Мемлекеттік тіл-менің тілім өнер көрсету сайысы

Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты өнер көрсету сайысы Мақсаты: мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту.                        Жүргізуші:           Тілден биік асқар жоқ,                  Тілден асқан байлық жоқ, Тілден терең теңіз жоқ. Қазақ тілін зерттеушілердін барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің  бірі деп таниды. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында өтетін «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты сайысы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты өнер көрсету сайысы

Мақсаты: мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту.

Жүргізуші:

Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Қазақ тілін зерттеушілердін барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында өтетін «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты сайысына қош келіпсіздер. Ал бастаймыз!

5-сынып

Бағдарламамызды ашып, өз өнерлерін көрсетуге 5-сыныптың оқушыларын шақырамыз «Алдар көсе мен сиқырлы тон» ертегінің сахналық көрінісі.

6-сынып

Келесі қатысушыларымыз 6-сынып оқушылары «Шалқан» атты ертегісін тамашалаңыздар.

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

9-сынып

Келесі кезек 9- сыныпқа беріледі, Гаджиева Динара «Қазақ тілі қазақтың ана тілі» өлеңін оқиды.

8-сынып

8-сынып оқушыларының кезегі «Үш бақытым» өлеңін тамашалаңыздар

10-сынып

Ал енді 10-сынып оқушысы Гейн Ольганың орындауында «Домбыра» әнін тамашалаңыздар

7-сынып

Келесі көретініңіз 7-сыныптың өнері қазақ халқының ұлттық ойыны «Ақ сандық. Көк сандық» қарсы алыңыздар

11-сынып

Он бірінші сыныптың атынан Сатыбалдиев Багдаулет шығып «Мен қазақпын» өлеңін жатқа айтты.

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл - арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

М. Әлімбаев.

Ал, осымен қатысқысы келген сыныптардың барлығы өз өнерлерін көрсетіп болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды айтып, сөз кезегін әділ -қазыларға береміз.

Әділ-қазылар шешімдерін айтады. Қай сынып, қай орынға ие болды. Марапаттау грамоталарымен құттықтайды.

Ольга Гейн «Алтын бесік» әнін орындайды

Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқың қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқың дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, осымен, мемлекеттік тіл мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Барлық ҚАТЫСУШЫЛАР БІРГЕ:

Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі- Менің тілім!



© 2010-2022