Желтоқсанда үзілген жауқазындар (тәрбие сағаты) Желтоқсанда үзілген жауқазындар: (тәрбие сағаты)

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ЖАҢА ЕРТІС ОРТА МЕКТЕБІ» КММ













Тәрбие сағаты



Тақырыбы: "Желтоқсанда үзілген жауқазындар"



Жауапты сынып: 8 «а» сынып

Сынып жетекшісі:Темирханова Н.К





2014-2015 оқу жылы







Тақырыбы: "Желтоқсанда үзілген жауқазындар"

(тәрбие сағаты)

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, слайд, док. фильм.

І Ұйымдастыру бөлімі:

- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?

- 23 жыл толып отыр.

- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?

- 28 жыл.

- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?

- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.

- Біздің президентіміз кім ?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?

- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Назерке доклад оқиды

жүргізуші 1

Бұрқатып өткен бұл халық мұны,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы

Желтоқсан таңы жадырап қайта

Ғасырдың бүгін нұрланды күні.

жүргізуші 2

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар

Ақ құстай бейбіт орманы самғап

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.

Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апайларымыз бен ағаларымыз қатысты.

ДОКУМЕНТ. ФИЛЬМ

Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.

Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.

Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн

Қан жылатқан құрғыр күн

Медет болмай алладан,

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн,

Ақбілектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім

Сәбирам опат болған күн.

Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман,

Сені әлтірген дұшпанға,

Зауал келсін алладан.

Асыл едін мыс болдың,

Қарағым көрген түс болдың,

Ізің жатыр, өзің жоқ,

Бейнең бар да, көзің жоқ.

Қайдасың, қайда, қарағым.

Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.

Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.

Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.

«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»

Желтоқсанның шыдадың

Толғағына, қарағым.

Арман, арман, арман көп...

Атылар теңеу қалған жоқ

Қысқа ғұмыр сүрсең де,

Таң қалдырған қарағым!

Алатауға абырой,

Алып берген қарағым!

Ерлік жолын халқыңа

Салып берген қарағым!

Қазағың, Қайрат, ел болар

Алты алаш басы бірігіп,

Қайтейін, балам, ғаріп боп,

Жатқан жерін жарық боп,

Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,

Тәубе, тәубе, тәубе етем!

1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.


Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.

Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық

МЕТРОНОМ

Арада төрт жыл өткен соң 1990ж 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 23 жыл толып отыр.

Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдіғім,

Бостандықта байлығым мен ендігім

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.

Қарсы қарап қатал мынау заманға,

Айналдық біз қайтпас қайсар қамалға,

Алды бүгін Тәуелсіздік тау тасым

Орман, көлім, өзендерім, далам да!

Таңым менің, қаным менің тәуелсіз,

Өткізбейік бізде бұл күнді әуенсіз!

Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен тағы да, шын жүректен құттықтаймын Нұрлы отанымыз - Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін.



© 2010-2022