Урок по казахскому языку на тему Жазбаша мәтін

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні _______________ Сынып _____________

Тақырыбы: Жазбаша мәтін. Тақырыбы ,идеясы. Ойдың берілу тәсілдері. 2 сағат

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға мәтін, оның тақырыбы мен идеясы туралы түсіндіріп, мәтіндермен жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

20-жаттығу. Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

Әдеби тілге жатпайтын сөздерді теріп жазыңдар.

«Шоқан мен әжесі» деген мәтінмен салыстырып (19-жаттығу), ондағы кейіпкерлердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін анықтап көріңдер.

Қайталау сұрақтары:

1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Оның қандай түрлері бар?

3.Мәтін деген не? Оның формалары

б) Жаңа сабақ

Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді.

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі ой мен идея арқылы да бірігеді.Яғни мәтіндегі негізгі ойды қандай мәселеге баса назар аударылады, неге үйретеді деген жайлар анықталады. Негізгі ой мен тақырып мәтіннің өн бойынан ажырамас бірлікте көрініп, ашылады.

в) Жаттығу жұмыстары

23-жаттығу. Мәтінді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.

Мәтінге ат қойыңдар.

25-жаттығу. Төменде берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар. Осыдан шыққан мәтінге ат қойыңдар.

26-жаттығу. Б.Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып,бес-алты сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. (І топ)

27-жаттығу. Өлеңде берілген автордың ойын қара сөзбен жеткізіп,мәтін құрастырыңдар. (ІІ топ)

г) Бекіту

Мәтіннің қандай ерекшеліктері бар екен?

Мәтінге нелер жатады?

Мәтіннің тақырыбы мен идеясы деген не?

д) Үйге тапсырма

24-жаттығу.Суреттер топтамасындағы 26-суретке қарап, байқағандарыңды әңгімелеңдер. Жазбаша мәтін құрап,ат қойыңдар.

Сынақ тапсырмасы. Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрастырыңдар.

е) Бағалау



© 2010-2022