«Анашым-күн шуағым»

Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Барысы: Жүргізуші:- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, аяулы әпкелер мен сүйкімді қарындастар, бүгінгі «Анашым- күн шуағым» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Анашым - күн шуағым.

Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген

мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге

үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық сияқты жақсы

қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар.

Барысы:

Жүргізуші:- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, аяулы әпкелер мен сүйкімді қарындастар, бүгінгі «Анашым- күн шуағым» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп, еркелеттің, аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Хор: «Анаға сәлем» әні.

Диана: Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым.
Ана десем, әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар!

Жүргізуші: Бүгінгі күн- үлкенге де, кішіге де сыйлы аяулы әжелеріміздің де мерекесі. Ендеше, құрметті әжелер, өздеріңізді шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекеңізбен құттықтаймыз!

Маралым: Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен, кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі -

Таусылмайтын жыр маған.

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.


- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

Жүргізуші: Бүгінгі күн- жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі.

Мадияр: Ақ тілеген жат-жақын жуығына
Өмірдің көніп ыстық-суығына
Алпыс қанат ордасы елімнің
Шаңырағы сендерсің, уығы да
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз!

Жүргізуші: Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі демекші - 8-наурыз мерекесі қыздарымыздың да мерекесі.

Абзал: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын

Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Асыл аналарымыздың құрметіне Мерхат ұлдарыңыз «Асыл ана» әнін орындайды. Қабыл алыңыз.

Римида: Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Мерхат: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елін сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдарға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Бекарыс: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген - асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Жүргізуші: Аналар, ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.

Аналар, ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық қыздар биін. «Бейбітшілік құсы» биі

Айбота: Ана - біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы - Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Ерназ: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.

Ажар: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Мәрия: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін бердің ақ сүттің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Асылгүл: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.

Ерік: Аналарды құрметтейміз, елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, аналар, сіздерді үлгі тұтып

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз!

Жүргізуші: Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе?

Жүргізуші: Тіршілік шыққан күннен нәр алады,

Ананың ақ сүтінен жаралады.

Диана мен Ажардың салған әні

Аналар, бір сіздерге арналады. Олай болса, әр оқушының сыныптас қыздары мен аналарына дайындаған сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Ән орындалады

Бекарыс батасы: Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт - ашып қақпасын
Мәңгі - бақи жаппасын
Бәле - жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!

Жүргізуші:

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

-Міне, құрметті қонақтар, өздеріңізге арналған салтанатты кешіміз аяқтала келді. Аналарымыздың адал пейілі мен әз махаббатынан бастау алған ізгі істердің барлығы қуаныш пен шаттықтың туын көтере берсін. Сол бақытты шақтар мен баянды тірліктердің дем берушісі қазақстандық қыз-келіншектердің мейрамы қырдың гүлін ашып, жырдың тиегін ағытсын.

Барлығы бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!



© 2010-2022