Тәрбие сағаты 6 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан»















Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Тәрбие ісінің меңгерушісі

Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан

тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: слайд
Ортада Әнұран орындалады

«Қар лақтыру» ойынын ойнай отырып, топқа бөліну. «Әнұран», «Ту», «Елтаңба»
Кіріспе бөлім.
Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 24 жыл.
Танғажайып атында дәл табылды,
Табылда талай жұртқа танылды,
Туған елім, көкке жетті көк туын
Сен, Тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі!
Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіңдер? (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық дегеніміз - өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).
Жүргізуші:

Дүрыс айтасындар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған қандай тақпақ білесіңдер?

Әсем:

Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға

Мергүл:

Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

Жұпар:

Ортақ бізге бір Отан,
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттын баласы
Достығымыз жараскан.

Диас:

Елімде бейбіт тыныш заман болсың,
Тілеймің әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

«Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.
Сайыстың шарттары:
1. Әр топ өз таұырыптарын қорғау
2. Бәйге
3. Шеберлік минуты
4. Үй тапсырмасы
5. Қызықты алтылық
6. Тілек айту

Жүргізуші: І бөлім. Әр топ өз тақырыбын қорғау.

«Ту» тобы Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды - көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков.

Жігер:

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды


«Елтаңба» тобы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтанбасы. Елтанбаның орталық элементі - шаңырақ. Шаңырақ бастауы - отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар - мәнгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтанба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтанбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтанбасының авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.
Томирис:

Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

«Әнұран» тобы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нүрсүлтан Назарбаев, әнің жазған Шәмші Қалдаяқов.
Минара:

Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.



Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.
Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны - ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.
Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)
1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Жүргізуші:

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3.Тудың авторын атаңыз.
4.Елтаңбаның авторы кім?
5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)
9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
ІІІ бөлім. Шеберлік минуты. Қазақстанның «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай қандай өз үлесімізді қосатынымызды көрсетейік. Келесі сайысымызда оқушылар өз қолөнерлері бойынша бақ сынасады.
IV бөлім. Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? «Республикамыз 24 жыл ішінде қандай жетістіктерге жетті» тақырыбы төңірегінде дайындалып келген үй тапсырмалары бойынша сайысымызды бастаймыз.
V бөлім. Қызықты алтылық
1. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
2. Тіл туралы заң қашан қабылданды? Қанша баптан,қанша тараудан тұрады? (1989ж. 22 қыркүйек)
3. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
4. 16.12.1991 жыл нені білдіреді

VІ бөлім. «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.
Хормен:

Қазақстан - елім менің,
Қазақстан - жерім менің,
Саған арнап айтылады
Сүйікті әнім менің.
Хор: Ән айту Ұланымын елімнің
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана - ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! - деп «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







© 2010-2022