шақырамыз.

Азиза:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Батыр:

Көк аспанда алтын күн,

Көк аспанда жас құран.

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан.

Ердәулет:

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

Жалғасбек:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза үй.

Әсем мен Ақмаржанның орындауында «Қазақша би»

Қатысушылар «Тәуелсіздік - тұғырым» атты тақырыпқа сурет салады.

Әбділда:

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн

Ереше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Әбубәкір:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың.

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

Нұрбол:

Отан-тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің,өз халқың.

Отан-өлкең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

4 «ә» сыныбының орындауында «Гүлдер» биі

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы армандап келген мақсатына қол жжеткізді.Қазақстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.

Енді ортаға 4 «ә» сыныбын шақырамыз.

Айсапар:

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Аружан:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Аяулым:

Елдігімнің реңі,

Теңдігімнің тірегі.

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі,

Алтын заман - арай таңым!

Ермек:

Тәуелсіздік мәңгіге сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Ұлдана:

Атыңнан айналайын,егеменді ел,

Тәуелсіздік күнің туды,кенеле бер,

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан,жүздеріңізге күлкі,зор қуаныш шаттық тілейміз.

Мұғалім:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын.



Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш қаласы

«№5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі



Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы : «Тәуелсіздік-тұғырым»





© 2010-2022