Нашақорлық ғасыр дерті

Сабақтың тақырыбы: «Нашақорлық – ғасыр дерті» Сабақтың мақсаты:Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивный тақта, қабырға газеттер. Әдісі:Баяндау,түсіндіру,пікір талас сұрақ-жауапҰйымдастыру: Оқушылармен амандасу,түгендеу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейіінін аудару.I.ТренингтеII.СлайдIII.Сұрақ-жауптар бөліміIV.Видео роликVI.ҚорытындыТренингтер  Ең алдымен оқушының сабаққа деген белсенділігін,қызығушылығын арттыру мақсатында тренингтер жүргізу1.  «Менің есімім» Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сағат, Әсел әлем т.б.Слайд. ... Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп,рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады.Түрлері өте көп.Яғни есірткінің түрлері: апиы,морфин, героин, кандини, марихуанна,кокаин. Нашақорлық салдары. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есірткілер мен қылмыс бойынша Басқармасының 2008 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде есірткі тұтынуда тәжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн. есірткілерді салына тұтынады және 25 млн. адам есірткі... Сұрақ-жауптар бөлімі Оқушыларға сұрақ қою арқылы, нашақорлықтың неліктен зиан екенін сұрау. Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде? Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе? Неге тез беріледі? Қыз балалар да нашаны қолданатын жиі естиміз. Оларды ауыздандыратын біреулер барма? Есірткі немен қауіпті?Есірткілерге тәуелділік деген не? Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті?Видео ролик Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Нашақорлық-ғ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Нашақорлық - ғасыр дерті»

Сабақтың мақсаты:

Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивный тақта, қабырға газеттер.

Әдісі:Баяндау,түсіндіру,пікір талас сұрақ-жауап

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,түгендеу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейіінін аудару.

I.Тренингтер

II.Слайд

III.Сұрақ-жауптар бөлімі

IV.Видео ролик

VI.Қорытынды

Тренингтер Ең алдымен оқушының сабаққа деген белсенділігін,қызығушылығын арттыру мақсатында тренингтер жүргізу

1. «Менің есімім» Нұсқау:

Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сағат, Әсел әлем т.б.

2. «Орныңды жылдам ауыстыр» Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді . «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады. Нашақорлық ғасыр дерті

Слайд. Оқушыларға білімін кеңейту масатында сабақты түсіндіру

Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» - болғанын білеміз.

Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық.

Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды. Нашақорлық (гректің nark - қимылсыздық, mania - ессіздік, құштарлық мағанасында) - есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас.Бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін.. Бұның нәтижесінде есірткілерді тұтыну ауруды («ломканы») азайтатын, басатын қажеттілікке айналады. Үнемі есірткілерді тұтынуға құштарлық нашақорлық деп аталады. Соның ішінде Есірткіге келетін болсақ, грек тілінде " ұйқы" мағынасын білдіредіретін " Narke" сөзі ағылшын тілінде "Narkotik" деген сөзге айналған.

Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.

Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп,рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады.Түрлері өте көп.Яғни есірткінің түрлері: апиы,морфин, героин, кандини, марихуанна,кокаин.

Нашақорлық салдары.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есірткілер мен қылмыс бойынша Басқармасының 2008 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде есірткі тұтынуда тәжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн. есірткілерді салына тұтынады және 25 млн. адам есірткілерге тәуелділіктен зардап шегеді.

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:

• терісінің ағаруы;
• ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау)
• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
• сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
• баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
• қозғалу координациясының бұзылуы.

Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады:
• жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық;
• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі;
• есте сақтау қабылетінің төмендеуі;
• сынағанды көтере алмау;
• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары;
• ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу;
• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы;
• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу;

Кейбір «дәлелдер»:
• денесінің кез келген жерінде, әсіресе білегінде тамырға жасалған инъекциялардың «көгерген» іздерінің болуы;
• белгісіз сұйықтар құйылған құтылардың, таблеткалардың, резеңке бұраулардың, инелердің, капсулалардың, шприцтердің болуы

Осыған байланысты, қоғамдық - қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, жастарды спортқа, басқада мәдени ұйымдарға тарта отырып олардың бос уақыттарын кіммен қалай өткізетіндігіне аса көңіл бөлінсе дегім келеді.

Сұрақ-жауптар бөлімі Оқушыларға сұрақ қою арқылы, нашақорлықтың неліктен зиан екенін сұрау.

Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?

Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе? Неге тез беріледі?

Қыз балалар да нашаны қолданатын жиі естиміз. Оларды ауыздандыратын біреулер барма?

Есірткі немен қауіпті?

Есірткілерге тәуелділік деген не?
Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті?

Видео ролик Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Нашақорлық-ғасыр дерті!»атты видео ролик ұсыну.Қандай ой түйін алғанын сұрау.

Қорытындылау

Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті! Олай болса нашақорлықпен тұрақты әрі кешенді күрес жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында жігерлі жастарды індеттің тамырын қиюда бірлесуге шақыра отырып, Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына үндеу жолдаймыз!

Нашақорлық -еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек!

Біз Қазақстан Республикасының тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен өркендеуін әрі қарай дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігімізді білдіреміз!

Біз құрбы-құрдастарымыз бен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын кең тұрғыда жүргізуді өз міндетіміз деп есептейміз!

Егер СЕН өз еліңнің жарқын болашағына нық сенімен қарасаң, жастық күш- жігеріңе сеніп, қоғамдағы өзгерістеге бей-жай қарамаймын десең, бізбен бірге нашақорлыққа жол берме!

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол!Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың-өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол -бұл жолдан аулақ жүру

Қазақстанның болашағы - біздің болашағымыз!

© 2010-2022