Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Әрқашан біз біргеміз, ажырамас іргеміз» (Ата-аналармен жұмыс)Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.Үштік одақ: (бала,ата–ана, мұғалім) жұмысын жандандыру. Міндеттері:- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру; - Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдыналу; - Ата-аналардың баламен қарым-қатына...
Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Әрқашан біз біргеміз, ажырамас іргеміз»

(Ата-аналармен жұмыс)

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Үштік одақ: (бала,ата-ана, мұғалім) жұмысын жандандыру.
Міндеттері:
- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың

алдыналу;
- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында, баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.

Түрі: Ата-аналардан құралған топтық сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал-мәтелдер, слайдтар. Жоспары: 1.Мотивациялық кезең

2.Броун қозғалысы арқылы топқа бөлу

3.Жиналыс мақсатымен таныстыру

4. Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары

5. Топқа тапсырмалар беру

6. Сергіту сәті

7. Қорытынды: Рефлексия

Барысы: І. Мотивациялық кезең: ойынға қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты орнату.

Қатысушылар жіпті айнала шеңбер құру арқылы бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

ІІ. Броун қозғалысы арқылы топқа бөлу

ІІІ. Жиналыс мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі сіздермен жиналып сайыс өткізуіміздің басты мақсаты - ата-ана - мектеп-оқушы болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз

отбасы. Олай болса отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу

арқылы сіз бен біз боп ой бөліссек.

ІҮ. Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(Арнайы психолог мамандары кеңестерімен таныстыру)

• Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

• Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

• Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

• Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

• Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.

• Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе - сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

• Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

• Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

• Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

.Сіз балаңызды тек жақсы баға алғаны үшін ғана емес, ол 3,4 тіпті 2алса да сіздің балаңыз болғаны үшін мақтанатыныңызды білдіріңіз.

• Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

• Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.

Ү. Топқа тапсырмалар беру

(Әр топ сахналап көрсетеді)

1-топ: Мектеп, мұғалім туралы өз балаңызбен жақсы пікір алмасыңыз.

2-топ: Балаңыздың математика, әліппе сабағынан берілген тапсырмаларға бірге қызығушылық білдіріңіз.

3-топ: Балаңызбен мектеп, достары жайлы хат жазып алмасыңыз.

4-топ: Балаңыз барлық сабағын қате орындады, сіздің әрекетіңіз.

ҮІ. Сергіту сәті: «Кім жылдам?» Доп беру арқылы сұрақтарға жылдам жауап алу.

4 топтан 4 адам сыртқа шығып кезек шақырылады.

Балаңыздың туған күні?

Балаңыздың парталас көршісі кім?

Кеше сабақтан қандай баға алды?

Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

Балаңыздың сүйікті асы қандай?

Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

Ана тілінен кеше үйге қандай тапсырма берілді?

Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?

(жеңімпаздарды смаиликтер арқылы мадақтау)

ҮІІ. Қорытынды: 1.«Сезім сыры» «Менің отбасым» тақырыбында салған оқушылардың салған суреттерін қою. Әр ата-ана өз баласының салған суретін табады. Суретті тапқаннан кейінгі ата-ана әсерімен бөлісу.

-Өз балаңыздың салған суретін тапқанда қандай көңіл күйде болдыңыз?

2. Мұғалім түйіндемесі.

3. Рефлексия Ата-аналар пікірін тыңдау.





© 2010-2022