«Адамгершілік - асыл қасиет»

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Адамгершілік - асыл қасиет»Сатыбалды орта мектебі






Тәрбие сағаты








Тақырыбы:

«Адамгершілік - асыл қасиет»














5- сынып жетекшісі: Амирова Э.К













Сатыбалды ауылы.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет»

Мақсаты:

  • Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;

  • Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Адамгершілік», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

  • Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, слаид, өсиет - нақылдар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе

Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық,
Қайтарады сағанда.
Ынтмаққа қосыл да
Ықылас қой досыңа.
Ар, мақсатың нақ болсын,
Ақылнан тосылма.

Қымбатты оқушылар, бар назарымызды тақтаға аударайық та, балапандарды жұмыртқадан жарып шығуға көмектесейік.

  1. Тапсырма: адамгершілік сөзіне ой жүргізейік. Адамгершілік деген не?Адамгершілік туралы біздің қандай ойымыз бар?Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?

«Адамгершілік» сөзіне ассосация құру


АДАМГЕРШІЛІК



  1. Тапсырма: Қазір, оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып, әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден жақындарымызға, достарымызға, жақын адамдарға жақсы тілектер тілейік. Көзімізді ашамыз. Енді бұл тілек орындалмайынша ешкімге тіс жарып айтуға болмайды. Себебі ол орындалмай қалуы мүмкін.


  1. Тапсырма: Қазір мына гүлді бір бірімізге ұсынамыз мақтау айтамыз жақсы тілек жолдаймыз. Мен «Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Лайым жүзінен күлкі кетпесін» деймін.Келесі оқушы ары қарай жалғастырады.

«Адамгершілік - асыл қасиет»


  1. Тапсырма: «Кестені толтыр»

«Не істеу керек?»

«Не істеуге болмайды?»

Үлкендердің алдынан......

Үлкен кісіні.......................

Кішкене баланы................

Үлкеннің тілін..................

Құстарды...........................

Үлкендерге..........................

Қыз баланы........................

Кішілерді..............................

Сабақтан.............................

Достарын қиындыққа түскенде..

Сыныпта.............................

Оқу құралдарын..................

- (кесіп өтуге болмайды.)
- (жылатуға болмайды.)
- (атуға болмайды.)
- (ренжітуге болмайды.)
- (кешігуге болмайды.)
- (айғайлауға болмайды.)


- (сыйлау керек.)
- (алу керек.)
- (сәлем беру керек.)
- (қамқорлау керек.)

- (көмектесу керек.)

- (күтіп ұстау керек.)


  1. Тапсырма: Рухани - адамгершілік қасиет - сүйіспеншілік. Біз барлығымыз да ата- анамызды, Отанымызды, достарымызды сүйеміз. Осы қасиетке байланысты тапсырма:

  1. Отанға сүйіспеншілік;

  2. Отбасыға сүйіспеншілік;

  3. Табиғатқа, жан- жануарға

  4. Достық қарым-қатынас.

Осы тақырыптарда өз ойларымызды ортаға саламыз.

  1. Тапсырма:

Келесі кезекте шағын мәтіндер беріледі. Ондағы сұрақтарға жауап керек.

Кешірім. Қыс күндерінің бірі. Болат сабақтан қайтып келе жатқан. Қарсы алдынан көрші үйдегі Әділ кездесті.Ол апасының нанға жұмсағанын, жүгіріп келе жатып қолындағы ақшаны түсіріп алғанын айтты. Болат жерде жатқан ақшаны бірден байқады. Ақырын алып қалтасына сүңгітіп жібереді.Әрі іздеп, бері іздеп таба алмаған Әділ жөніне кетті. Болат досын аяп кетті. Тәттілерге тоймақ болған. Масқара, біреудің маңдай терімен тапқан ақшасын қалай пайдаланбақ? Досын үйінен шығуын күтті. Кешірім сұрап ақшасын қайырып берді. Әділ де досын кешірді, адалдығына сүйсінді.
Сұрақтар:

  1. Болаттың қылығын ашып айтыңыз.

  2. Әділдің орнында сіз не істеген болар едіңіз?

Қолғанат. Ауа райы кілт өзгерді. Күн суыта бастады. Ерланның ата анасы жұмыста.Үй іші суи бастады. Пешке от жағу керек болды. Ерлан қалыңдау киініп сыртқы шықты. Жапалақтап қар жауа бастады. Ерлан қойма ішінен балта тауып алып ағашты жара бастады. Атасы аяғын жай басып, терезеден сыртқа көз тастады. Жаным ау, мынау Ерланның өзі ғой.

«Азаматым менің!» - деді. Ата, - деді бір кезде Ерлан терезеден қарап тұрған атасын байқап, отын дайын. «Қолғанат болды» - деген осы деп атасы Ерланның арқасынан қақты.

Сұрақтар:
1.Ерланның атасы неге риза болды?
2.Ерланның адамгершілігі неде ?
3.Сіз біреуге көмектесе алдыңыз ба ?

Қайырымды бала. Бір кісінің баласы мектептен үйіне келіп, әкесіне сабағын тыңдатты. Баласы сабағын білген соң әкесі оны қуантайын деп он тиын күміс берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алуға базарға барды. Жол үстінде аш-жалаңаш шалды көрді. Бала ойлайды: «Керек нәрсем болса сатып алуға әкем ақша берер. Бұл ақшаны орынсыз жұмсамайын». Деді де әлгі шалға ақшаны берді. Үйіне келіп бұл істі әкесі мен шешесіне айтты. (С.Көбеев)


Сұрақтар:
1. Баланың қайырымдылығы неде?
2. Баланың істегені адамгершілікке жата ма?
3. Баланың орнында сіз не істер едіңіз?

Көл жағасында. Біздің ауыл сыртында кішігірім әдемі көл бар. Жазда балалар көлге суға түседі. Көлдің суы тап - таза, мөп-мөлдір.Күнге шағылысып анадай жарқырап жатыр. Ертең Елнұр екеуміз көлдің жағасына келіп тынығып отырдық. Балықтар ойнап, шоршып жүр. Бір кезде Нұрлыбек аға машинасымен келіп тоқтады да, машинасын жууға кірісті. Бізді көрді де көмекке шақырды. Біз машинаны жуып болып суға бардық. Көлдің суы лай, майланған.

Шоршыған балықтардың бірі жоқ. Нұрлыбек аға мұны сезбейді. Сөйтіп басымызды салбыратып үйге қайттық. Елнұр екеуміз үлкен болғанда машинамызды ешқашан көл жағасына жумауға келістік.

Сұрақтар
1. Олар кімге жақсылық жасады?
2. Жақсылықтары оңды болды ма?

Осы жарқыраған балапандардай, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі топ сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймын.

Қымбатты, оқушылар, осы топ сағатында барлықтарымыз жақсы бір сезім әсерінде болдық деген сенімдемін.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


© 2010-2022