Коучинг: «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы»

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сессияның жоспары Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».

Тақырыбы: «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтің маңызы»

Дайындаған: ІІ деңгейлі оқытуда сертификатталған.

Информатика пәнінің мұғалімі Абдразахова Қазакөз Өмірзаққызы

Өткізілген жері: Сырдария ауданы, «№ 44 орта мектеп

Өткізілген уақыты: 10 қаңтар, 2015 жыл

Коучинг сессиясының жоспары

Сабақ тақырыбы:

«Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».

Мақсат:

  1. Диалогтық оқытудың заманауи түсінігімен таныстыру.

  2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, білім мен таным деңгейінің өсуіне әсер ететін диалогтің маңыздылығын түсіндіру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-102 бет

Оқу нәтижесі:

  1. Коучинг барысында мұғалімдер диалогжөнінде мағлұмат алады.

  2. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыруға үйренеді;

  3. Диалог- оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, танымын дамытудың оңтайлы тәсіл екенін түсінеді.

Негізгі идеялар:

Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақта, бейнероликтер,

стикер, маркер, бағалау парақтары, А4 парақтары

Оқыту әдістері:

Диалог, «Бұл кім екен», «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиялары.

Дереккөздері:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98-102бет. Екінші (орта) деңгей. Екінші басылым. (2012) Астана «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ

А. Қ. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы (2013) Алматы

Тапсырмалар:

Таныстырылым мен бейнежазбаны көрсетіп жағдаяттық диалог құрастыру, тиімді сұрақ қою арқылы әңгімелесушіні дилогтің үш түрінің біреуіне тарту.











Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы». Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы». Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы». Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».



Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу


(2 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Амандасу, жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында мұғалімдер арасында «Көршінің суретін» салғыздыру. А4 парағын төбелеріне қойып, бір-бірінің суретін салуды ұйымдастыру

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Сергіту сәтін орындайды, жақсы көңіл-күймен сабаққа ынталанады.

Топқа бөлу (3 мин)


Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».

Топқа бөлінуді ұйымдастыру:

Сөйлем қиындыларымен 2 топқа бөледі

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл болады»

«Келісе пішкен тон келте болмас»

Топ ережелерін құрастыру

Топ жұмысын бағалау кестесін ұсыну

Сессияға қатысушы мұғалімдер сөздер қиындыларымен 2 топқа бөлініп, орындарына жайғасады.

Топ ережелерін шығарады, А4 парағына жазады.

Топ ішінде бағалаушы белгіленеді. Таймерді қолданып, тапсырмаларды орындауға кеткен уақыт пен іс-әрекетті бақылайды.

II. «Ой қозғау»


(3 мин)



  1. «Көктемнің 17 сәті» фильмінен үзіндіні көрсету


(5 мин)

2 Егіздердің бір-бірімен сөйлесулерін көрсету

(5 мин)

3 Тапсырма: «Мектептегі кезекшілік» тақырыбына диалог түрінде қойылым көрсету (7 мин)

1. Мұғалімдерге сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру

- Диалог дегеніміз не?

-Диалог барысында не жүзеге асырылады?

-Диалогқа неше жастан бастап түсуге болады деп ойлайсыздар? Неге?

- Бұл бейнежазбадан қандай әсер алдыңыздар? Не себепті?

Бейнежазбаның негізгі идеясы қандай?

Диалогтың қай түріне жатады?

- Сәбилер бір-бірін түсінді ме? -Түсінуге қандай әрекет жасады?

- Бұл үзіндідегі диалогтың ерекшелігі неде?

- Осы бейнеролик үлгісінде «Мектептегі кезекшілік» тақырыбына диалог дайындаңыз.

Сұрақтарға жауап береді



Бейнежазбаларды көреді, диалогтың қай түрі екенін анықтап, ойларын дәлелдейді.



Екі топ мүшелері көріністі дайындап көрсетеді.

ІІІ. Диалогтың үш түрі мен сұрақтардың дәрежелерімен таныстыру


(10 мин)

1.Power Point презентациясын ұсынады. Диалогтың сабақта қолданудағы тиімд ілігін көрсетеді.

Жаңа материалды мұқият тыңдайды. Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».

IV«Бұл кім екен»5 мин

Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».

Коуч стикер таратады, мұғалімдерді жұптарға бөледі,оларға стикерге қасындағы жұпқа көрсетпей «Тарихи тұлғалардың» атын жазуды сұрайды.

Әйгілі адам жазылған стикерді жұптар бір-бірінің маңдайына жабыстырады.

Бір-біріне сұрақ қойып, диалогқа түседі, әйгілі адамды анықтайды.

V. Сергіту сәті

«Мұғалімдердің үйреншікті сөздері» бейнеролик


(3 мин)


бейнежазбаны қосады, қатысушыла рмен бірге тыңдайды

Бейнежазбаны көріп,тыңдайды

Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».

VІ. Қорытындылау «Бауырсақ» ертегісі бойынша «Т» кестесін құрастыру: оңай/ жабық, қиын/ ашық сұрақтар


(10 мин)


«Т» кестесін таратады, тапсырманы түсіндіреді: «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі бойынша

Коучинг : «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».

Бұрыннан білгендері мен жаңа ақпарат негізінде кестені жеке, жұппен толтырады, топпен талқылайды.

VІI. Бағалау


(8 мин)


Топ құрамында орындалған жұмыстарын өлшемдік бағалаумен бағалатады.

Бағалаушы топ мүшелерін өлшемдік бағалаумен бағалайды.

VІII. Рефлексия

«Интервью алу»


(5 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты интервью алу парақтарын таратып ұйымдастырады.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын интервью парағына жазып тапсырады.

Уақыты : 60 минут








РЕФЛЕКСИЯ.

Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын айтып көрсетті. [МАН, 38 бет]

Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана білім беру жеңіл болады.[МАН, 38 бет]

Осыған орай мен мұғалімдермен коучинг өтуді жөн санадым.

Негізгі мақсаты:

  1. Диалогтық оқытудың заманауи түсінігімен таныстыру.

  2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, білім мен таным деңгейінің өсуіне әсер ететін диалогтің маңыздылығын түсіндіру.

Коучингтің тақырыбы: «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтің маңызы»

Ал бұдан күтілетін нәтиже:

  1. Коучинг барысында мұғалімдер диалогжөнінде мағлұмат алады.

  2. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыруға үйренеді;

  3. Диалог- оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, танымын дамытудың оңтайлы тәсіл екенін түсінеді.

Коучинг сабаққа қазақ тілі, математика, информатика, тарих, ағылшын тілі, биология пәндерінен 10 мұғалім қатысты. Олар: Б,Л, К, П, А. Ф, А, Р, Е, Г, Ү, М есімді мұғалімдер.

Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімдерге жағымды ахуал туғызу үшін шаттық шеңберіне жинап, бір-біріне жақсы сөздер айтқыздым. Топқа бөлу мақсатымен қиынды сөздерден «келісе пішкен тон келте болмас» және ««Бірлесе көтерген жүк жеңіл болады» деген мәтелдерді шығару арқылы бесеуден екі топқа бөлдім. Өз тарапымнан топ мүшелерін бағалау үшін кесте таратып бердім. Ұйымдастыру кезеңіндегі бұл жаттығулар арқылы мұғалімдердің ойын жинақтауға және әрі қарай жұмыс жасауына ықпал еттім. Мұғалімдерге мынадай сұрақтар қою арқылы диалогқа түсірдім:

- Диалог дегеніміз не?

-Диалог барысында не жүзеге асырылады?

-Диалогқа неше жастан бастап түсуге болады деп ойлайсыздар? Неге? Бұндағы негізгі мақсатым мұғалімдер диалогтік оқытудың оқушыларға қаншалықты қажет екенін ұғындыру.

Осы сұрақтарға жауап алған соң «Екі сәбидің әңгімесін» бейнефилімін және «Көктемнің 17 мезгілі» кино филімінен үзінді көрсеттім. Фильмдерден алған әсерлерін келесі сұрақтарға жауап беру арқылы айтып өтті:

  • Бұл бейнежазбадан қандай әсер алдыңыздар? Не себепті?

  • Бейнежазбаның негізгі идеясы қандай?

  • Диалогтың қай түріне жатады?

- Сәбилер бір-бірін түсінді ме?

- Түсінуге қандай әрекет жасады?

- Бұл үзіндідегі диалогтың ерекшелігі неде?

Келесі қадамым осы бейнероликтер үлгісінде «Мектептегі кезекшілік» тақырыбында топпен бірігіп қойылым көрсетуін сұрадым. Екі топта жақсы көріністерін қойып, топтар бірін -бірі бағалады.

Диалогтың үш түрі мен сұрақтардың дәрежелерімен презентация арқылы таныстырып өттім. Атап айтқанда Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар:

  • Әңгіме - дебат

  • Топтық әңгіме

  • Зерттеушілік әңгіме. [МАН, 39 б]

Әр қайсысына бөлек-бөлек тоқталып, сабақ барысында зерттеушілік әңгіме түрін қолданған тиімді екеніне мұғалімдердің де көздері жетті. Себебі зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді.оларда шешетін ортақ проблема болады, осы мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады. (МАН, 40 б)

Жаңа материалды мұқият тыңдаған әріптестеріме келесі тапсырмаларды ұсындым:

«Бұл кім екен» ойынында стикерге «Тарихи тұлғаларды» жазып, маңдайына жапсырып қояды, және бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогқа түседі, әйгілі адамды анықтайды.

Сергіту сәтінде «мұғалімдердің үйреншікті сөздері» бейнеролигін көрсеттім.

Коучингімді қорытындылай келе ашық және жабық сұрақтарды пайдаланып «Бауырсақ» ертегісі бойынша «Т» кестесін құрастыруды тапсырдым.

Коучинг соңында мұғалімдерден сабақтан не түсінгені, қандай дағды қалыптасқаны туралы және ұсыныс немесе тілекті «интервью алу парақтарына жазу арқылы кері байланыс беруін сұрадым. Кері байланысты оқығанда мұғалімдердің коучингке жақсы түсінгенін және биалогтік оқытудың стратегиясын сабақтарында тиімді пайдалана алады деген сенімдемін. Сонымен қатар бағалау кестесін толтырып беруін сұрадым.

Коучингтің сәтті тұсы деп мұғалімдердің өздерінің сұранысы бойынша өткенін айта аламын. Ал сәтсіз тұсына мұғалімдердің топтық тапсырманы орындауда селсоқ қарауын жатқызамын.


© 2010-2022