«Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Мультимедия, желтоқсанға шыққан жастардың фотолары , Тәуелсізді...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағат:

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедия, желтоқсанға шыққан жастардың фотолары , Тәуелсіздікке арналған суреттер
Слайд «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Жүру барысы:

№1-3 слайд

1- жүгізуші: : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - елім менің!

№4 Слайд «Тарих шежіресі»

1-жүргізуші: Осы бүгінгі бақытты күнге жету үшін қазақ елі ғасырлар бойы өте қиын кездерді бастан өткізді:

Сонау XVII-ші ғасыр басында жоңғарлар Қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723-ші жылдар Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.
1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты.
Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.
1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.
1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есімі-ел есінде».
1954-56-шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді.
2-жүргізуші

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене айтуға болады. Сол жылдарда Қазақстанда ұлтаралық қатынастар ушығып тұрған еді. Қазақ тілі мәртебесінің төмендетілуі, қазақ мектептерінің, балабақшаларының жаппай жабылуы, өзге ұлт өкілдерінің жер-жерлерде қазақтарды төмен санауы, қала берді Алматы қаласына ауылдан келген ағайындарымыздың есепке тұра алмай, қор болуы, өз жерлерінде жүріп тұрғын үйге зар болуы сияқты себептер қазақ жастарының намысын оятты. Осы кезде Қазақстан Орталық Партия Комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың түсіп, онын орнына Мәскеуден ұлты орыс-Колбиннің тағайындалуы отқа май құя түсті. Тарих сахнасына енді солар шықты. Ол ерлер жастар болатын.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-КСРО-дағы демократиялық қозғалыстардың ең үлкені.

№ 5 Слайд «1986»

№1 видео

1-жүргізуші :

16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді..
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы.

Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.
Күтпеген іс ақыры «не болды» деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
«Желтоқсан» жеті әлемді жалт қаратты.

Аружан: Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген

№7 слайд №2 Видео «Желтоқсан желі»

Көрініс:. Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу - своего вождя», «Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспоранттар бар . Әскери адамдар ұрып соғады. Әннің ортасында », «Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген сөздер айтылады ( Қызыл ту ұсталады)

Балалар ескерткш сияқты турып қалады. Шынжырланады

Әннәң қайырмасы болғанда Қайраттың өлеңі оқылады ( Қайрат дәл ортасында тік турып оқиды, басы таңылған)

Қайраттың сөзі:

Күнәдан таза арым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты - құрбандық,
Атам десең атыңдар

Осы кезде балалар шынжырдың астында болады.

№-8-10 ші слайд «Желтоқсан құрбандары»

1-ші жүргізуші:

Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді. Оған бағытталған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси «теріс көзқарастағыларға» арналған оқ еді. Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірлі жігіттің «ұлтшыл» атанып, осы кепті киюі ғажап емес-тін.
2-ші жүргізуші: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт:
Жел кірді көңіліме жиырма бірде,
Айдады ерікке қоймай сол несібе.
Желпілдеп, желдім екен несіне,
Түседі адасқаным енді есіме, - деп қатты торыққан, қайсар рухты Қазақ жігіті орысша қазақша судай жігерлі, отты жігіт еді. Өкінішке орай, 1988 жылы Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.

Мадина :Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат,
Ауа жетпей атып шыққан алаңға.
Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол
Тапталғысы келмеді оның табанға.
Әсте естен шығармайды жыр мұңы,
Айтады ылғи домбыраның күмбірі.
Аты аталса күрсіндірер жылатып,
Желтоқсандық азамат пен құрбыны.
Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.
Айналайын, ағайындар ақ жүрек,
Жолың түссе, басына бар, тағзым ет

№11 слай № 3 видео - өлің

Аналар сахнаға шығады: жоқтау

1-ші ана: Алтын баулы лашын
Биікке жазбай құлашын,
Қарақұсқа жем болы-ай!
Алтын баулы лашын
Момыным-ау, жуасым...
Ербол, Ербол атыңды
Ер болсын деп қойдым ба?
Қыршыныңнан қиылып,
Жер болсын деп қойдым ба?

2-ші ана: Байғұс анаң күні-түн
Зарласын деп қойдым ба?
Құлыным-ай, қайтейін,
Қайғы-шерін заманның
Қозғасын деп қойдым ба?
Қайтейін-ай қарағым,
Кімге айтамын алғысты,
Жаным менің шер-шемен
Жүрегімді зар қысты-ай.

Томағалы қыраным,

3-ші ана: Қасқыр алмай мерт болды-ай
Жұбана алмай жыладым,
Жазылмас маған дерт болды-ай
Боталаған ботамды
Бор қылды ғой құдірет.
Талай асыл боздақты
Қор қылды ғой құдірет.
Замананың шоқпарын
Зор қылды ғой құдірет.
Орталық деген кәпірді
Сор қылды ғой құдірет.
Айырып сана-сезімнен
Сансыратқан құдірет.
Ет-бауырым езіліп
Қансыратқан құдірет.
Боталаған ботамды
Ұрлап көмген заман-ай.
Құл бұғауын ұлынан
Қымбат көрген заман-ай.

Көрініс: Балалар шынжырды үзеді

Ералі: Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.

Сабрина: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті

1-ші жургізуші:

Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

.

2-ші жүргізуші:

Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу - ұлттық парызымыз.

Жас арудың жанарында - Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында - Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да - Желтоқсан.

Намысымның шырағы да - Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.

№ 12 слайд

2-ші жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

№ 13 слайд

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Оқушылардың шығармашылығы:

Аружан, «Күй»

Би- Талшын,

өлең оқу Ә.Назерке, Т.Дариғпа, А.Нәерке

Сурет көрмесі.

№ 14 слайд №3 Видео «Көк тудың желбірегені»

Оқушылар хормен: «Мәңгілік ел» «Қазақстан» «Нұрлы жол » Жаса Жаса Қазақстан

Талшын:

Қазақ елім! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.


2-ші жүргізуші :Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

9


© 2010-2022