Соңғы қоңырау мерекесінің жүрісі

"Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мектебіміздің 42 түлектерінің соңғы қоңырау мерекесінің жүрісі. Дайындаған сынып жетекшісі: Ақкөзова Ұлжан Қосбармаққызы   Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен,  “Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз. Сонымен қатар,. мектеп бітіргені...     Жүргізуші. Әлі есімде әліппені ашқаным Есімінді есте мәнгі сақтадым Жүрегіме нұрын құйған жылылық Көрген емес ешқашанда суынып деп Түлектердің алғашқы ұстаздары:Мақсымбаева Рахия Жаңбырханқызы, Лесбаева Ұлжан Бектұрғанқызы, Екібаева Айбала Байболқызынасөз беріледі Жүргізуші: Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында, Жазып шықты қаншама іс-қазына. Балапанын ұшырған ұясынан, Сөз берейік жетекші ұстазына деп Келесі сөз кезегін түлектердің сынып жетекшілеріАқкөзова Ұлжан Қосбармаққызы  мен Нұрмағанбет...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



"Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау!"

атты мектебіміздің 42 түлектерінің соңғы қоңырау мерекесінің жүрісі.

Дайындаған сынып жетекшісі: Ақкөзова Ұлжан Қосбармаққызы

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, "Соңғы қоңырау" түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

Сонымен қатар,. мектеп бітіргеніне 20 жылдық, 10 жылдық мерейтойларына келіп тұрған 1993 жылы мектеп бітірген 22 түлектерді, 2003 жылы мектеп бітірген 32 түлектерді қарсы аламыз.

Арман ойлар көз алдымда қаншалық,

Жүздеріңе қарайды көп тамсанып.

Оң қанаттан орын алың күтеміз,

20 жылдық қонақтарды қарсы алып, оң қанатқа орналасуға шақырамыз.

10 жыл бұрын нұрға толып жанарың,

Биікке алып, самғатып еді арманың.

10 жыл өтіп келіп тұрсың ортаға,

Қуанышқа толып бүгін жан-жағың-деп 10 жыл бұрын арман көгіне түлеп ұшқан10 жылдық кездесуге келген қонақтар сол қанатқа жайғасыңыздар!

Жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне

Келген қауым, қол соғып,қолда бүкіл

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 42-ші жыл түлектерді

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

Ақкөзова Ұлжан Қосбармаққызы мен Нұрмағанбетова Ақдәрі Орпабайқызы жетекшілік ететін мектебіміздің 42-ші түлектерін құрметпен ортаға шақырамыз.

(Оқушылардың тізімі оқылады)

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін. Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің туын көтеру 11 сыныптың үлгілі оқушылары

  1. Сүбіхан Нұрғазы

  2. Қыдырбаева Арайгүл

  3. Әлдірова Айданаға тапсырылады.

(әнұран орындалады, оқушылар қосылады)

Жүргізуші: 2012-2013 оқу жылының "Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. (шапалақ)

Жүргізуші

Жолдайды мектеп басшысы

Түлектерге ақ тілек

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп

Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры Азанов Әлімбай Азанұлына беріледі.

Жүргізуші:

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Тілек сөз ауыл әкімі Қамысбаев Серік Мекебайұлына беріледі.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектептің оқу ісінің меңгерушісі Жалиева Айман Алтыбайқызына беріледі

Жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз Шаршаған апайға беріледі.

Болғандай кәусар жырға құт,

Өмірдің жырын жырлатып.

Жас жүректерді нұрлантып,

Кездесуде бір бақыт,

Сырласуда бір бақыт,- деп келесі сөз кезегін алтын ұя мектебімізбен, ұстаздарымен кездесуге келген 10, 20 жылдық түлектерге береміз.

Жүргізуші.

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып деп

Түлектердің алғашқы ұстаздары: Мақсымбаева Рахия Жаңбырханқызы, Лесбаева Ұлжан Бектұрғанқызы, Екібаева Айбала Байболқызына сөз беріледі

Жүргізуші:

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп

Келесі сөз кезегін түлектердің сынып жетекшілері Ақкөзова Ұлжан Қосбармаққызы мен Нұрмағанбетова Ақдәрі Орпабайқызына беріледі

Жүргізуші:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз. 1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.

Әсет аға, мен сіздей,

Спортшы боламын.

Барлық сайысқа қатысып,

Облыстан орын аламын.

Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.

Білемін мен, Аян аға өмірде,

Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.

Арайгүл апа,мен сізді сыйлаймын,

Өзіңізді қоштасуға қимаймын.

Оқуға түс,білім алып,еңбек қыл,

Тек жақсы сөз ертеңңіне арнаймын.

Олжас аға, өзі қандай сымбатты

Ұлы ғой анасының қымбатты.

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ, айбат

Айдана апа,

Қаржыгер болуды армандайсыз,

Бойжеткен боп бүгін сіз қалғандайсыз.

Мектеп берген білімнің арқасында,

Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.

Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз

Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,

Тек биіктен Абылай аға көрініңіз.

Тәртіпті де, тіл алғыш,

Гүлшат ападай боламын.

Сабақтан себепсіз қалмаймын,

Салт - дәстүрлі сақтаймын.

Өзімнен кішкентайларға,

Мейіріммен қараймын.

Гүлжанат. апа мен сіздей,

Әдепті қыз боламын.

Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,

Орыс мектебінің қыздарына жарқылдаған.

Қанат қағып барасыз Бекжан аға,

Мақсатыңа жете біл армандаған.

Өзі қандай ұқыпты қарашы,

Ақжігіттің ол сүйкімді баласы.

Барлық іске тиянақты қарайды,

Мақтан етем мен Әділбек ағайды.

Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.

Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын !

Жүргізуші: 2 сынып оқушысы Жұмағалиев Ғалымжан «Талапкерге арнау»

Жүргізуші:

Жазушыдан, ақыннан

Ел қорғаған батырдан

Мың бұралған бишіден

Ой тербеткен күйшіден

Оқыған жас кәріде

Оқушыдан бәрінен

Түлектерге мың сәлем!!! - 4 сынып оқушыларының жас түлектерге арнауы.

Жүргізуші:

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі

Жақсы ұрпақ-еліміздің шын тірегі.

Ортаға шығып қане тілек айтсын

11-сыныптың мен деген бір түлегі.

Түлектер атынан Түркстанова Гүлшатқа сөз беріледі.

Түлектердің атынан мектеп мұғалімдерін марапаттау үшін сөз Ережепова Арайгүлге беріледі

Ән "Ұстазым" орындайтын Бердіханов Абылай

Жүргізуші:

Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау дәстүрі бойынша мектеп туын тапсыру салтанатына кезек береміз. Мектеп бітіруші 42 түлектер атынан мектеп аманатын Бекниязов Шапағат, Мақтапова Ақмоншақ, Бердіханова Ұлжан өздерінен кейінгі ізін жалғастырушы 10-сыныптың оқушылары Таушанов Нұрқанат, Боранова Шынар, Мекебаева Райлаға тапсырады.

Шапағат:

Әнге ән,жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!

Айтамын саған аманат, ізбасар 10-сыныптар!

Мейірімінен шуақ төгілген,Ұстаздар саған аманат!

Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат.

Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!

Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!

Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!

Көрінбейтін шимай-шатпақтан, Дәптерім саған аманат!

Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!

Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!

Қос өрім қылып тағатын, Ақ бантик саған аманат!

Үзілісте соғатын, Қоңырау саған аманат!

Үлгілі тәртіп, үздік оқу-ізбасарым саған аманат!

Желбірейтін биікте-Алтын ұя туы аманат!

Кір келтірмей атына, биікке самғау-бізге аманат!

Қош бол Алтын ұям деп айтамыз сізге сау-саламат!

10-сынып оқушысы Таушанов Нұрқанат:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

әдеп -салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.

Жүргізуші:

Білім кілтін тапсыру салтанаты Ережепова Арайгүл мен білім кілтін қабылдап алу құрметі 1 сыныпқа аяқ басқалы отырған балдырған Берікқызы Саяжанға беріледі:

Арайгүл

Білімнің мына өмірде жеңгені көп

Білім қалар халқымның сенгені боп

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп

Білім кілтін Саяжанға береміз!

Саяжан:

Әріптерді жаттаймыз,

Еске мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрінде,

Атын, затын түрінде.

Жүргізуші: Мектеп түлектерінің алтын ұя мектебіне арналған ескерткіш сыйлығын табыстауға ортаға түлектер атынан Айлаева Ұлмекенді шақырамыз

Жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді,

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

(вальстен кейін, 11 сынып оқушылары шар, жазу парағын, көгершін ұшыру)

Жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!

Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушылары Түркстанова Гүлшат пен Отарқызы Райгүлге беріледі

Хор «Сыңғырла қоңырау»

Жүргізуші:

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

Ұшырады мектебің өз қолынан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін

Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз.

Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

Жүргізуші:

Құрметті мектеп оқушылары: Республика туы астында сап түзеп, тік тұрыңдар! Мектеп бітіруші түлектердің 10 сынып оқушыларына табыстаған МЕКТЕП ТУЫН алып кетуге рұқсат.

Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған

"Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау!"

атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз. Құрметті қонақтар! Алтын ұя мектептеріңізді аралап көрулеріңізге рұқсат!

(Ән ұранды қосу)

© 2010-2022