Дос және достық-пікір-талас

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: «Достық туралы»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың достық туралы туралы ой-пікірлерін дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу.

Сабақтың әдісі: Пікір-талас

Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.

Ән: «Қайдасыңдар, достарым»

Бауыржан: Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.

Біз бүгін «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:

«Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды».

Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз.

Ерасыл: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.

Айзада: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.

Мадина: Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес».

Бауыржан: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.

О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.

Ерасыл: Қандай адамдар досқа лайық?

Ержан: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.

Бауыржан: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар.

Т а л д а у

Ерасыл: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.

Бауыржан: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны - өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз.

Ерасыл: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш - сырыңды айтатын адамның болуы» - деген екен.

Айдын: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып - қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», - деген екен.

Ерсін: Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі - ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» - деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.

Ерасыл: Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Тоғжан: Әл-Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның ішінен.»

Лаура: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны - шындық.

Сымбат: Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл - достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры - досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек - қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі - достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.

Бауыржан: Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты даналар бнйне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», - дейді. Жан-Жак Руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», - дейді. Мұны қалай түсінесіздер?

Т а л д а у

Ерасыл: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», - деген екен.

Ерасыл: «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» халық мақалы немесе «Дос досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы».

Бауыржан: Түркі ғалымы Махмуд Қашқари «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді» деген екен.

Қорытындылау.

Гауһар:

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,

Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.

Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,

Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,

Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.

Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,

Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,

Жеңілірек көтересің жазаны.

Содан шығар, Адам бірге өмірге

Жолдасыменен туады екен ғажабы

© 2010-2022