Разработка внеклассного мероприятия Алтын күз

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тлектесова Дильназ:

Бейне нұрлы көкте күн,

Білсең өмір - көктемің.

Айқара ашар есігін,

Хош келдің! - деп мектебің

Балдырғандар, бұл мәлім,

Еркелігін тастайды.

Қыркүйекте мұғалім

Оқу жылын бастайды.

Лұхман Алмас:

Күн қарына алады,

Күздің соңғы айы бұл.

Қар да жауып қалады,

Алда масса пайымым.

Тлектесова Дильназ:

Екінші айы бұл күздің,

Доп қуып, футбол ойнаймыз.

«Күзгі балын» мектептің

Қазан айында тойлаймыз! - деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күзгі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Лұхман Алмас:

Келдіміне, алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен

Риза етіп халқын қыз.

Тлектесова Дильназ:

Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын - тамаша дүние. Күз келсе - біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе - аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емеспе?); көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда - көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.


Лұхман Алмас:

Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗ-ге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

Тлектесова Дильназ:

Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1 тур. Әр жұп өздерін таныстыру.

2 тур . Вальс биі ( Ханзада мен Ханшайымның орындауында)

3 тур. «Өнер көкке жеткізер» өнер сайысы

4 тур. «Модельер» күзгі сән үлгісі (киім, шаш үлгісі)

5тур. Табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесі

Лұхман Алмас:

Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар

Тлектесова Дильназ:

1.Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары - Елшібаева Сандуғаш Мейрамқызы

Лұхман Алмас:

2. Аға тәлімгер - Болатова Ермегүл Болатқызы

Тлектесова Дильназ:

3. Ұйымдастырушы ұстаз - Исенова Гульмира Қазболатқызы

Лұхман Алмас:

Салқын тартып түздемі,

Білдір еді күз нені?

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі, -дей келе, жұптарды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!

5 «в» сынып - алмалар ханшайымы мен ханзадасы Тумамбаева Данара мен Ашим Мадияр

Тлектесова Дильназ:

5 «г» сынып - банандар ханшайымы мен ханзадасы Тыртыкаева Алуа мен Мирасов Танырберген

Лұхман Алмас:

5 «ғ» сынып - қиярлар ханшайымы мен ханзадасы Нургажинова Әйгерім мен Елеукин Нұрасыл

Тлектесова Дильназ:

5 «д» сынып - баклажандар ханшайымы мен ханзадасы

Лұхман Алмас:

5 «е» сынып - қызанақтар ханшайымы мен ханзадасы Жамбыл Жансая мен Қабыкен Мұхамед

Тлектесова Дильназ:

6 «г» сынып - апельсиндер ханшайымы мен ханзадасы Тлектес Асанали мен Мухамедьянова Аружан

Лұхман Алмас:

6 «ғ» сынып - Сабитова Айдана мен Муслим Мерген

Тлектесова Дильназ:

6 «д» сынып

Лұхман Алмас:

6 «е» сынып -

Бір қошеметтеп қояйық!!!!!

1 тур. «Әр жұп өздерін таныстыру» сайысын тамашалайық, ағайын!

Жұптар өздерін таныстырады

Тлектесова Дильназ:

Алма пісті бағымда,

Пісті балдай қауын да.

Жүзімдер тұр мөлдіреп,

Үзер шағың келді деп.

Алтын дәнін сары дала

Құйып жатыр қамбаға.

Күзең кейе береді,

Жер жемісін тереді.

Лұхман Алмас:

Қол шатырлар көбейіп,

Бұлт тұмшалады өңірді.

Келді міне алтын күз,

Аспан жасы төгілді.

Күн қайтадан ашылды,

Ерке- шолжаң бейнесі.

Таңқалдырар адамды

Мың құбылған бейнесі.

2 тур . Вальс биі ( Ханзада мен Ханшайымның орындауында) қабыл алыңыздар.


Тлектесова Дильназ:

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз .

Қала да, дала да

Жанның бәрі жарқын күз .

Балақайлар алақайлап,

Мектеп іші нұрланды.

3 тур. «Өнер көкке жеткізер» өнер сайысы қабыл алыңыздар.

Лұхман Алмас:

Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған,- деп ақын ағамыз жырлаған екен.

Тлектесова Дильназ:

Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлең мен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

Лұхман Алмас:

Қаңғалақ тап құлдилайды жапырақ,

Сарғыш тартып мынау дала, атырап.

Күн шуағын жинай алмай тұрғандай

Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.

Тлектесова Дильназ:

Жемісі мен мөлдіреген бағы бар,

Сары күздің саумал сазы танымал.

Самал желмен баяу ғана толқиды

Сары масақ, қауызында дәні бар.

4 тур. «Модельер» күзгі сән үлгісі!!! (киім, шаш үлгісі) Қабыл алыңыздар.!!!


Лұхман Алмас:

Астық жыры, шаттық жыры

Қырман басы думанды.

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп,

Әр ісіне сүйсінді.

Ән тасқыны, жыр тасқыны

Ырыс болып құйылды.

5тур. Табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесін қабыл алыңыздар.!!!!

Тлектесова Дильназ:

Сары шалғын сыбдырласа белеңде

Салқын тартты сабыр тауып өзенкей.

Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен

Қайтар кезін ойламайын дегендей,- деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

Лұхман Алмас:

Бүгінгі жеңімпаздарымызды марапаттауға әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Келесі кездескенше!


© 2010-2022