«Ана тілі - мәңгілік бәйтерек» атты әдеби-сазды кешінің сценарийі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мақсаты:

  • Студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру;

  • Тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету;

  • Өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту;

  • Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.








Видео

1-жүгізуші: Армысыздар, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары,

қайырлы күн, ұстаздар мен студенттер!

2-жүргізуші:Ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың айнасы болған Қазақстан халқының тілдер мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші: «Ана тілі - мәңгілік бәйтерек» атты әдеби-сазды кешімізге

хош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ана тілі- адамзат жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Ана тілі - жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

1-жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше.

  • Ұлы Жеңіске - 70 жыл;

  • Ұлы тұлға Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы;

  • Қазақ хандығының құрылғанына- 550 жыл;

  • Қазақстан Халықтар Ассамблеясы құрылғанына -20 жыл;

  • Қазақстан Республикасының Ата Заңына -20 жыл;

  • Алаштың алмас тілді ақиық ақыны, тжыр сүлейі Шашубай Қошқарбайұлына - 150 жыл;

  • 1975 жылы іргетасы қаланған біздің қасиетті білім ордасына - 40 жыл.

Музыкалық номер: «Шашу» биі


2-жүргізуші: Тарихымыздағы үлкен жетістіктерінің бірі - ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қасиетті жеріміз , екіншісі - кестедей өрнектелген, сырлы сазымызбен осы күнге жеткен

қазақ тілі! Мұның өзі - қазақ тілінің мәртебелі де, қасиетті тіл екеніне дәлел бола алады.

Көрініс ШК-12-9 б


1-жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма

Ана тілім - ардақ тұтар алтыным.

2-жүргізуші:

Ана тілім жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

1-жүргізуші: Қазақ тілі-терең ой қазынаның, мәдени мұраның тілі. Ол -ардақты атамыз, данышпан Абайдың тілі.

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

Абай оқулары ШК-14-9

Кожибаева Айгерим - Есіңде бар ма жас күнің

Токишева Айзат - Өлсем орным қара жер сыз болмай ма

Тұтқабай Назгүл - Ғылым таппай мақтанба

Жакупова Әсем - Ұяламын дегені көңіл үшін

Есімхан Маржанай - Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Тілеуберлина Гүлнұр - Өлең сөздің патшасы сөз сарасы


2-жүргізуші: Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары. Абайды насихаттау - қазақтың даналығын насихаттау.

«Ескендір» поэмасы Шырайлым ШК- 13-9

2-жүргізуші: Ана тілі - ең бір құдіретті күш, оның рухани өмірінің ең басты байлығы, мәңгі солмайтын асыл гүлі күндей қуатты нұры.

1-жүргізуші: Қазақ тілі - Сәбиттің тілі, Ғабиттің тілі, Сәкен, Күләш, Қаныштың тілі.

Абайға мәңгілік мұнара салған кемеңгер ұлы Мұхтардың тілі.

М.Әуезев Абайды және Абай арқылы қазақ тілін, қазақ халқын әлемге паш етті.

Ән «Көзімнің қарасы» МО

1-жүргізуші: Халқымыз сөз өнерін ерте кезден ерекше бағалаған. Сан алуан сөз өрнектерін жасап, шешендік, ақындық дәстүрін дамытқан, әділ сөзге қашанда бас иген.

Халыққа әнмен өріп, сөз таратқан Шашубай шығармашылығы толқын - толқын буындардың рухани - эстетикалық нәр алар асыл мұрасы болып қала берері сөзсіз.

ШК-13-9 тобының қойылымы (Шашубай)

2 - жүргізуші: Шашубай - халықтың поэзиямен қатар музыканың да үлкен адамы, қайраткері болды. Өнер пырағын ерттеп мінген Шашубайдың ақындық, әншілік болмысын, өнер мәнерін Шашекеңнің әр өлеңінен тануға болады.

ШК-13-9 тобының өлеңі

1 -жүргізуші:

Жиын -тойларда, шілдеханаларда, қыз- бозбалалардың бас қосқан жерлерінде өлең айтып, домбыра тарту, Шашубайдың белгілі машық еткен өнеріне айналуы оның ақындық жолына негіз болды. Шашубай творчествосының тағы бір елеулі жағы - оның айтыстары.

Айтыс (Шашубай мен Жамбыл)
Марал мен Шырайлым

2-жүргізуші: Ата - бабамыз ежелден 3 нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол - ел, жер және тіл.

Ана тілі - әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім - тәрбиені тіл арқылы үйренеді. Оның құдіреті, қасиеті туралы ақындар жүрекжарды жырларын арнайды. Мұндай өлеңдер біздің жүрегімізге жақын да ыстық.

Тіл туралы өлеңдер оқу ШК-14-9

Кожибаева Айгерим - Ана тілі (Нүсіпбек Айтұлы)

Рұсқұл Нұрай - Төрт ана (Мұхтар Шаханов)

Жакупова Асем - Қазақ тілі (Мағжан Жұмабаев)

1-жүргізуші: «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, «Балбұлақ» балауса жас ақындар клубы мүшелерінің «Менің тілім - ғасырларға аманат» тақырыбында жыр шашулары.

«Балбұлақ» клубы

1-жүргізуші: Әр адамның азаматық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін, өз ана тілін сүюмен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болады. Әркімнің өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

Музыкалық номер МО

1-жүргізуші:

Қазақ тілі - өте көне заманнан қолданыстан түспей келе жатқан, аса бай, көркем, баламасы көп, айтуға жеңіл, мағыналы - мәнді тілдер қатарына жатады. Оны мақтан етуге тиіспіз. Кең байтақ жері, ата - дәстүрі, өміршең әдет-салты, ұлттық тілі бар қазақ халқы ғасырдан ғасырға жасай береді.

2-жүргізуші:

Ана тілі - жүректің үні, ұлттың рухы, абыройы, болмыс - бітімі.

Туған тіліміздің өсіп -өніп, өркендей беруі, тамырын терең жайып, мәңгі құламайтын бәйтерекке айналуы, қоғамымыздан лайықты орын алуы үшін күресуден асқан міндет жоқ.

2 -жүргізуші:

Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады!

Ана тілі туралы монолог Аида Шк-12-9

«Елге тілек» хор МО

1-жүргізуші:

Желіде тұлпар, көгінде қыранымыз қалықтап, ана тіліміздің ғұмыры мәңгілік, тұғыры лайым биік болсын!

2 -жүргізуші:

Ана тіліміздің жауһар құндылығын сақтайық!


























Бағдарлама

Музыкалық номер: «Шашу» биі

Көрініс ШК-12-9 б

Абай оқулары ШК-14-9

Кожибаева Айгерим - Есіңде бар ма жас күнің

Токишева Айзат - Өлсем орным қара жер сыз болмай ма

Тұтқабай Назгүл - Ғылым таппай мақтанба

Жакупова Әсем - Ұяламын дегені көңіл үшін

Есімхан Маржанай - Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Тілеуберлина Гүлнұр - Өлең сөздің патшасы сөз сарасы

«Ескендір» поэмасы Шырайлым ШК- 13-9

Ән «Көзімнің қарасы» МО

ШК-13-9 тобының қойылымы (Шашубай)

ШК-13-9 тобының өлеңі

Айтыс (Шашубай мен Жамбыл)
Марал мен Шырайлым

Тіл туралы өлеңдер оқу ШК-14-9

«Балбұлақ» клубы

Музыкалық номер МО

Ана тілі туралы монолог Аида Шк-12-9

«Елге тілек» хор МО






© 2010-2022