Баяндама Рәміздерім - мақтанышым

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рәміздерім-Мақтанышым

1992 жылдың 4-маусымы - тарихи күн. Сол кездегі Республика жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Ресрубликасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысында за мемлекетілігінің белгісі- рәміздері болып табылады. Терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырылды.

«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деген мағына үстейді. Рәміз - философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.

Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпы ұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынылады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік мәртеге ие.

Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдалану тәртібі контитуциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген. Бұл заң Қазақстан Республикасы рәміздерінің 15 жылдығына орай - 2007 жылдық 4 маусымында күшіне енген болатын

Жас мемлекеттің рәміздерін жасауға бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық айшыұталған шешімді табу қажет болатын.

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жауепкершілік кезінде шығарылып отырған. Тудан айырылу -өліммен тең болған. Көңе заманда ұлы дана бабаларымыз Төле би, Әйтеке би Ордабасында кездескеннен кейін Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан.

Мемлекетті туымыздың авторы - еліміздің өнер қайраткері Шакен Ниязбеков.

Жалауды айқындайтын элементтердің бірі - оның түсі. Көк түсті таңдалуы кездейсоқ емес, ол - адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске алады. Аспандай ашық көк түс, қазақтардың ұлттық түсі. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат, мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар өмірінің ажырамас бөлігі болатын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тілінен аударғанда «Шығыс» деген мағына білдіреді. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасқан, ежелгі шығыс мәдениетінің қасиетті екенін.

Туымыздың ортасында шұғылалы күн оның астында қалықта ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған. Күн бейнесі - шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек - еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғылысы, қыран және ұлттық өнер бейнесі алтын түстес.

Бүгінгі Елтаңбаның иелері сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханның. Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Шаңырақ әлімнің біртұтастығын, мемлекетің бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Дөңгелек - шығыс халықтарының байырғы дүние танымына етене жақын, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар - мамыржай шуақты өмірмен мейірім - шапағат жылылықтың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін. өгіздің күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдылығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары - астықтың,тоқшылықтың және материалдық ырыс- несібенің белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз - біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес құрылық өкілдеріне ашық деген сөз.

Осы күнгі мемлекеттердің әрқайсысының өзінің ұлттық Әнұраны бар. Олардың бәрін « көру, есту, түсіну дегеніміз- табиғаттың ең тамаша сыйы»,- деген екен ұлы ғалым Альберт Энштейн. Қазақстан Республикасының Әнұраны за адамға зор рухани әсер ететін күш. Қазақтан Республикасы мемлекеттік әнұранының негізі - ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран - халық жүрегінің соғуы, армандардың тас-түйін қорытпасы. Әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов (әні), Жумекен Нәжімеденов және Мемлекет басшысы Нурсултан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақтанның болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазастандықтардың ортақ рухани қазынасына айналып кетті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Мемелекетті Елтаңбасының эталондары Елбасының Резиденциясында сақталады.

Рәміздер - бұлар біздің еліміздің, Қазақстанымыздың, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Қазақстанның әрбір азаматы оларды құрметтей, қастерлей білуі қажет деп ойлаймын.

© 2010-2022